4-14 қыркүйек аралығында Ливерпуль қаласында өтетін бокстан әлем чемпионатында Қазақстан спортшыларының алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
50 кг (25 боксшы)
Санжар Тәшкенбай 1/8 финалда Хузайфа Ешиш (Иордания) – Луис Руни (Ирландия, 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
55 кг (39 боксшы)
Махмұд Сабырхан 1/16 финалда Амир Мохаммади (Бельгия) – Ортиз (Мексика) арасындағы жекпе-жектің жеңгенімен жұдырықтасады.
60 кг (43 боксшы)
Бейбарыс Жексен 1/16 финалда Лей (Тайпей) – Жунмилардо Огайре (Филиппин) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.
65 кг (40 боксшы)
Ертуған Зейнуллинов 1/16 финалда Хуго Граумен кездеседі. Бұған дейін Астанадағы Әлем кубогының ширек финалында отандасымыз қарсыласынан басым түскен еді.
70 кг (41 боксшы)
Төрехан Сабырхан 1/16 финалда Яче Юсуф Исламмен жұдырықтасады. Егер жеңіске жетсе, 1/8 финалда Үндістан спортшысы Хитеш Хитешпен жолығуы мүмкін.
75 кг (24 боксшы)
Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда Павел Илюша (Украина, Азия чемпионатының жартылай финалисі) – Мохаммад Ноурани (Иран) жұбының жеңгенімен кездеседі.
80 кг (36 боксшы)
Нұрбек Оралбай 1/16 финалда Матвей Ражба (Украина) – Бен Носа Эхис (Германия) жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасады. Финалға дейін Тоқтарбек Таңатқан (Қытай), Жавохир Умматалиев (Өзбекстан), әлем чемпионы Робби Гонзалес (АҚШ) және Куба боксшыларымен кездесу ықтимал.
85 кг (24 боксшы)
Бекзад Нұрдәулетов 1/8 финалда Георгий Кушиташвили (Грузия, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) – Лескур (Хорватия) жұбының жеңімпазымен айқасады.
90 кг (25 боксшы)
Сағындық Тоғамбай 1/16 финалда Айзек Окомен кездеседі.
+90 кг (30 боксшы)
Айбек Оралбай 1/8 финалда Илияс (Түркия) – Исламов (Түркіменстан) жұбының жеңгенімен жұдырықтасады.





