Талдықорған: +14°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

2026 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі

20 мамыр 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
2026 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі

©ФИФА

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан телерадиокорпорациясы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарын ел аумағында көрсету құқығын ресми түрде сатып алды. Отандық жанкүйерлер төрт жылдың басты додасын Qazaqstan және Qazsport телеарналары арқылы тікелей эфирде тамашалай алады. Сонымен қатар онлайн трансляциялар Qazaqstan.tv, Qazsporttv.kz сайттарында, сондай-ақ арнайы мобильді қосымша мен Birge.tv платформасы арқылы қолжетімді болады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы дүниежүзілік дода 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді деп жоспарланған. Футбол тарихында тұңғыш рет мундиал бір мезетте үш елдің, атап айтқанда АҚШ, Канада және Мексика стадиондарында ұйымдастырылады. Тағы бір тарихи ерекшелік биылғы біріншілікке алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады. Осылайша жанкүйерлер бұрын-соңды болмаған тартысты әрі ауқымды футбол мерекесінің куәсі атанбақ.

Жарыс шарты бойынша 48 команда төрт құрамадан 12 топқа бөлінген. Плей-офф кезеңіне әр топтан үздік нәтиже көрсеткен екі командамен бірге үшінші орын алған ең үздік сегіз құрама жолдама алады. Жаңа ережеге сай доданың плей-офф кезеңі бірден 1/16 финалдан басталады және бұл сынға 32 құрама жолдама алады. Әр кезеңде командалар бір ғана матч өткізіп, жеңілгені жарыс жолынан шығып отырады.

Топтардың құрамы да өте тартысты қалыптасқан. Мәселен К тобында көршілес Өзбекстан құрамасы Португалия, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасымен күш сынасады. А тобында турнир қожайыны Мексика ОАР, Оңтүстік Корея және Чехиямен кездессе, D тобында АҚШ құрамасы Парагвай, Австралия және Түркиямен шеберлік байқасады. Футбол жанкүйерлері үшін бұл жаз нағыз спорттық шоуға толы болмақ.

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.