Талдықорған: -7°C
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫЛАРЫНА «ХАН ТӘҢІРІ» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

21.12.2021
АЛТЫН ТҰҒЫР
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫЛАРЫНА "ХАН ТӘҢІРІ" СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жылды қорытындылады. Жыл басынан бері үздік көрсеткішке қол жеткізген спортшылардың басын қосқан салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев қатысты. Жиынды жүргізіп отырған Арслан Момышұлы Алматы облысының спортшылары мен бапкерлерін Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтап, алдағы байрақты бәсекеде ел намысын лайықты қорғай берулеріне тілектестігін білдірді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Бұдан кейін спортта үздік өнер көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына биыл тұңғыш рет қолға алынған «Хан Тәңірі» сыйлығы салтанатты түрде табысталды. Марапатқа қол жеткізгендердің арасында Токио Олимпиадасында қола медальді жеңіп алған Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло және әйелдер арасында әлем чемпионатында күміс медальді еншілеген балуан қыз Жәмила Бақбергенова бар. Шарада Олимпиада жүлдегерлері 1 миллион теңгемен марапатталса, Әлем, Азия чемпиондарына 500 мың теңгеден берілді. Сондай-ақ, бірқатар спортшылар мен бапкерлерге және спорт мектебінің директорларына министрліктің Алғыс хаттары мен арнайы төсбелгілер табысталды. «Хан Тәңірі» спортшылар сыйлығы әрдайым ақпараттық қолдау танытып жүретін журналистерге, оның ішінде, әріптестеріміз Ришад Тұрғанбайға, Жұмабай Мұсабековке және Серік Қантайға да берілді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі Жақсыжол Көрпебаев пен Серік Шұқбұтовтың омырауын жарқыратты. Бұдан бөлек облыстық спорт басқармасының арнайы төсбелгілері мен Алғыс хаттары табысталды.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы ішінде Жетісу өңірі әлеуметтік-экономикалық, саяси салаларда ғана емес, спортта да жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Дене шынықтыру мен спорттың белсенді дамуының арқасында спорттық инфрақұрылым желісі кеңейіп, әртүрлі халықаралық жарыстарда қазақстандық спортшылардың жаңа есімдері жарқырай көрінді. Еліміз егемендік алғаннан бері біздің облыстың спортшылары 1996-2020 жылдар аралығында өткен  Олимпиада ойындарында жалпы саны 5 алтын, 6 күміс, 4 қола медальды жеңіп алып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстан Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Бұл сайыстарда Жетісу спортшылары 4 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль ұтып алды. Одан бөлек, облыс спортшылары жүздеген Әлем, Азия чемпионаттарының жеңімпазы атанды.

Осындай ірі жетістіктердің нәтижесі спорттық инфрақұрылымның дамуына да оң әсерін тигізді. Облыста барлық халықаралық стандарттарға сай келетін бірқатар ірі кешендер бой көтерді. Мәселен, солардың қатарында «Жастар» спорт сарайын, «Үшқоңыр» дене шынықтыру-сауықтыру кешенін және ағымдағы жылы есігін айқара ашқан Талдықорған қаласының орталық бассейнін атап өтуге болады.

Облыста жалпы 3856 спорт ғимараты жұмыс істейді. Биылғы жылы облыста 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 127 стритворкаут алаңының құрылысына 361 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда аудандар мен қалаларда 82 алаң қолданысқа берілді, 45 алаңның құрылысы 2022 жылы аяқталады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы бұқаралық спортты дамыту бойынша берілген тапсырмаларына сәйкес облыста ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыста 2021 жылы «Алматы облысының бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығы» КММ-сі  және аудандық, қалалық 20 мекеме ашылды. Бұл — облыста спорт саласы ілгерілеуінің көрінісі.

Тағы бір мақтанарлық жайт, жыл басынан бері облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 2663 медаль (888 алтын, 799 күміс және 976  қола) жеңіп алды. Осындай ауыз толтырып айтарлық көрсеткіштің барлығы Тәуелсіздіктің кезекті жемісі екені анық.

Жиын соңында Токио паралимпада ойындарында төртінші орынға ие болған Раушан Қойшыбаева, үздік бапкер Қайрат Сағадиев сөз сөйлеп, облыс әкімдігі мен спорт басқармасына алғысын білдірді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Онкологиялық аурулардан болатын өлім 14%-ға төмендеді

Онкологиялық аурулардан болатын өлім 14%-ға төмендеді

16.03.2026
Бұрынғы әкім қазір такси жүргізушісі болып жүр

Бұрынғы әкім қазір такси жүргізушісі болып жүр

16.03.2026
Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

16.03.2026
Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

16.03.2026
Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

16.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.