Талдықорғанда кейінгі кезде ағашты заңсыз кесу фактісі жиі тіркеліп, оның алдын-алу шаралары жүргізіліп жатыр. Ал рұқсатсыз кескендерге арнайы жаза қарастырылған, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Ағашты заңсыз кесу – бұл жай ғана табиғатқа зиян келтіру емес, экологиялық қауіпсіздікке жасалған қастандық. Бүгінде заңсыз ағаш кесушілер үшін Қазақстан заңнамасында (Әкімшілік кодекстің 381-1 бабы және Қылмыстық кодекстің 340-бабы) қатаң жазалар қарастырылған.
– Қоғамдық орындарда, аулалар мен жол жиектерінде ағаштарды кесу тек белгіленген тәртіпке сай алынған арнайы рұқсат құжаты болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Рұқсатты «eGov» электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Әлеуметтік желілерде таралған заңсыз ағаш кесу фактілері бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан ешқандай рұқсат құжаты берілмегенін хабарлаймыз. Аталған жағдай бойынша ҚР ӘҚБК-нің 381-бабына сәйкес Полиция басқармасы тарапынан тиісті шаралар қолданылатын болады, – дейді Талдықорған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Алмас Барлыбеков.





