Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 1 наурызда Алматыда жекпе-жек өткізетінін хабарлады.
– Алдағы 1 наурызда Алматы қаласындағы «Балуан шолақ» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кешін өткіземіз. «Qazaq promotion» компаниямыздың мақсаты – Қазақ елінің жастарының рухын көтеріп, еліміздің абыройын асқақтату. Қазақ жауынгерлеріне, батырларына жол ашу. Бүкіл әлемнен Қазақстанға туристерді тарту, көркем қаламыз Алматыны бокс арқылы таныту. Өз ұлдарыңызға, батырларыңызға қолдау көрсетіңіздер, – делі өз сөзінде Қанат Ислам.
Бұған дейін боксшы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпқой бокс кешін ұйымдастыруға қолдау көрсетуді сұрап желіде видео жариялаған еді. Қанат Исламның айтуынша, мұндай спорттық іс-шаралар 2016 жылдан бері өткізіліп келеді, бірақ соңғы жылдары ұйымдастыру бойынша қиындықтар туындаған.
«Жетісу-Ақпарат»
Фото: sputnik.kz





