Талдықорған: +13°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ҚОЛ

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

30.03.2026
АЛТЫН ҚОЛ, ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында егіс науқаны жалғасып жатыр. Көктемгі дала жұмыстары ауа райының жағдайына қарай өңірдің жеті аудан-қаласында жүргіп жатыр. Жалпы, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 511,8 мың гектарды құраса, соның 387 мың гектары көктемде себіледі, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, бүгінгі күнге, 43,3 мың гектар сүдігердің ылғалы жабылды, 19,2 мың гектар көп жылдық шөптер тырмаланды, 21,8 мың гектар жер жыртылды.

— Қазіргі кезде облыс бойынша 2275 га егін егілді, соның ішінде Ескелді, Көксу, Кербұлақ, Панфилов аудандарында бидай, арпа, мақсары, көпжылдық шөп себілді. Қант қызылшасын себу шамамен 5 сәуірден басталып, 10 мамырға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Оған облыс бойынша жалпы 124 сепкіш дайындалды. Көктемгі дала жұмыстарына тартылатын 20,3 мың бірлік техника толығымен жөндеуден өтті. Қазіргі кезде 391 шаруа қожалығы 18,7 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алды, сол сияқты операторлар 1,4 мың тонна арзандатылған дизель отынын сатып алды. «Кең дала» бағдарламасы бойынша осы жылы көктемгі дала жұмыстарына 10,8 млрд. теңге бөлінді. Соның арқасында бүгінгі күні 178 шаруашылыққа 4,4 млрд. теңге несие берілді, — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Шампиков.

Егіс науқанына кіріскен шаруашылықтардың бірі Кербұлақ ауданындағы  «Қарашоқы» ЖШС.

– Біздің шаруа қожалығы Сарыбастау ауылдық округінде орналасқан. Қазіргі таңда көктемгі егіс жұмыстарына 23 техника тартылып, шамамен 70 адам жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде 2,5 гектар жерге мақсары ектік. Сонымен қатар күнбағыс, картоп, жүгері және жаздық арпа егуді жоспарлап отырмыз. Көктемгі егіс науқанына 200 тонна арзандатылған дизель отынын алдық, – деді серіктестік директоры Алдан Бекиев.

Сол сияқты Ақсу ауданындағы «Жетісуагрокомплекс» ЖШС-да да көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

— Егін егу жұмыстарын 22  наурыздан бастадық. Биыл шаруашылықта жалпы 1475 га жерге дақыл себеміз деп жоспарлап отырмыз. Оған күнбағыс, соя, жүгері, қант қызылшасы себіледі. Қазір ылғал жабу жұмыстары жүріп жатыр. Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген бағамен жанармай, тыңайтқыштарды алып жатырмыз, — дейді серіктестіктің басқарушы директоры Қанат Санияз.

Жалпы биылғы жылдың көктемгі дала жұмыстарына 240 шаруашылық  7,3 млрд. теңге несие алып, қажетті тұқымын, жанар-жағар майын, минералдық тыңайтқыштарын сатып алуда. «ҚазАгроҚаржы» филиалына 15 млрд.теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күні 4,5 млрд. теңгеге өтінім түсіп, 1,5 млрд.теңгеге 53 техника сатып алынды.

Атап өтсек, Жетісу облысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жүйелі ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тұқыммен, тыңайтқыштармен, жанар-жағармаймен және ауыл шаруашылығы техникасымен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету қарастырылған.

Қатысты жаңалықтар

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

30.03.2026
«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

30.03.2026
«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

30.03.2026
Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

30.03.2026
Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.