Талдықорған: -7°C
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

19-ШЫ ОЙЫНДАР ТАРИХҚА АЙНАЛДЫ!

08.10.2023
АЛТЫН ТҰҒЫР
19-ШЫ ОЙЫНДАР ТАРИХҚА АЙНАЛДЫ!
WhatsAppTelegramFacebook

Қытайдың Ханжоуында өтіп жатқан 19-шы Азия Ойындарының Бас Баспасөз Орталығы осы 16 күнде құмырсқаның илеуіндей қайнады да жатты. Азиадаға келген спортшылардың саны он мыңнан едәуір асып жығылатынын білеміз,әй,соларды насихаттауға келген менің әріптестерім де дәл сол он мыңның маңына жетіп жығылатын шығар.  Әрі солардың бәрі бір мезетте жұмысқа кіріскенде тау қопарылып,өзен  өзге арнаға көшірілгендей болады.

Баспасөз орталығының іші сапырылысқан адам: біреу жазып жатыр,біреу сызып жатыр,біреу суретке түсіріп жатыр,біреу суретке түсіп жатыр,біреу телеарнаға жазып жатыр,біреу радиоға сөйлеп жатыр,мыңдаған адам соларға сусын,тәтті тасып беріп әлек…  Қарап отырсаң тура бір құмырсқаның илеуі!    …Осындай бір сәтте Орталықтың атшаптырым ауласына шығып едім,күніне жүз жаңалық жария етіп жататын Ұйымдастыру Комитеті  әлгі алаңға әдемі шыны  жәшіктерді орнатып жатыр екен.  Журналистік қызығушылық,дәлірек айтсам,исшілдік,әлгілерді зерттеп қарай қалдым.  Әдемі жәшіктердің бәрінің ішінде бір ғана зат бар екен: ол — Азия Ойындарының алауын алып жүруге арналған сауыт-құты,яғни факел.  Бірақ бәрі әртүрлі!  Зерттеп қарағанда байқадым: ол сонау 1951 жылы өткен бірінші Азия Ойындарынан бастап,2022 жылы(қателескен жоқпын,бұл Ойындардың өту жылы да 2022,медельдардағы жазу да 2022 жыл.-Н.Ж.) бүгінгі 19-шы Азия Ойындарына дейінгі факелдер екен.  Яғни,бұл орнатылған жәшіктер жиынтығы — тарихи КӨРМЕ боп шықты!   …Сұлтанмахмұт  Торайғыров атамыздың бір өлеңінде,мағынасы басқа болса да.айтатыны бар ғой: «…Кесені қолыма алып,қарай бердім,Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп!» дегеніндей,мен де әлгі бір-бірінен аумайтын тауықтың балапандарындай шыны жәшіктерді зерттей бастадым…

Бірінші жәшікте сонау 1951 жылы Нью-Делиде өткен тұңғыш Азия Ойындарының факелі(суреті бар!) орналасыпты.  Ең соңғы жәшікте бүгінгі Ханжоуда өтіп жатқан 19-шы Азия Ойындарының факелі(суреті бар!) қойылыпты.  Мен тағы бір жәшікті арнайы іздедім: ол — 1994 жылы Жапонияның Хиросима қаласында өткен 12-ші жазғы Азия Ойындарының факелі(суреті бар!).  Ол Ойындарға несіне ғашық болдың дейсіздер ғой: біріншіден,бұл Ойындарға Қазақстан спортшылары өз Тәуелсіздігін алғаннан кейін тұңғыш рет қатысқан!  Екіншіден,осы Ойындарға мына мен де Қазақстан спорттық тобының Баспасөз хатшысы болып барып,куә болған едім! 
   
