Талдықорған: +10°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҒАСЫРДАН КЕЙІНГІ ҚАУЫШУ

07.01.2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҒАСЫРДАН КЕЙІНГІ ҚАУЫШУ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаһанның үздіктері бас қосатын, жүзден жүйрікті анықтап, әлем алдында елінің және өзінің есімін мәшһүр ететін Олимпиада ойыны биыл Францияның бас қаласы Парижде өтеді. «Азаттық. Теңдік. Бауырластықты» ұран еткен француздардың барша мемлекетті бір жерге тоғыстырып, Олимп ойындарын ұйымдастыруы өздері үшін үшінші мәрте болмақ (осыған дейін 1900 жылы және 1924 жылы ұйымдастырды). Яғни, Париж қаласына араға 100 жыл салып төрт жылдықтың басты бәсекесі қайта оралды. 


                                                        

БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ

Париж қаласы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын 2017 жылғы қыркүйекте Перудің Лима қаласында Халықаралық олимпиада комитетінің 131 сессиясында жеңіп алды. Дауыс берушілер бірауыздан қолдаған болатын. Биылғы Олимпиада ойындары 32 спорт түрінен өтеді. Негізгі 28 олимпиадалық спорт түрі сақталып, қосымша брейк-данс, скейтбординг және серфинг, спорттық альпинизм қосылды. Дода 26 шілде мен 16 тамыз аралығында болады. Ашылу және жабылу салтанаты 78 338 көрерменге есептелген «Стад де Франста» өтеді. Одан бөлек, сайыс «Парк де Пренс», «Пари-Ла-Дефанс Арена», «Ролан Гаррос», «Париж-Берси», «Ив дю Мануар», «Зенит», «Марсель-Сердан», «Ле-Бурже», «Сен-Дени», «Жан-Буэн», «Сена», «Велодром», «Версюр-Марн», «Гран-Пале», «Версаль» сынды заманауи алаңдарда болмақ. Негізгі жарыс Парижде өткенімен кей сайыс Марсель, Лион, Тулуза, Ницца, Сент-Этьен, Бордо және Нант қалаларында да ұйымдастырылады.

Әр Олимпиаданың өзіндік ерекшелігі бар. Олимпиада мен Паралимпиада ойындарының эмблемасы 2019 жылдың қазанында көпшілікке ұсынылды. Медальда да өзгешелік бар. Мәселен, 1900 жылы Париж Олимпиадасына қатысқан қыздардың құрметіне орай медаль ішінде Олимпиада алауы мен Францияның негізгі символдарының бірі Марианнаның еріні бейнеленді. Ал талисман есебінде фирги қалпағы ұсынылды. Бұл да Францияның құрмет тұтар негізгі құндылықтарының бірі. Фрижи – қызыл, көк және ақ түске боялған. Кеуде тұсында Олимпиаданың эмблемасы орналасты. Өзіндік қасиеттерін барынша паш етуге тырысқан. Ұйымдастырушы мемлекет өзіне тән ерекшелікті ашып көрсетіп, Олимпиаданың басты эмблемасын талисманына енгізді. Еліміз жазғы Олимпиада ойындарына сегізінші мәрте қатыспақ.  

ТОКИОДАҒЫ СӘТСІЗДІКТЕН КЕЙІН…

Қызу дайындық жүргізіп, жаһан жарысының алдында өзгерістермен қосымша істерге күш салып жатқан Қазақстан құрамасы да Париж Олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетіп, ірі табысқа жетуді көздейді. Иә, Олимпиада жолына шыққан әр мемлекеттің көздейтіндігі анық, бірақ біздің бүгінгі серпіліс ерекше. Өйткені, кейінгі өткен Токио Олимпиадасында жерлестеріміз сүреңсіз өнер көрсетіп, жанкүйерлерді жерге қаратқан еді. Жапония жерінде бар болғаны 8 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 83-орынды қанағат тұтты. Осыған дейінгі Қазақстанның Олимпиададағы нәтижесі дәл осындай төмен, жағдайы мүшкіл болмаған еді. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында спортшыларымыз да, оны қадағалап отырған басшыларымыз да дұрыс жоспар құрып, барын салады деген ниеттеміз. 

    

Олимпиададағы Қазақстанның нәтижесі

Атланта Олимпиадасы
1996 жыл

Командалық есеп – 24 орын.

