Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында көшпенділер ойындары аясында ұлттық белбеу күресі алыштан (Қырғызстан) ерлер арасындағы кездесулер толық аяқталды. Кілемге шыққан ел құрамасының балуандары жарысты алтынсыз аяқтады.
Ерлер классикалық стиль бойынша алты салмақ бойынша (60 келі, 70 келі, 80 келі, 90 келі, 100 келі және 100 келіден жоғары) сынға түсті. Ерлерден Қазақстан құрамасы алышты 2 күміс, 1 қоламен аяқтады.
100 келі салмақта Бекбол Нұрланұлы финалда өзбек Нодирбек Ахатжоновтан, жеңіл салмақтағы (60 келі) Қалмұхан Тұрмаханбет қырғыз Байаман Абидиновтан жеңілді.
Фото: Серік Қантай





