Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Монғолияның астанасы Ұланбатырда құсбегіліктен II әлем чемпионаты өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы
Аталмыш жарысқа 10 мемлекеттен 30-дан астам құсбегі қатысып, өз шеберліктерін сынға салды.
Ал еліміздің намысын Қазақстан құрамасының атынан 3 спортшы қорғаған. Оның ішінде Абай облысы, Үржар ауданының тумасы Ерзат Байқадамов жүлдегер атанып, қоржынға күміс сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі I орынды Серік Жеңісбек (Моңғолия), II орын – Ерзат Байқадамов (Қазақстан), IIIорын – Бүркітхан Хайзым (Моңғолия) иеленді.