Сонымен,тура мен дүние есігін ашатын 1950 жылы жазда өтуге тиіс бірінші жазғы Азия Ойындары дайындығында селкеуліктер болған соң келесі 1951 жылдың көктемінде,яғни наурыз айында өтті.  Қызықты қараңыз: бұл Ойындарға 11 елден небәрі 489 спортшы қатысты!  Жарыс небәрі спорттың 8 түрінен өткен еді. Барлық медальдар саны 169 ғана.  Одан да қызығы: осы елдер арасынан Ойындарға ең көп спортшы жіберген ел Ауғанстан(!)  болды — 222 спортшы!  Тіпті жарыс өткізіп жатқан Индияның өзі Ойындарға 151 спортшы ғана қоса алды.  Үшінші көп спортшы жіберген Жапония елі еді — 72 спортшы.  Соған қарамай,Жапония спортшылары елден ерекше 60 медаль жеңіп алып,командалық бірінші орын алды! Екінші Индия — 51 медаль,үшінші Иран — 16 медаль.

…Осылай тарихи жолын бастаған жазғы Азия Ойындарының келесісі Манилада,үшіншісі  Токиода өтті.  Осы 19 Ойындардың астаналарын санамалап шыққан жөн шығар: 1962-Джакарта,1966-Бангкок,1970-Бангкок,1974-Тегеран,1978-Бангкок,1982-Дели,1986-Сеул,1990-Бейжін,1994-Хиросима,1998-Бангкок,2002-Пусан,2006-Доха,2010-Гуанжоу,2014-Ичхон,2018-Джакарта,2022-Ханжоу. Беттері аулақ,табиғи апат,соғыстарға байланысты Ойындар да тоқтайтыны белгілі,Мысалы,2020 жылы өтуге тиіс жазғы Олимпиада Ойындары 2021-де,ал,мына өткен жылы болуға тиіс 19-шы Азия Ойындарының биыл өтіп отырған себебі содан.  

…Ханжоу ареналарында өтіп жатқан соңғы сайыстарға қатысы жоқ болса да бұл тарихтарды білу қызық. Осы Ханжоуға келген алғашқы күнгі жазбамда айттым ғой: мен жаңалық қуып,қызыл танау болмаймын. Қанша пысық болсам да бүгінгі интернеттен жылдам емеспін.  Сондықтан да мен Ойындардағы қазақстандық спортшылардың жеңіс-жеңілістеріне талдау ғана жасап жүрдім және мына тарих секілді қызықты деген тақырыптарды бөліп алып,көрсетіп жүрдім. 

Бүгінгі Ойындардың медаль қоры 1600-ден асады!

…Бұл 19-шы жазғы Азия Ойындары да тарих қойнауына енді.  Орнында тұра беретін еш нәрсе жоқ.  Бәрі қозғалыста,бәрі алға жылжи береді.  Аталарымыз айтқандай: «Туған ай туралған етпен бірдей!» десе,оның жанында жарты айға ғана созылған 19-шы жазғы Азия Ойындары немене,Басталды — Аяқталды!  …Е,оған несіне мұңаямыз,Ойындардың бірі аяқталса,енді төрт жылдан соң келесісі келеді.  Өкініштісі адам өмірі ғой: Басталады — Аяқталады!  Бірақ қайта жалғаспайды…  Аман-есен болыңыздар,менің жеке Жанкүйерлерім мен Оқырмандарым!!!

Несіп Жүнісбайұлы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанға жаңа атом электр станцияларын салу қажет

Атом энергиясы жөніндегі агенттік: Бір жылдық есеп пен «Балқаш» АЭС жобасы

20.03.2026
Айт намазы оқылды: Мұсылман қауымы ұлық мерекені тойлауда

Айт намазы оқылды: Мұсылман қауымы ұлық мерекені тойлауда

20.03.2026
«Ұлттық ойындар керуені» басталды

«Ұлттық ойындар керуені» басталды

20.03.2026
«Жетісу Медиа» халықаралық талап үдесінен шықты

«Жетісу Медиа» халықаралық талап үдесінен шықты

20.03.2026
Нұрғали Нүсіпжанов жүрегіне ота жасатты

Нұрғали Нүсіпжанов жүрегіне ота жасатты

20.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.