Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АРДАГЕР СПОРТШЫЛАР БАҚ СЫНАСТЫ

04.07.2021
АЛТЫН ТҰҒЫР
АРДАГЕР СПОРТШЫЛАР БАҚ СЫНАСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда айдыны тулаған, ақ шағаласы шулаған Алакөл ауданына қарасты Ақши ауылында облыстық бильярд спорты федерациясының, Алакөл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен, құрылыс саласының майталманы, белгілі кәсіпкер, спорт жанашыры, Жақсықұл Мырзахметовтың демеушілігімен ардагер спортшылар арасында «Посейдон» демалыс орнында бильярдтан жарыс өтті.

Жарыстың негізгі мақсаты – туризмді дамыту. Аталған демалыс орнында тек суға шомылып, тамақтану ғана емес, спорттық сауықтыру шарасы да қамтылған. Мұнда теннис, волейбол, футбол секілді спорттық ойындармен шұғылдануға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, туризмнің нағыз сапалы қызметі, келушілердің көңілін көтеруге ойын-сауық, фитнес залы, заманауи СПА, адам денсаулығына пайдасы мол шунгит бөлмесі бар және демалушыны сергітуге арнайы мәдени кештер ұйымдастырылып тұрады. Осындай игілікті істің жаршысы болған Жақсықұл Мырзахметов барша халықты Алакөл жағасына демалуға шақырды.
Екі күнге созылған додаға облыстың әр аумағынан 10 үміткер қатысты. Олардың дені облыс құрамасының мүшелері. 
Шараның ашылу салтанатында сөз алған Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Мәулен Төлеужанов: «Бұқаралық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы біз мығым да мықты, шымыр да ширақ, дені сау ұлт қалыптастырамыз. Бұл ретте спортқа ықыласы бар азаматтардың басын біріктіріп, осындай бәсекелер ұйымдастыру арқылы да талай шаруаның басын қайырмақпыз. Сонымен қатар бүгінгі жарыстың орны ерекше. Айдынды Алакөлдің жағасында «Посейдон» демалыс орнында өту туризмді дамыту, демалушыларға сапалы қызмет көрсету болып табылады », – дей келе қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмат Садиев спорт ұғымына жалпылама тоқталып, әсіресе, қазіргі әлем халқын дүрліктіріп отырған пандемия кезінде шынығып, шымыр болудың артықшылығына тоқталып кетті.
Облыстық бильярд спорты федерациясының төрағасы Тоқтар Есімов: «Бильярд зейіннің зеректігін, сананың алғырлығын талап ететін спорт. Бұнда қателіктерге де жол жоқ. Себебі, сенің әр бұрыс соққың қарсыласыңның ыңғайына жығылып, жеңіске жетуін жеделдетуі де ықтимал. Сондықтан да барынша сақтық пен тиянақтылықты қажет қылатын бильярдта ең алдымен ақылыңды іске қосу керек. Ал біз секілді ардагер споршылар үшін бұның пайдасы зор», – деп аламан басынан шын мықтылар көрінсін деген тілегін жеткізді.
Алматы облысының Құрметті азаматы Мұхтар Жолжанов та өзінің ақжарма тілегін ақтарып, ақ батасын берді. Бас төреші ойынның өту ережелерімен таныстырып, жеребе бойынша қатысушылар жарысты бастап та кетті. Қатысушылардың ширақ қимылы мен ептілігіне қарап, құдды бір жастар ойнап жатыр ма деп қаласыз. Оңайшылықпен берілер ешкім де жоқ. Барлығы да жүлде мінберіне шығу үшін аянып қалмауда. Сенімді соққы, шыр айналған шарлар, қырағылық пен нық қадамдар. Жетпіске таяса да қадамдарын жеңіл басқан ардагер спортшыларға қарап тамсандық. Айта кетерлігі, ойын «Мәскеу пирамидасы» түрінен өтті. Ойыншылар екі үстелге бөлініп, әр қарсыласпен кезегімен бақ сынасты. Қарап тұрсаңыз бір қатысушы кемінде тоғыз мәрте ортаға шықты. 
Жарыстың қорытындысы бойынша Жақсықұл Мырзахметұлы өзгелерден оза шауып, бірінші орынды қанжығасына байлады. Екінші орынның мінберіне Бақыт Туғанбаев көтерілсе, үздік үштікті Сейілхан Беков пен Тоқтар Есімов қорытындылады. «Ойын өте әсерлі әрі қызықты өтті. Шеберлігіміз де арта түскендей. Себебі, барлық қарсыласпен бақ сынасып, кім мықтыны анықтау да оңай емес. Жасымыз біраз жерге келсе де бойымыздағы қуат пен күш таусылмаған. Сол қуатымызды спортқа арнап, бүгін жарысқа түсіп отырмыз. Барлық азаматтар жақсы ойын үлгісін көрсетті. Алдағы уақытта да осы іспеттес додалар ұйымдастырып, өскелең ұрпақты да салауатты өмір салтына тартуға барымызды саламыз», – дейді жеңімпаз Ж. Мырзахметов.
Жүлдегерлерге арнайы диплом, медаль, кубок және бағалы сыйлықтар табысталды.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Референдум демократиялық процестердің дамуына жасалған маңызды қадам

Референдум демократиялық процестердің дамуына жасалған маңызды қадам

16.03.2026
Президент референдумға белсенді қатысқан жастармен кездесті

Президент референдумға белсенді қатысқан жастармен кездесті

16.03.2026
Жетісуда сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 78% пайыздан асты

Жетісуда сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 78% пайыздан асты

15.03.2026
Талдықорғанда барлық референдум учаскелері өз жұмысын тоқтатты

Талдықорғанда барлық референдум учаскелері өз жұмысын тоқтатты

15.03.2026
Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.