Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Алғашқы алтын

02.08.2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Алғашқы алтын
WhatsAppTelegramFacebook

Спорттағы кез келген көрсеткіш, оң нәтиже кездейсоқ болмайтындығы белгілі. Сарыла жеткен жетістік қашанда бағалы. Ел үшін алғаш болып белгілі бір спорт түрінен алтын алып, тарих беттерін жаңарту – зор мәртебе. Маусым айында семсерлесуден Нью-Делиде (Үндістан) өткен Азия чемпионатында қарсылас шақ келтірмеген Қазақстан құрамасы осы жолы Гонконгта болған Әлем чемпионатында топ жарды. Бұл жаһан жарысынан алған еліміздің тұңғыш алтыны. Әр жарыс сайын тауыстай түрленіп келе жатқан ұлттық құрама спортшылары дәл осы нәтижемен шектеліп қалмайтындығы анық.

Әлем чемпионатында өз еліңнің намысын абыроймен қорғау – мақтаныш. Осыған дейінгі жарыстарда алтынға сынық сүйем қалғанда сүрініп, бір әттеген-ай іште кететін семсерлесушілеріміз осы жолы тарихи нәтижеге қол жеткізді. Ерлік Сертай, Руслан Құрбанов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов төрттігі Гонконгта өткен Әлем чемпионатында шпага бәсекесінде жеңіске жетті. Финалда Украина семсерлесушілері Никита Кошман, Евгений Макиенко, Роман Свичкарь, Михаил Краснюкпен сайысқа түсті. Бесінші раундта Вадим Шарлаимов аяғын жеңіл жарақаттап алып, медициналық үзіліс жасауға мәжбүр болды. Соған қарамастан бапкер оны алмастырмай, үзілістен кейін Шарлаимов төрт ұпайлық сәтті серия жасап, командасының басымдығын арттырды. Кездесудің соңына қарай Украина құрамасы есеп айырмасын екі ұпайға дейін қысқартты. Жарақатына байланысты Вадим Шарлаимов финалдағы соңғы жекпе-жегіне шыға алмады. Оның орнына елдегі Әлем чемпионаттарының жеке сынында жүлде алған жалғыз семсерлесуші Руслан Құрбанов шықты. Соңғы айқас алдында Қазақстан құрамасы бес ұпай басымдыққа ие болды. Шешуші жекпе-жекке 19 жастағы Кирилл Проходов шығып, жауапкершілікті сәтті еңсеріп, матчты жеңіспен аяқтады. Тоғыз жекпе-жектің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының пайдасына 45:40 есебімен аяқталды. Бұл – Қазақстан ерлер командасы үшін жалпы Әлем чемпионатындағы алғашқы финал. Осыған дейінгі үздік көрсеткіш – былтырғы қола медаль. Қазақстан бір жыл бұрын Грузия астанасында өткен додада әлемдік деңгейдегі көшбасшы Францияны ұтып, тарихи қола жүлдені алған еді. Ал 2023 жылы Руслан Құрбанов жекелей сында қола медальға ие болды.

Гонконгта Қазақстан құрамасы 1/16 айналымда Финляндияны 45:39, 1/8 кезеңде Өзбекстанды 28:27, ширек финалда Данияны 45:36, жартылай финалда Мысырды 41-32 нәтижесімен жеңді. Дәл қазір еліміздің ерлер құрамасы әлемдік рейтингте 5-орында тұр. Бір ай бұрын Үндістанда өткен Азия чемпионатының финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегерлері Жапония құрамасын 45:40 есебімен тізе бүктіріп, тұғыр бигінде тұрды.

