Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Арманым әлем чемпионы болу

07.11.2016
АЛТЫН ТҰҒЫР
Арманым әлем чемпионы болу
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі күнде қолына былғары қолғап киіп, боксты серік еткендердің қатары көп. Сонау Кеңес өкіметінен бастап жіпке тізуге болады. Әсіресе, кәсіпқой боксқа аяқ басқандардың саны артуда. Оның басында Геннадий Головкин мен Қанат Ислам тұрса, кейінгі жас ұрпақтан Мадияр Әшкеевті де айтуға болады. Олай болса, әуесқойдан кәсіпқойға ауысқан Мадияр Әшкеевпен болған сұхбатты назарыңызға ұсынайық. 

– Әуесқой бокста әлі жетістікке жетіп үлгермеген боксшының кәсіпқойға ауысуына не себеп болды? Қонақбаев, Жарылғапов турнирлерінде топ жарғаныңызбен ел біріншілігінде жолыңыз болмады, бірде Рақманқұловқа, екіншісінде, Елеусіновке жеңілдіңіз, мүмкін Қазақстан чемпионатын жеңіп барып кәсіпқойға ауысу керек пе еді?
 – Әуесқой бокста кішкене жолым болмады. Алдыма қойған мақсатым – әлем чемпионы болу. Сол мақсатымды кәсіпқой бокста жүзеге асыру үшін ауыс­тым. Америкаға барып бағыңды сынап көр деген Жандарбек пен Жәнібек ағаларыма алғыс айтамын. Менің ойымша дер кезінде кеттім бе деймін. 
 – Жамбыл облысының тумасысыз, бірақ жарыс­тардың басым көпшілігіне Маңғыстаудың атынан қатысып жүрдіңіз…
– Жамбыл облысының атынан жастар арасында қатыстым. Қазақстан чемпионы болдым. Одан кейін Алматыдағы спорт-интернатқа қабылданып, Алматы құрамасының сапында жүрдім. Ал 2014 жылы Ақтау қаласына ауысып, сол жақтан шықтым. 
– Жартылай кәсіпқой бокс­тағы «Астана арландарының» қатарында үздік боксшы болдыңыз. «Куба Домадореспен» жолыққанда Олимпиада және әлем чемпионы кубалық Роньель Иглесиасты жеңдіңіз. Олимпиадаға, Әлем чемпионаттарына жолыңыз түспегенінен өкінетін сәттер бола ма? Дәл 69 келі болмаса да 64 не 75 келіде бақ сынап көру керек пе еді? 
– Кесіп айтайын, басқа салмаққа ауысу туралы ойламаппын, мүлдем қызығушылық бол­мапты. Өз салмағым осы. Мен салмағымды түсіріп не көтергім келмейді. Ал Олимпиадаға, Әлем чемпионаттарына барып бақ сынау бұйырмағаны үшін өкінбеймін. 
– Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесулеріңізді «Астана арландарының» киімімен өткіздіңіз. «Астана арландарын» қимағандық па, әлде басқа себеп бар ма?
– Жоқ, «Астана арландарын» қимағандық емес, ыңғайлы болды. Бастапқы кездесулерім келісімшартсыз өткендіктен, киіп шыға бердім. Оның үстіне басқа шортыларға қарағанда көпке шыдайды. Кей шортылар көп раундтық жекпе-жектерге келмейді. Су тисе қысып тұрғандары босап, салбырап шыға келеді. 
– Кәсіпқой бокста екі кездесу өткізгеннен кейін үлкен промоутерлік орталық «Main Events»-пен келісімшартқа отырдыңыз. Таңдау сізге түсті ме, жоқ әлде сіздің таңдауыңыз солай болды ма?  Гонорар жағы қалай? 
– Келісімшарт бойынша гонорар жағы құпия сақталады. Кәсіпқой бокстағы алғашқы екі кездесуімді көрген «Main Events» промоутерлік орталығының директоры Кэти Дува бесжылдық келісімшарт ұсынды. Мен қарсылық танытпадым, іздегенім де осы болатын. Содан бері Эгис Климас есімді менеджермен тізе қосып жұмыс істеп келемін. 
– Әр жекпе-жекке шапан киіп, қазақы әуенмен шаршы алаңға көтерілесіз. Қазақы болмысты әлемге әйгілеу деп түсінеміз. Енді басқа да ұлтымыздың қандай да бір ерекшеліктерін осы қатарға қосу ойыңыз­да бар ма?
– Әрине, ойда бар. Келешекте көре жатарсыз. Мендегі негізгі мақсат – Қазақ елін күллі әлемге таныту. Әлем чемпионы болғым келетіні де содан. 
– 12 раундтық жекпе-жектерге қай уақытта көшуіңіз мүмкін?
– Жуық арада емес, рейтинг жинау қажет. Ал келесі жылдан бастап 8-10 раундтық жекпе-жектерге шығамын. 
– Бес кездесуіңіз АҚШ-та, біреуі Ресейде өтті. Болашақта өз ұжымыңызбен ақылдасып Қазақстанда жекпе-жек ұйымдастыру ойда бар ма?
– Әрине, өз елімде үлкен бокс кешін өткізгім келеді. Менеджермен ақылдасып та қойғанмын, келешекте рейтинг жақсы болса, міндетті түрде Қазақстанда кездесу өткіземін. 
– Биыл бес кездесу өткіздіңіз, келесі жылға қандай жоспарыңыз бар? 
– Алла бұйыртса алтыншы кездесуді өткізуді жоспарлап отырмын. Ал келесі жылы да дәл осылай 5-6 жекпе-жек өткізу ойда бар. 
– Ағылшын тілінде жақсы сөйлейсіз. Қайдан үйреніп жүрсіз? АҚШ-қа ешкімнің жетектеуінсіз өзіңіз келіпсіз, бастапқыда қиын болған шығар?
– Ағылшын тілін алғашында білмей бардым. АҚШ-та жүріп тіл сындырдым. Әлі де жаттықтырушыларымның арқасында шет тілін үйреніп жатырмын. Бастапқыда көз көрмеген барлық жер қиынға соғады. 
–  Қазақстандағы бокста жүрген жандармен сөйлесіп, ой бөлісіп тұратын шығарсыз. Қай бапкерлермен тығыз байланыстасыз? Ол ағаларыңыз сізге қай тұста, қандай пікір айтты?
– Қазақстандағы барлық бапкермен жақсы араласамын. Ақылдарын айтып тұрады. Қолдау білдірген жандарға тек қана ризамын. 
–  Сұхбатыңызға рахмет!
Тілдескен 
Серік ҚАНТАЙ.

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан өңірлеріндегі теңсіздік: Жетісу неге кедей аймақтар тізімінде?

Қазақстан өңірлеріндегі теңсіздік: Жетісу неге кедей аймақтар тізімінде?

30.01.2026
«Мұқағали» моноспектаклінің премьерасы өтті

«Мұқағали» моноспектаклінің премьерасы өтті

30.01.2026
Спорт пен туризм: Министрлік 2026 жылдың жоспарын саралады

Спорт пен туризм: Министрлік 2026 жылдың жоспарын саралады

30.01.2026
Бүгін – «Жыр қағаны» Жұматай Жақыпбаевтың туған күні

Бүгін – «Жыр қағаны» Жұматай Жақыпбаевтың туған күні

30.01.2026
Әлемжелінің әсері: Бала тәрбиесіне тыйым керек пе?

Әлемжелінің әсері: Бала тәрбиесіне тыйым керек пе?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.