Талдықорған: -6°C
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Arrivederci, Italia! Тарихи алтын үшін алғыс

28.02.2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Arrivederci, Italia! Тарихи алтын үшін алғыс
WhatsAppTelegramFacebook

Үшінші мәрте қысқы төрт жылдықтың басты додасын қабылдаған Италия (осыған дейін 1956 жылы Кортина-д Ампеццода, 2006 жылы Туринде өтті) Олимпиада тарихында тұңғыш рет әлемдік доданы ресми екі қалада өткізді (Милан мен Кортина-д Амеццода). Елімізден барған 36 спортшы (10 спорт түрінен қатысты) 25-ші қысқы Олимпиада ойындарын 1 алтынмен 19-орында аяқтады. 1994 жылы Лиллехамерде (Норвегия) 50 шақырым қашықтыққа шаңғымен жүгіруден алтын алған Владимир Смирновтан кейін, араға 32 жыл салып, Қазақстан құрамасына алтын медаль бұйырды. Мәнерлеп сырғанаудан сынға түскен Михаил Шайдоровтың жеңісі күллі қазақ жұртын бір серпілткені анық. 

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров елге келгенде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, оның бапкері Алексей Урмановты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен және мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Ұлттық құрамасының бапкері Әсем Қасанованы «Құрмет» орденімен марапаттады.

– Олимпиада алтынымен шектеліп қалғым келмейді. Әлі талай жарыста топ жарып өз елімді танытып, кейінгі жастарға үлгі болғым келеді. Сол үшін еңбектене беремін. Өзімнің сүйікті елім үшін барымды сала-мын, – деді Михаил Шайдоров Мемлекет басшысының алдында.

Михаил Шайдоров – үш айналым аксель, ойлер, төрт айналым сальхов секірген тарихтағы тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы. Ол жалпы қысқа бағдарламада 92.94 ұпай (5-орын), негізгі бағдарламада 198,64 ұпай алып, жалпы 291,58 ұпай жинап (бұл мәнерлеп сырғанаушының жеке рекорды) Олимпиада чемпионы атанды. Одан кейінгі орындарға жапониялықтар Юма Кагияма мен (103,07 + 176,99 – 280,06 ұпай) Сюн Сато (88,70+186,20 – 274,90 ұпай) ие болды.

Артынша мұз айдында ерекше өнер көрсеткен 19 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада екі аксель, үш луц, үш флип және үш тулуп каскадын таза орындап, 68,47 ұпай алып, 12-орынға орналасты. Ал еркін бағдарламада 138.99 ұпай алып (жалпы 207.46 ұпай) жарысты үздік ондықта (10-орын) аяқтады. Бұл Софьяның жеке рекорды.

Мәнерлеп сырғанаушыларды жанкүйерлер сән салтанатпен әуежайдан күтіп алды. Сол кезде сөз алған Софья: «Қолдауларыңызды қатты сезіндім. Олимпиаданың аурасын сезініп, өз өнерімді мүлтіксіз орындағаныма қуаныштымын. Келешекте Қазақстанға алтын алып келемін деген үміттемін», – деді.

«Жібек жолы» арнасында Олимпиада ойындарына комментаторлық жасаған Шамкен Байырбек:

– Спортшыларымыздың арасынан көзім түскен бір спортшы болса, – ол Әмірғали Мұратбек (20 жаста). Ұлттық құрамадағы жас спортшы скиатлонда 50 спортшының санатында болды. Ал жастар арасында үздік 20 шаңғышының қатарынан көрінді. Ересектер арасындағы алғашқы жарыстарын өткізіп жатқан спортшы үшін бұл үлкен жетістік. Ал фристайл-акробатикадан ең жас құрам қатысқанын және олар алғаш рет Олимпиадаға бес жолдама алғанын ескеруіміз қажет. Келешекте Дінмұхамед Райымқұл, Асан Асылханнан жүлде күтеміз. Олимпиада алдындағы жаттығулары жөнді болмай қалған сияқты, болашақта қону барысындағы техникаларын жетілдіріп, үздіктер тізімінде тұрады деп сенемін, – деді.

Одан бөлек, өзінің дебюттік Олимпиадасында тұғырдан секірген 19 жастағы Илья Мизерных 8-орыннан көрінді. Алғашқы секіргенінде 140,5 метрге секіріп 137.0 ұпай алса, екінші талпынысында 138,5 метрге секіріп, жеке техникасын есепке алғандар 147,0 ұпай берді. Жалпы 281.6 ұпай алды. Бұл Қазақстан тарихындағы тұғырдан секірудегі ең үздік көрсеткіш.

Қазақстан спортшылары бұл Олимпиада ойындарында барын салды, тиісті нәтижесін алды. Еліміздің тарихында төрт жылдықтың басты додасына қатысқан ең жас құрама (орта жасы 25 жас) келесі Олимпиада ойындарында тәжірибесі толысқан спортшылар есебінде жүлдегерлер тізімінде тұрады деп сенеміз. Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов еліміздің 20 өңірінде балалардың қысқы спортпен айналысуына жағдай жасау үшін және қосымша Олимпиадаға қатысқан спортшылардың дайындығы үшін 13 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Сөз арасында министр болашақ Олимпиада чемпиондары шығатындығына сенім білдірді. Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиада ойындарынан 1994 жылдан бері жалпы 9 медаль алды (2 алтын, 3 күміс, 4 қола).

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Arrivederci, Italia! Тарихи алтын үшін алғыс

Arrivederci, Italia! Тарихи алтын үшін алғыс

28.02.2026
Тәтті түбір тамырына нәр берген

Тәтті түбір тамырына нәр берген

28.02.2026
Саяси партиялар халықтық Конституцияны қолдайтындарын мәлімдеді

Саяси партиялар халықтық Конституцияны қолдайтындарын мәлімдеді

28.02.2026
Алименттен қашып жүр…

Алименттен қашып жүр…

28.02.2026
Қасиетті келісім

«Жаңа Конституция – әділдік пен заманауи басқаруға берілген жауап»

28.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.