Әлем чемпионатындағы алтыннан кейін іле-шала Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларды жеңіспен құттықтады. Мемлекет басшысы өз жазбасында семсерлесушілердің ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі спорттық шеберліктің, болаттай берік мінез бен командалық рухтың айқын көрінісі екенін атап өтті. Одан бөлек жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Спорттағы статистикаларды түзіп, нақтылай отырып жазатын Есей Жеңіс-ұлы: «Ерлік Сертай – әлем чемпионы атанған қырық бірінші қазақ ұланы. Ол бұған дейін қазақ баласы топ жарып көрмеген спорт түрінен әлем чемпионы атанды. Бұған дейін қазақ спортшылары грек-рим күресі, су добы, қазіргі бессайыс, велотрек, бокс, дзюдо, еркін күрес, ауыр атлетика сияқты спорт түрлерінен топ жарған еді. Ерлік – командалық сындардан әлемде үздік атанған екінші батырымыз. Оған дейін 1982 жылы Тимур Досымбетов қазіргі бессайыстан КСРО құрамасы сапында әлем үздігі атанды. Ол Анатолий Старостин, Евгений Липеевтермен бірге командалық сында ең биік тұғырға шықты», – дейді.

Шпагашылардың тарихи алтынынан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері украиналық маман Александр Горбачук: «Финалда өте қиын болды. Шамамен 20 команданың барлығы бірдей деңгейде, кейде жеңісті бір ғана соққы шешеді. Кішкентай қателік команданы жеңіске жету мүмкіндігінен айырады. Үлкен күш талап етілді, жігіттер шыдады. Ауысымдар болды, Руслан Құрбанов уақтылы келіп көмектесті. Жігіттер бүгін ерлік жасап, төтеп берді. Бұл жайдан-жай емес, мұндай жеңіс көктен түспейді. Бұл – үлкен еңбек, жақсы дайындық, сапалы оқу-жаттығу жиындары мен спарринг-серіктестердің нәтижесі. Әлемдік семсерлесу спортында, әсіресе шпагада бәсекелестіктің өте жоғары екенін ескерсек, жігіттер керемет нәтиже көрсетті. Өткен жылы Әлем чемпионатында 3-орын алған едік. Содан кейін егер қола ала алсақ, онда алтын да қолымыздан келеді деген түсінік болды. Кез келген медаль – үлкен жетістік, ал алтынның жөні бөлек. Мен Жапония құрамасымен 15 жыл жұмыс істедім, олимпиаданың алтын медалі де болды, бірақ командалық сайыстағы Әлем чемпионатының алтын медалі болмаған еді. Енді мен үшін бұл нәтиже – тарих. Қазақстан тарих жазып жатыр. Бұл жігіттерден бөлек, бізде басқа да жас шпагашылар бар. Мысалы, Никита Жулинский Әлем чемпионаты қарсаңында жарақат алып қалды. Сондай-ақ халықаралық турнирлерде жоғары деңгейде семсерлесетінін көрсеткен және командада орын алуға лайық екендерін дәлелдеген Александр Федотов пен Кирилл Павлов та бар. Қазір бізде демалыс болады, содан кейін келесі маусымға дайындық басталады. Жігіттер бұл құрамада болуға кімнің лайық екенін бәсекелестік пен жұмыс арқылы дәлелдеуі тиіс», – деді.

Рас, Александр Горбачуктің келуімен көп жағдай өзгергендей. Құрамаға іріктеу, оған мүше болғандардың лайықты өнер көрсетуі тікелей жаттықтырушыға байланысты. Тактикалық жүріс, қысыл-таяң тұста ұтымды шешіп қабылдап, команданы өрге сүйрейтін де бапкердің біліктілігі. Семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасын алда Азия ойындарындағы үлкен сын күтіп тұр. Қазақстан құрамасы командалық сайыста 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының финалдық кездесуде Жапониядан жеңілген еді. Биыл сол кеткен есені, жіберген қателіктен қорытынды шығаратын сәт. Ал біз өз кезегімізде семсерлесушілерімізге сенеміз.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Алғашқы алтын

Алғашқы алтын

02.08.2026
Жастарға серпін берген

Жастарға серпін берген

02.08.2026
Құрылтай – ұлтты ұйыстыратын ұлы дәстүр

Құрылтай – ұлтты ұйыстыратын ұлы дәстүр

02.08.2026
Қыз қадірі қай деңгейде?

Қыз қадірі қай деңгейде?

02.08.2026
Қаланың қанатты тұрғындары

Қаланың қанатты тұрғындары

02.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.