Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Алатаудағы алапат айқас

05.12.2016
АЛТЫН ТҰҒЫР
Алатаудағы алапат айқас
WhatsAppTelegramFacebook

Қарт Алатаудың қы­рандары қайсарлығын тағы көрсетті. Ешкімге бас имеген заңғар тау тізе бүкпеді. Қарсы келгенге қасқайып тұрып қайрат көрсетті. Алматының төрінде, Алатаудың баурайында «Алматы арена» спорт кешенінде қазақ күресінен «Еуразия барысы» өтті. Сегіз елдің кіл мықтыларын жинаған Алматы бозкілемі жанкүйерлерді дүр сілкіндірді. Алыптардың айқасын Алматы қаласы бірінші рет қабылдап, осымен төртінші мәрте жалауы желбіреген дода көпшіліктің көкейінде қалатыны сөзсіз. Бұған дейін екі мәрте жеңіс туын желбіреткен қазақ балуандары бұл жолы да намыс­ты қолдан бермеді. Жиналған он екі мың көрерменнің алдында жан алып, жан беріскен балуандар жанарымен жер шұқымай кеудесін тік ұстап, жарқын жеңіс сыйлады.

Сонымен Алматы қаласының төріне жайылған боз- кілемде Моңғолия, Украина, Тәжікстан, Польша, Грузия, Өзбекстан, Ресей және Қазақстан мемлекетінің құрама командасы бақ сынады. Сегіз елдің балуандары сегіз салмақта шеберлік байқасты. Қос қанатта тігілген қазақ үйдің ішінен туларын желбіретіп шыққан құрама командалар ортада сап түзеп, жеребе тартты. Әр команда қарсыластарын анықтап, күреске кірісті.Бірінші болып бозкілемде Өзбекстан мен Грузия мем­лекетінің балуандары ай­қас­ты. Ала шапанды ағайындар Қап тауынан келген балуандарға айтарлықтай қар­сылық көрсете алмады. Алғашқы белдесуін әдемі бас­тағанымен жеңіл салмақтағы өзбек балуа­ны жарақат алып, жарыс­тан шығып қалды. Қоржындарына бір ұпайды салған грузиндер қарқын алды. Қарсы келгенді қағып салып, балуандары таза жеңіске қол жеткізіп отырды. Тек соңғы ең ауыр салмақтағы балуаны мен 60 келіде белдескен балуандары ғана есе жіберіп қойды. Әйт­се де жеңістің тізгіні Грузия командасында қалды. Есеп 6-2. Бұдан кейін ортаға Қазақстан құрама командасы мен Польша мемлекетінің балуандары шықты. Сайдың тасындай іріктелген біздің жігіттер польшалықтарды шыбын құрлы көрмеді. Салған жерден ұпай алып, тіпті уақытынан бұрын белдесуді аяқтап отырды. Әсіресе жеңіл салмақтағы балуандардың күресі жан­күйер­лердің айызын қандыр­ды. Әдемі әдісімен талайды тамсандырып, жауырындарын жер иіскетті. Осылайша тер шығарып үлгермеген біздің апайтөстер қарсыластарын 8-0 есебімен ойсырата ұтты. Ендігі кезек моңғол командасы мен тәжік елінің балуандарына келді. Ежелден жауынгер елдің ұрпағы моңғол балуандары қарсыластарын қоғадай жапырды. Осымен төртінші рет бақ сынаған моңғолдар Тәжікстан құрамасын 5-3 есебімен жеңді. Айта кетейік, жарыстың алдында салмақ өлшеу рәсімінде 66 келідегі Моңғол балуанының салмағы артып кеткендіктен жарыс­тан шеттетілген болатын. Бір балуаны кем болса да Моңғолия командасы жеңіске жетті. Тіпті бұл құрама бір рет «Еуразия барысының» бас жүлдесін иеленіп кеткен де болатын. Ал Ресей мен Украина арасындағы бәсекеде Украина командасының бағы жанды. Бозкілемде қарсыластарын атойлап жүріп жеңді. Спортты бейбітшілік десек те, бұл жолғы украиндықтардың өнері тек Ресейге қарсы дайындалып келгендей көрінді. Сонымен есеп 7-1.

