Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОС ЖҮЛДЕГЕРІНЕ ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

17 тамыз 2021
АЛТЫН ТҰҒЫР
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОС ЖҮЛДЕГЕРІНЕ ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Олимпиада жүлдегерлері Зульфия Чиншанло мен Игорь Сонға Талдықорғаннан пәтер кілтін табыстады. Жетісулық қос жүлдегер Токио төрінен қола медаль еншілеп қайтқан еді. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Қабылдау шарасында аймақ басшысы Амандық БАТАЛОВ төртжылдықтың басты додасы Токио­-2020 Олимпиадасының қола жүлдегерлерін құттықтап, жылы лебізін арнады. Жиында сөз алған Амандық Ғаббасұлы:

— Әлемнің кіл мықтылары бас қосқан додада жүлде алу оңай емес. Сондықтан, Токио төрінде ел абыройын асқақтатқан спортшыларға үлкен алғыс білдіремін. Сендер еліміздің мақтанышысыңдар! Сендердің арқаларыңда байрақты бәсекеде Көк Туымыз желбіреді. Өз басым сендердің Олимпиадада көрсеткен өнерлеріңді көгілдір экраннан үзбей көрдім. Екеуің қола жүлдегер атанғанда ерекше қуандым. Мұнымен тоқтап қалмаңдар, Парижде де ел намысын қорғап, алтын тұғырдан көрініңдер. Ол үшін біз қолымыздан келген көмегімізді аямаймыз, — деп ізгі тілегін білдірді.

Осыдан кейін сөз алған Игорь Сон: «Біздің дүбірлі додаларда орын алуымыз үшін барлық жағдай жасап, қолдау білдірген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен сізге үлкен алғысымызды білдіреміз. Келесі жылы Азия ойындары, одан соң Париж төріндегі Олимпиадаға дайындаламын. Сәтін салса, алдағы жарыстарда еліме алтынмен оралуға тырысамын», ­- деді.

Өз кезегінде облыстық жоғары шеберлік мектебінің ауыр атлетикадан жаттықтырушысы Сергей Седов тау көтерген толағайларға барлық жағдай жасалып жатқанын айтып, болашақта ел намысын қорғайтын чемпион дайындау үшін барын салатынын жеткізді.

Кездесу соңында облыс әкімі Зульфия Чиншанлоға үш, ал Игорь Сонға екі бөлмелі пәтердің кілті мен Алғыс хат берді. Осындай Олимпиада жүлдегерін баптағаны үшін Сергей Седовқа облыс әкімінің Құрмет грамотасы және 2 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін, 09:31

ҰҚШҰ жиыны: Ортақ мүдде мен ұжымдық қауіпсіздікке бағытталған жаңа келісімдер

Бүгін, 09:28
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ» экологиялық хакатоны өткізілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ» экологиялық хакатоны өткізілді

Бүгін, 09:23
«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.