3 алтын, 4 күміс, 4 қола (жалпы 14 жүлде)

Сидней Олимпиадасы
2000 жыл

Командалық есеп – 22 орын

3 алтын, 4 күміс, 0 қола (жалпы 7 жүлде)

Афины Олимпиадасы
2004 жыл

Командалық есеп – 40 орын

1 алтын, 4 күміс, 3 қола (жалпы 8 жүлде)

Бейжің Олимпиадасы
2008 жыл

Командалық есеп – 29 орын

2 алтын, 3 күміс, 4 қола (жалпы 9 жүлде)

Допинг дауына байланысты
1 алтын, 2 күміс, 2 қоланы  қайтардық

Лондон Олимпиадасы
2012 жыл

Командалық есеп – 12 орын

3 алтын, 1 күміс,7 қола (жалпы 11 жүлде)

Допинг дауына байланысты 4 алтынды қайтардық

Рио Олимпиадасы

2016 жыл

Командалық есеп – 22 орын

3 алтын, 5 күміс, 10 қола (жалпы 18 жүлде)

Токио Олимпиадасы

2020 жыл

Командалық есеп – 85 орын

8 қола (жалпы 8 жүлде)

Жалпы – 15 алтын, 21 күміс, 36 қола. Барлығы 72 меаль.

 

ЖАРЫС ЖОЛЫНДАҒЫ ЖЕТІСУЛЫҚТАР

Париж олимпиадасына қатысуды мақсат тұтқан спортшыларымыздың алды жолдама алып, қалғандары іріктеу сында өзін көрсетуге дайын. Елімізге алғашқылардың бірі болып Париж Олимпиадасының жолдамасын жетісулық садақшылар Ильфат Абдуллин, Александр Еременко және Дәулеткелді Жаңбырбайдан жасақталған Қазақстан құрамасы сыйлады. Садақшыларымыз Тайландтың Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында екінші орын алып, төрт жылдықтың басты додасына қатысуға мүмкіндік алды. 

– Биылғы маусымды ойдағыдай аяқтадық. Барлығы жоспар бойынша жүзеге асты. Мақсатымыздың бірінші сатысы орындалып, Олимпиадаға жолдама алып отырмыз. Келесі меже – төрт жылдықтың басты жарысында жақсы нәтиже көрсету. Қараша-желтоқсан айларында өзімізді қалыпқа келтіріп жатырмыз. Қаңтардан бастап жаттығуды күшейтеміз. Дәл қазіргі сәтте физикалық тұрғыда дайындалып, көңілді соған бөліп жатырмыз. Ал наурыздан бастап оқу-жаттығу жиындары жоспарланған. Олимпиадаға аз уақыт қалды. Ал біз әр күнді жоспарлап, тыңғылықты дайындық жүргізіп жатырмыз, – дейді Ильфат Абдуллин.

Токио Олимпиадасында бар болғаны 8 қола болса, соның 2 медалін жетісулық ауыр атлет Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло алған болатын. Биыл Жетісудан шығатын жүлдегерлер де көп болады деген ойдамыз.

  

Жетісу облысының Олимпиададағы нәтижесі

Атланта Олимпиадасы
1996 жыл

Юрий Мельниченко (алтын)
Александр Парыгин (алтын)
Мәулен Мамыров (қола)

Сидней Олимпиадасы
2000 жыл

—

Афины Олимпиадасы
2004 жыл

Георгий Цурцумия (күміс)
Сергей Филимонов (күміс)

Бейжің Олимпиадасы
2008 жыл

Нұрбақыт Теңізбаев (күміс)

Лондон Олимпиадасы
2012 жыл

—

(Допингке байланысты Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло,
Светлана Подабедованың алтындары қайтарылды)

Рио Олимпиадасы
2016 жыл

Карина Горичева (қола)

Токио Олимпиадасы
2020 жыл

Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло (қола)

Жалпы – 2 алтын, 3 күміс, 4 қола (жалпы 9 жүлде)

 

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Көмек пен кеңес

Көмек пен кеңес

21.03.2026
Үш мың түп ағаш отырғызды

Үш мың түп ағаш отырғызды

21.03.2026
Болашақ – бүгіннен басталады

Болашақ – бүгіннен басталады

21.03.2026
Сатириктің серігі

Сатириктің серігі

21.03.2026
Айшықты ізі қалды

Айшықты ізі қалды

21.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.