Екінші айналымда Қап тауы мен Алатау күш сынасты. Мақаламның басында айтқандай, ешкімге бас имеген қарт Алатау Қап тауына қайсарлық танытты. Қос елдің командасы жан алып, жан берісті. Осымен төртінші мәрте бақ сынаған грузиндер де оңай беріле салмады. Екі елдің балуандары алапат айқас көрсетіп, жанкүйерлерді бір сілкінтіп алды. Біздің жігіттер 6-2 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Финалдық жолдамаға таласқан моңғол балуандары мен Украина елінің командасы ұзаққа созылмады. Адырнадан серпіліп ұшқан жебедей көз ілес­пес әдістер жасаған Моңғолия балуандары Қара теңізді толқытып жіберді. Теңіздің жағасынан келген балуандардың біреуі ғана жеңіске жетіп, командасына олжа салды. Әйтсе де, финалға өте алмады. Есеп 6-2. Сонымен сыралғы қарсыластар тағы да финалда жолықты. Қазақстан құрамасы мен Моңғолия құрамасы алтынға таласты. Одан бұрын қола жүлде үшін грузиндер Украинаны тас-талқан етті. Қалың «швили» жабылып қоланы ешкімге ұстатпады. Қап тауының алты қабыланы бәйгелі болса, Қара теңіздің екі мықтысы еңсесін биіктетті. Осылайша есеп 6-2 тіркеліп, Грузия құрамасы қола жүлдені жеңіп алды. Ақтық айқас, алапат шайқас болды. Жанкүйер­лердің де қолдауы бір толастамады. Жауынгер екі елдің ұрпақтары бір-бірімен тамаша күрес өнерін көрсетті. Алғашқы екі белдесуді біздің жігіттер ұзаққа созбады. Шыға сала әдіс жасап, қас-қағым сәтте қарсыластарының жауырынын жер иіскетті. Таза жеңіске қол жеткізді. Үшінші белдесу болмады. Моңғол құрамасының 66 келідегі балуаны салмағына байланысты жарыстан шеттетілген болатын. Сонымен, үш жеңіс біздің қоржында. Төртінші кездесуде қарсыластар есепті қысқартты. Одан кейінгі екі салмақтағы балуанымыз жеңісті жұлып алды. Ал 100 келіде өнер көрсеткен Мұхит Тұрсынов пен Моңғолия қазағы Серік Бердімұрат арасындағы күрес ұзаққа созылды. Бұрыннан бір-бірін жақсы білетін екі қандас итжығыс болды. Екеуі де әдіс жасатпай кездесудің негізгі уақытын тең аяқтады. Бұған дейін екі балуан дәл осы бәсекеде кездескен болатын. Сол кезде біздің жігіт бауырына жеңісті сыйлап, құрмет көрсеткен еді. Бұл жолы қалай болады дегендер көп болды. Сонымен қоян-қолтық белдесуге жалғасты. Мұнда да бір-бірін жыға алмады ма, жоқ жеңіліске қимады ма, қос бауыр уақыттың аяғына дейін текетіреспен жүрді. Ақыры жарыстың ережесі бойынша Мұхиттан 200 граммға салмағы төмен Серік жеңіске жетті. Ортада тұрып қос қазақтың құшақтасып, құрмет білдіргені көпшіліктің жүрегін толқытты. Ал ауыр салмақта өнер көрсеткен Айбек Нұғымаров­тың өнері жанкүйерлердің делебесін қоздырды. 140 келі салмақтағы моңғол балуанын басынан асыра лақтырған Айбек жарысқа әдемі нүкте қойды. Жауырынымен жерге түскен моңғолдық балуан дүние көз алдында айналып кетіп бара жатқандай күй кешкен шығар. Осылайша жеңіске жеткен біздің барыс­тар доданың үшінші рет алтын тайқазанын қанжығасына байлады. Бұл бәсекеде 55 келіде – Марат Нығыматұллаев, 60 келіде – Ержан Мағауинов, 66 келіде – Бақдәулет Сәбитов, 74 келіде – Aйдос Ғалымов, 82 келіде – Дәулет Пахриддинов, 90 келіде – Айбол Айтбек, 100 келіде – Мұхит Тұрсынов пен  Айбек Нұғымаров ел намысын қорғады.

Жарыс соңында үшінші орын алған Грузия құрамасына 4 млн. теңгенің сертификаты мен қола тайқазанды ардагер балуан Ерғали Мұхиддинов, кәсіпкер Бауыржан Оспанов, дүние­жүзілік күрес федерациясының президенті Серік Төкеев табыс­тады. Екінші орын алған Моңғолияға 6 млн. теңгенің сертификаты мен күміс тайқазанды тұңғыш чемпион Жақсылық Үшкемпіров табыстады. Ал алтын тұғырға көтерілген Қазақстан құрамасына 10 млн. теңгенің сертификаты мен алтын тайқазанды күрес федерациясының президенті Қанат Бозымбаев, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек және доданың авторы Арман Шораев табыстады.

Ришад Тұрғанбаев

Қатысты жаңалықтар

Жаңа туынды

Жаңа туынды

13.03.2026
Қауіпсіздік қалқаны

543 адам тіркелді

13.03.2026
Ел игілігін еселейтін қадам

Ел игілігін еселейтін қадам

13.03.2026
Ойшылдар мұрасы ұлықталды

Ойшылдар мұрасы ұлықталды

13.03.2026
«Ауыл» партиясында жаңа төраға

«Ауыл» партиясында жаңа төраға

13.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.