Талдықорған: +22°C
$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

AI & Digital Bridge 2026 форумында қандай келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды

03.10.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
AI & Digital Bridge 2026 форумында қандай келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды
WhatsAppTelegramFacebook

Астанада 1-3 қазан аралығында AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы өтіп жатыр. Ауқымды іс-шара аясында жасанды интеллект, цифрлық активтер, дата-орталықтар, білім беру, цифрлық денсаулық сақтау, венчурлық қаржыландыру және халықаралық технологиялық ынтымақтастық бағыттарында бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Форум мемлекеттік органдар, технологиялық компаниялар, қаржы ұйымдары, университеттер, инвесторлар мен халықаралық серіктестер арасындағы практикалық ынтымақтастықты дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.

Цифрлық активтер саласындағы ынтымақтастық

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен MEX Group Worldwide Limited (MultiBank Group, БАӘ) цифрлық активтер және таратылған тізілім технологиялары саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Құжатқа ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтурсынов пен MultiBank Group бас коммерциялық директоры Марк Аспиналл қол қойды.

Тараптар цифрлық активтерді реттеу мәселелері бойынша сараптамалық қолдау көрсетуге, цифрлық активтер нарығы мен таратылған тізілім технологияларын дамытуға, сондай-ақ өңірлік криптохаб құру бағытында АХҚО-мен бірлесіп жұмыс істеуге ниетті.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерде блокчейн технологияларын қолдану және азаматтардың қаржылық әрі технологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған білім беру жобаларын іске асыру жоспарланған.

MultiBank Group Қазақстанда өңірлік кеңсе ашып, жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлап отыр. Компанияның мәліметінше, ынтымақтастық аясында Қазақстанға $30-40 млн көлемінде инвестиция салу көзделген.

«Қазпошта» цифрлық активтер мен ислам қаржыландыруын дамытуға ниетті

«Қазпошта» АҚ Abhibha Technologies Pte. Ltd. компаниясымен цифрлық активтер және оларға қатысты технологиялар саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар «Қазпоштаның» мобильді қосымшасына цифрлық активтерге қол жеткізу шешімдерін енгізу мүмкіндігін зерттемек. Сондай-ақ өнімдерді іске асыру тетіктері, заңнама талаптары және техникалық интеграция мәселелері қаралады.

Бұдан бөлек, Еуразиялық даму банкі мен «Қазпошта» АҚ бөлшек клиенттерге арналған исламдық қаржыландыру қағидаттарына негізделген цифрлық тұтынушылық қаржыландырудың пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі техникалық жәрдемдесу туралы меморандумға қол қойды.

Бес университет «AI+X» моделі бойынша маман даярлайды

А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақ жасанды интеллект зерттеу университеті, Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті университеттер консорциумын құруға келісті.

Консорциум «AI+X» кадр даярлау моделі бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруға бағытталады. Негізгі мақсат – түрлі кәсіби және салалық бағыттарда жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдана алатын мамандар даярлау.

Университеттер мен технологиялық ұйымдар арасындағы серіктестік

Нархоз университеті мен «CYBERPACK» ЖШС білім беру және технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат ғылыми-техникалық өзара іс-қимылды дамытуға, жастардың зерттеу және жобалау бастамаларын қолдауға, талантты студенттерді анықтап, дамытуға және бірлескен білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға бағытталған.

Ал Astana IT University мен «SOLANA SUPERTEAM KZ» корпоративтік қоры блокчейн технологиялары, Web3 және Solana экожүйесі бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Серіктестік аясында студенттердің практикалық дағдыларын дамыту, цифрлық экономикаға қажетті мамандар даярлау, білім беру бағдарламаларын, хакатондар мен технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бастамаларды іске асыру көзделген.

Қазақстанда жаңа дата-орталық салынады

2 қазанда форум аясында «Қазақтелеком» АҚ, «КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС және FireBird AI KZ LTD дата-орталық құрылысын бастау туралы келісімге қол қойды.

Жоба цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, есептеу қуаттарын кеңейтуге және Қазақстанда жасанды интеллект технологиялары мен бұлтты сервистерді енгізуге қажетті жағдай қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен бірге «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамдық бірлестігі және FireBird AI KZ LTD арасында қазақ тілін жасанды интеллект саласында дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Тараптар қазақ тіліндегі ЖИ технологияларын дамыту мен ілгерілетуге, сондай-ақ бірлескен технологиялық бастамаларды зерделеп, іске асыруға ниетті.

