Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ЖЫЛАНДЫДА ҚҰЛМЕТІРЛЕР САЙЫСЫ

03.12.2024
ӘЛЕУМЕТ
ЖЫЛАНДЫДА ҚҰЛМЕТІРЛЕР САЙЫСЫ

Сандық әлем. IT технология. Киберкеңістік. Адамзаттың бағыты осы. Әлем сонда барады. Болашақ сонда болады. Сол әлемнің құрамдас бөлігі Қазақияның да бағдары – цифрландыру. Дейтұрғанмен, біздің қарекет салыстырмалы тұрғыда еңбектеген баланың кейпі. Жуырда Жапония ондаған жыл бұрын апат орын алған Фукусима АЭС-інен роботтың көмегімен сынама алыпты. Өздері құрастырған құлтемір ғой. Әзірге Қазақстанға мұндайдың ауылы алыс деуі мүмкін талайлар. Жо-оқ! Бізде де нейрондар миының мың қатпарында атойлағандар өсіп келеді. Дамып келеді. Оған Алакөл ауданы, Жыланды ауылында өткен роботтар сайысында көз жеткіздік.


Сандық технология десе көпшіліктің көз алдына «Ақылды қала» елестейді. «Smart аялдама», жүргізушісіз көліктер, адам қызметін ауыстырған құлтемірлер сондай қаланың құрамдас бөлігі. Бірақ, «Ақылды ауыл» деген концепция мүлдем атымен жоқ. Қарапайым қала мектептерінде сандық технологияны игеру, робототехникалық зертханалар болуы мүмкін. Ал ауыл үшін оның «ауылы» тым алыс. Дейтұрғанмен, Алакөл ауданындағы Жыланды елді мекенінде орналасқан дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты талай ауылға, оның ішінде ауыл мектебіне үлгі. Робот құрастыру зертханасы жасақталған мектептің Water 7 командасы бірнеше жылдан бері республикалық сайыстарда оза шауып жүр. Ендігі мақсат – халықаралық аренаға шығу. Сол үшін «Zhulandy First Championship» республикалық турнирін өткізуге мұрындық болды. 

Аталмыш құлтемірлер сайысына еліміздің мен-мен деген білім ордаларынан 15 команда қатысуға ниет білдіріпті. Ustem foundation робототехниканы дамыту қорының директоры Асылбек Мұрзахметовтың айтуынша, барлық команда «сен тұр, мен атайын» деген кіл мықтылар. Бірақ, Жыланды құрамасынан өзгесі ірі-ірі қалалардың білім ошақтарынан шыққан командалар. Құлтемірлер додасында сөз алған ZHERSU инвестициялық-өндірістік корпорациясының кеңес төрағасы Бауыржан Оспанов ауылшаруашылығында маман тапшылығы айқын байқалып жатқанын, жастардың егін егу мен мал бағуға құлық танытпайтынын, болашақта осы мәселені роботтардың көмегімен шешуге болатынын жеткізді.

– Жыланды ауылындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында робототехника зертханасы жасақталған. Ауылдың мәселесін ауыл баласы ғана біледі. Осы зертханада білігін жетілдірген балалар саладағы кадр тапшылығын шешуде маңызды қадамдар жасайды. Олар болашақта салаға қажетті автоматтандырылған техникалар құрастырады, – деді Бауыржан Оспанов.

Шара барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев республика бойынша құлтемірлер сайысы бірінші рет ауылда, оның ішінде Жыланды ауылында өтуі Жетісу өңірі үшін үлкен жетістік екенін алға тартты. Робот құрастыруда және сол роботтар сайысында топ жарып жүрген мектеп оқушыларын да шара барысында марапаттады.

Құлтемірлер додасында топ жарған PID командасы Нидерландтағы Benelux чемпионатына жолдама және 400 мың теңге сыйақы еншілесе, 2-орынға қол жеткізген POINT командасы 300 мың теңге сыйақыға және Үндістандағы FIRST Tech Challenge жарысына жолдаманы еншіледі. Ал, SEN командасы 200 мың теңге сыйақыны қанжығасына байлады. Жарысқа қатысушылардың бәрі құралақан қайтпады. Бәріне қаржылай сый-сыяпат көрсетілді.

Дастанбек САДЫҚ
 

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.