Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

26.07.2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1
WhatsAppTelegramFacebook

Футболдан әлем чемпионаты аяқталды! Чемпионаттың басында болмасам да соңғы нүктесін қойған сәтіне куә болдым. Бұл менің спорт журналисі ретіндегі, футболды сұлудай сүйетін жан ретіндегі басты БАҚЫТЫМ!

Финалда ойнаған Испания мен Аргентина құрама командаларының ойынының бір секундын жібермей көрдім! Ойын соңындағы төбелесті де көрмес көзім көрді… Одан кейінгі жеңімпаз бен екінші жүлдегерлерді марапаттау рәсімін де көзіме жас ала отырып тамашаладым. Испания командасының аспан мен жердің арасында қалықтап жүргенін де, Аргентина командасының, керісінше, қара жерге кіруге тесік таппай, бір қарысқа да толмайтын алаң көгалына бастарын тыға жербауырлаған сәттерін де көзден таса қылмадым. ХХІ ғасырдың қайталанбас футбол тұлғасы Лионель МЕССИДІҢ футболшы ретінде де, адам ретінде де үгітіліп, тастан қиыршаққа айналған сәтіне куә болып, болаттай берік жігерім құм болды, жалғыз жаным қазандағы қызған майға шыжғырылды, Мессимен көгалға «бірге аунадым», Мессимен бірге көз жасыма ерік бердім…

…Бірақ бұл финал жайлы да, финалдан соңғы футболдағы ақылы бар жанды бас шайқатып, жер тепкілетер оқиғалар жайлы да бірден жазбадым. Жаза алмадым! Біріншіден, мына ұлы да улы оқиғалар жайлы алақандай телефонды түртпектеп отырып, түк айта алмас едім. Екіншіден, финалдың 90 минут ойынын, 30 минут тойын өткізіп, үйге беттегеннің орнына, қосқаны бар, қосылғаны бар 150 минут ойынды, оған қосымша 50-60 минут ФУТБОЛ ТОЙЫНЫҢ шабатарқарын көрген басым, осы уақыт бойы стадиондағы 80-мыңнан аса жанкүйердің сіресіп отырып барып, бәрі біткенде тосқауылды бұзып кеткен тау суы секілді қақпаларға лап қойғанында барар жерің түгілі кеудеңдегі жаныңның қайда екенін ұмытып қалатын сәтті бастан кешкенім бар, үшіншісі және ең бастысы, футболды білемін, түсінемін, сүйемін дейтін жандардың өлім түгілі өкпеге қимайтын адамы Лионель МЕССИ көгалда домалап жатқан суреті кеудеде көнергенше, көзден толық тасаланғанша,  бір ауыз сөз жаза алмадым! Жазбадым! Жаза алмайтын едім! Жазбағаным жөн еді! Жазсам да МЕССИ-ҚҰБЫЛЫС жайлы осы бір ширек ғасыр жинаған қазынамды толық ақтара алмас едім! Өйткені, әңгіме әлем чемпионының финалдық ойыны жайлы болса да, жеңген Испания құрама командасы мен жеңілген Аргентина футболшылары туралы болса да, біз, футболды білетін, түсінетін, сүйетін, бүкіл бес құрылықты жайлаған миллиардтаған тірі жандар өзіміз білетін, өзіміз түсінетін, өзіміз сүйетін ФУТБОЛ атты өнерді сол миллиард жандардан артық ойнайтын ТҰТАС БІР ТҰЛҒАНЫ сол миллиардтардың көз алдынан мәгілікке шығарып салып жатқан болатынбыз! МЕССИ өлген жоқ! Ол – өлмейді! Ол кеудесінен жаны шыққан күні де ӨЛМЕЙДІ! Ол – қарапайым доп тебуден Бүкілғаламдық түсінікті адам баласы түсінбейтін дәрежеге дейін шарықтатып шығырып берген ТҰЛҒА! Ол – Лионель МЕССИ – футбол сиқыршысы!!!

Финал бітісімен «Несіптің финалды көргені рас!» дегізу үшін асығыс бірдемелер жазып, жариялай салмағаным жақсы болды: сол Нью-Йорктің түбіндегі Нью-Джерсидегі Метлайф стадионынан Нью-Йоркке, одан Филадельфия арқылы Бостонға жетіп, авиация заңы бойынша кеше ұшып келген нүктеңнен Дубай арқылы (ойланып,ақпарат оқуға көп көмегі тиді – өз басым тұңғыш көрген керемет оқиға: екі араға тынбай 14 сағат ұшқанымыз өз алдына, сол 14 сағатта ұшақтағы 300-ден аса жүргінші әлгі Вай-файмен үйімен де, көршілерімен де тікелей сөйлесіп, видео жіберіп қабылдап отырды! – Н. Ж.) Алматыға жетіп, одан Астанадағы шаңырағыма жеткенім осы… Осы үш сөткенің бас-аяғында әлеуметтік желілерден ол финалдық ойын жайлы да, финалдағы жеңген-жеңілгендер жайлы да, ойынды суреттеудегі солақайлық жайлы да, әсіресе, Месси бастаған команданы «Жетектеген тазының түлкі алмасына…» жеткізе суреттегені жайлы да, Мессидің өзін суға салған күшіктей қылып көрсетіп,соған айыздары қанып отырған футболдағы «соқыр» жандардың ысқылаған алақандарының сусылын да білгенім жақсы болды. Енді ол оқиғаларға финалдың бас-аяғы жайлы айта отырып,сол миллиардтың бірі ретінде, бірақ бір ауыз сөз айту үшін 100 ойланып, 1000 толғанып барып сөйлейтін аузы мен ақылына өзі ғана ие жан ретінде жауап бере кететін болдым.

Бүгінге осы жетер. Жолдан да, көтерер тақырыбымның ауырлығынан да көп ойланып отырмын. Енді асығыс жоқ. Болар финал болып,таратылар жүлде таратылды ғой. Ол жақта енді ештеме өзгермейді. Өзгеріс болса футболды білетін, түсінетін, сүйетін жандардың жан дүниесінде болуы мүмкін. Егер өздері соны қаласа. Қаламаса, қала берер. Алла тағаланың өзі бүгінгі жер басып жүрген 8,5 миллиард адамды сөйлесе келе,ойласа келе, таласа келе түсініссін деп 8,5 миллиард түрлі етіп жаратқан ғой. Айтушынікі – ӨТІНІШ. Тыңдаушынікі – ҚАБЫЛДАУ-ҚАБЫЛДАМАУ. Бәрі – Жаратушының әркімнің басына құйған бір уыс сұйығынан. Бұл жолы адам емес, сол СҰЙЫҚ сынға түседі. Келесі жарияланымға дейін бастарыңыздың сол сұйық тұр-ау деген тұсын алақандарыңызбен бір сипап қойыңыздаршы…

Несіп Жүнісбайұлы

Қатысты жаңалықтар

Ұлт саулығын сақтаған

Ұлт саулығын сақтаған

26.07.2026
Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

26.07.2026
Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Болашаққа бағдар

25.07.2026
Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.