Талдықорған: 0°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

11.02.2026
ӘЛЕУМЕТ
Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

Фото: Оқу ағарту министрлігі

WhatsAppTelegramFacebook
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Министр өңірлерден келген ұстаздардың, сала ардагерлері мен IT саласы мамандарының ұсыныстарын тыңдады, – деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр қабылдауындағы ең маңызды тақырып жергілікті жерлердегі басқару этикасы мен педагогтердің еңбек құқығының сақталуы болды. Кейбір өңірлердегі мектеп басшылары тарапынан болған әкімшілік озбырлық пен заңсыз жұмыстан шеттету деректеріне қатысты Министр қатаң ұстаным білдірді.

– Ұстаздың қадірі қашқан жерде – ұлттың болашағы бұлыңғыр. Біз мектеп директорларын тек менеджер емес, ұжымның рухани темірқазығы ретінде көреміз. Педагогтің құқығын аяққа таптайтын кез келген бюрократиялық кедергі мен жергілікті жердегі қысымға негізделген басқару әдістеріне министрлік тарапынан тосқауыл қойылады. Әрбір заңсыз шеттетілген маман бойынша тексеру жүргізіліп, әділеттілік қалпына келтіріледі. Біз үшін әр мұғалімнің тағдыры – мемлекеттік маңызы бар мәселе, – деп мәлімдеді Жұлдыз Сүлейменова.

Кездесуде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласынан келген ардагер ұстаздың бастамасымен шағын шаһарда заманауи шығармашылық орталық салу мәселесі көтерілді. Сала министрі ардагердің бұл өтінішін мақұлдады және мәселенің бір күнде шешілмейтінін, жоспарлы процедуралардың бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ашылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында инфрақұрылымды дамытумен қатар, балалардың қосымша біліміне инвестиция салу – басты стратегиялық міндетке айналып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар қоғамдық келісім мен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында инклюзивті коммуникацияны дамыту бағытында ұсыныс айта келген ұстаздар да болды. Олар мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін педагогтерге арналған арнайы курстарды енгізуді, ерекше балалармен жұмыс істейтін педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламасын енгізуді сұрады.

Жұлдыз Досбергенқызы ерекше бала тәрбиелеп отырған азаматтарға жуырда таныстырылған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының мәнін түсіндірді. Ведомствоаралық құжат аясында елімізде инклюзия бағытында осы сала мамандарының біліктілігін арттыру көзделіп отырғанын айтты. Бұл жолы қабылдауда болған белсенді азаматтарды министрлік жанындағы Қоғамдық кеңес құрамына тарту туралы шешім қабылданды.

Қабылдауға келген IT-сектор өкілдері білім беру процесіне жасанды интеллект тетіктерін енгізу мәселесін көтерді, әзірлемелерін таныстыруға ниет білдірді. Министр инновациялық шешімдердің мұғалімнің жүктемесін азайтуға және білім сапасын объективті бағалауға бағытталуы тиіс екенін қадап айтты. Бұл бағыттағы ұсыныстар тиісті құрылымдар тарапынан зерделенетін болады.

Оқулықтар мен әдістемелік құралдардың сапасына қатысты сын айтып, өз оқулықтарын, көмекші құралдарын республика аумағында таратуды сұрай келген педагогтер де болды.

Кездесуде жауапты құрылым басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Қатысты жаңалықтар

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026
 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

11.02.2026
Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

11.02.2026
1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

11.02.2026
Дубайдағы дүбірлі дода: Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік үздіктер қатарында

Дубайдағы дүбірлі дода: Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік үздіктер қатарында

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.