2024 жылдың 11-14 қаңтар күндері аралығында Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында тоғызқұмалақтан Жетісу облысының ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей чемпионаты өтті.
Облысымыздың барлық аудандарынан келген 80 спортшы тарихымыздағы ең кең тараған ойындардың бірінде өз бақтарын сынады.
Жарыс нәтижесі бойынша Суңқар Советбаев блиц түрінен І-ші орын, рапит түрінен Бауыржан Абдимуратов ІІ-ші орын, Ұлағат Советбай ІІІ-ші жүлделі орындарды алды.
Сонымен қатар 2023 жылдың қорытындысына сәйкес Қаратал ауданы “Үздік аудан” номинациясын иеленіп, спорт саласына өз үлесін қосып жүрген Қаратал ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ермек Торғаев пен жаттықтырушы Ұлық Малибеков алғыс хаттармен марапатталды.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





