Талдықорған: +16°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жұртшылық талабы жол, жарық, тәртіп

18.01.2018
ӘЛЕУМЕТ
Жұртшылық талабы жол, жарық, тәртіп
WhatsAppTelegramFacebook

Қарасай ауданының орталығы – Қаскелең қаласындағы Алтын ауыл орта мектебінің жиынжайында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес қала әкімінің ел алдындағы есебі өтті. Алқалы жиынды аудан әкімінің орынбасары Нұржан Сатубеков ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіне қойылған «2017 жылғы Қаскелең қаласындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы және 2018 жылғы міндеттер туралы» баяндама жасаған Қаскелең қаласының әкімі Әділбек Далабаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауында айтылған: «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы керек!» – деген сөзін тілге тиек ете отырып, өткен жылы атқарылған жұмыстар жайлы мол мағлұмат беріп өтті. Қала басшысы 2017 жылы Қаскелеңге 18 миллиард 719 миллион теңге инвестиция тартылғанын айтып, үлкен мегаполистің экономикалық-әлеуметтік жаңғыруы барысын жан-жақты баяндады. Атап айтқанда, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар, қаланы абаттандыру, электр қуатын жеткізу, көшелерді жарықтандыру, апатты ағаштарды кесу жұмыстары жүйелі жүргізілген. Көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, жаңадан асфальт төсеу, тұрғындарды ауызсумен және көгілдір отынмен қамтамасыз ету бағытында да атқарылған шаралар ауқымды.
Халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе жасаған жұмыстар өз нәтижесін беруде. Осы орайда 11 адамға өз кәсіптерін ашу үшін 55 миллион 850 мың теңге бөлінген. Сонымен бірге әлеуметтік жұмыс орындарына  32 адам орналастырылып, кәсіптік оқуға 166 адам қатысқан. Жастар тәжірибесінен  28 адам өтіп, 196 тұрғын қоғамдық жұмыстарға тартылған. Жалпы, өткен жылы қала бойынша 453 адамның тұрақты жұмыспен қамтылуы жақсы үрдіс болса керек.
Әділбек Қамбарұлы халыққа медициналық қызмет көрсету және білім беру саласында жасалып жатқан игі істер мен болашақта атқарылар жұмыс жоспары туралы да кеңінен баяндады. Әкім назарынан өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы бағытында қол жеткен табыстар да сырт қалған жоқ. Алматы сияқты алып мегаполистің бүйірінде орналасқан ірі елді мекен осы көршіліктен қиындықтар көрумен қатар белгілі бір игіліктерге кенеліп отырғаны да жасырын емес. Бұл қаланың дамуы мен көркеюінен де аңғарылады.
Екінші болып жұртшылық алдына шыққан учаскелік полиция инспекторы Ғазиз Кәрімов жасалынған және ашылған қылмыстар жайлы ұзынсонар баяндаумен мезі етпей, бірден бүгінгі күннің өзекті мәселесі, атап айтқанда – үй ұрлығы мен оның алдын алу жөніндегі  ойларын ортаға салды. Тұрғындардың салғырттығын өз мүдделеріне пайдалануды әдетке айналдырған үй тонаушылары күннің жарығында арам пиғылдарын жүзеге асыратын болған. Бұл жерде бір-бірімен араласуды, жанындағы отбасы үшін алаңдауды мүлдем қойған көршілер мәселесі де айтылып өтті. Соңынан Ғазиз Әкімжанұлы жиналған жұртшылыққа жеке телефонының нөмірін айтып, тәуліктің кез келген уақытында қылмыс пен тәртіпсіздік жөнінде хабар алуға дайын екенін ескертті.
Кезек сұрақ-жауапқа ауысқанда басқосуға келген тұрғындар өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайлы шешіле сөйледі. Атап айтқанда, қаланың шетіндегі көшелерді жөндеу, оларға асфальт төсеу, қараңғы көшелерді жарықтандыру, қаңғыбас иттерді аулау, үйлерге ауызсу мен кәріз жүйесін жүргізу, қала ішінде қатынайтын автобустардың бағдары мен жүйелік кестесін қайта қарау, қоғамдық көлік жүргізушілерінің көп жағдайда дөрекі сөйлеп, оқушыларды отырғызбайтыны, көшелерге тасталынған қоқыстың мезгілімен шығарылмайтыны ашық айтылды. Бұл жерде мектептерде ішінара кездесіп қалатын ақша жинау, тіпті сынып жетекшілерінің жиі ауысатыны да әңгіме өзегіне айналды. Аудан әкімінің орынбасары Нұржан Алмабайұлы өзі бастап, қала әкімі Әділбек Қамбарұлы және жиынға арнайы шақырылған кәсіпорындар мен мекеме басшылары қойылған сұрақтар мен өтініштерге жан-жақты жауап беріп, кемшіліктерді түзетуді бақылауға алатындарына уәде берді.
Жарыссөзге шыққан қала тұрғыны Гүлнар Дүйсембекова мен Қаскелең Мәдениет колледжінің студенті Жандос Пірмағамбетов жұртшылықтың пікірін жеткізіп, әкімнің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Бұл басқосудан қала тұрғындары алдағы атқарылар жұмыстар жайлы «бірінші қолдан» мағлұмат алып, өздерін толғандырған жайларды жеткізуге мүмкіндік алды. Әкімнің ел алдындағы есебінің басты мақсаты да осы болса керек!

Қуат Қайранбаев,

Қарасай ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

05.04.2026
Алаяқтарға аяушылық жоқ

Алаяқтарға аяушылық жоқ

05.04.2026
Есірткі сатып есірген

Есірткі сатып есірген

05.04.2026
Ауылдан күш аламын

Ауылдан күш аламын

05.04.2026
Тіл тазалығы – ортақ мәселе

Тіл тазалығы – ортақ мәселе

05.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.