Alatau City Authority қаржы және технологиялық компаниялармен келісім жасасты

Alatau City Authority «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Хуавей Текнолоджиз Казахстан» ЖШС, Bybit Limited / Bybit Kazakhstan, Binance Kazakhstan және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен жекелеген ынтымақтастық меморандумдарына қол қойды.

Келісімдер Alatau City аумағында цифрлық қаржы технологиялары мен инновацияларды дамытуға, сондай-ақ әлеуетті технологиялық жобаларды іске асыруға бағытталған.

Қазақстан мен Грузия цифрлық үкімет саласында тәжірибе алмасады

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Грузияның Цифрлық үкімет агенттігі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар электронды үкімет пен цифрлық трансформация бағытында тәжірибе алмасуға, бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ сараптамалық және техникалық қолдау көрсетуге уағдаласты.

QazInnovations пен Башқұртстанның ІТ қауымдастығы ынтымақтастықты күшейтеді

«QazInnovations» ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі» АҚ пен Башқұртстан Республикасының Ақпараттық технологияларды дамыту қауымдастығы инновациялар, цифрландыру, технологиялық кәсіпкерлік және технологияларды коммерцияландыру салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Тараптар бірлескен кездесулер мен жұмыс топтарын ұйымдастырып, ақпарат және озық тәжірибе алмасуды, сондай-ақ екі өңірдің инновациялық экожүйелерін дамытуға бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді көздеп отыр.

Инвестиция және цифрлық денсаулық сақтау

Өзбекстандық DOMiNO Ventures пен Paidax брокері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат инвестициялық және технологиялық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар Medhub Health AI Quality (HAQ) коммерциялық емес ұйымы «NeuroGuard AI» ЖШС-мен және цифрлық денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшы Махмуд Әділмен өзара түсіністік туралы меморандумдар жасасты.

Келісімдер клиникалық зерттеулер жүргізуге дайын орталықтарды құру, медициналық деректер алмасуды реттеу бойынша халықаралық тәжірибені пайдалану, сондай-ақ цифрлық денсаулық сақтау саясаты мен басқару жүйесін дамыту бағыттарын қамтиды.

AI & Digital Bridge 2026 аясында жасалған келісімдер жасанды интеллект пен есептеу инфрақұрылымынан бастап цифрлық активтер, білім беру, цифрлық денсаулық сақтау, инвестиция және халықаралық технологиялық ынтымақтастыққа дейінгі бағыттарды қамтып отыр.

Форумның негізгі мақсаты – жасанды интеллект пен цифрлық экономиканың даму үрдістерін талқылаумен қатар, нақты жобаларды іске қосуға, инвестиция тартуға және мемлекет, бизнес, ғылым мен технологиялық компаниялар арасындағы серіктестікті кеңейтуге жағдай жасау.

Форум туралы

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы Астанада 1-3 қазан аралығында өтуде. Ол AI MONTH ауқымды бастамасының негізгі халықаралық іс-шараларының бірі.

Форумға жаһандық технологиялық индустрия, мемлекеттік органдар, бизнес, ғылыми қоғамдастық, инвесторлар мен стартаптар өкілдері қатысуда.

Іс-шараны ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері және Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр.

Форумның алтын серіктестері – Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ. Күміс серіктесі – Halyk Bank, бизнес-серіктесі – Beeline Қазақстан, қола серіктесі – Yandex Qazaqstan. Телеком-серіктесі – «Freedom Telecom Operations» ЖШС, технологиялық серіктестері – «Транстелеком» АҚ. Ресми әуе серіктесі – Air Astana.

Қатысты жаңалықтар

ББасты мақсат – тұғырдан түспеу

ББасты мақсат – тұғырдан түспеу

03.10.2026
Жетісуда жылыту маусымы 15 қазанға дейін басталмақ

Жетісуда жылыту маусымы 15 қазанға дейін басталмақ

03.10.2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

03.10.2026
Радиациялық қауіпсіздікті бақылайтын жаңа орталық ашылды

Радиациялық қауіпсіздікті бақылайтын жаңа орталық ашылды

03.10.2026
Қорғаныс саласында ауқымды кадрлық өзгерістер

Қорғаныс саласында ауқымды кадрлық өзгерістер

03.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.