Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АУЫЛДАН ӘЛЕМГЕ ЖОЛ ТАРТҚАН

17.04.2020
АЛТЫН ТҰҒЫР
АУЫЛДАН ӘЛЕМГЕ ЖОЛ ТАРТҚАН
WhatsAppTelegramFacebook

Білікті бапкер Бақытбек Мұстафиннің есімі тек Жетісу өңіріне ғана емес, бүкіл республикаға кеңінен танымал. Ғасырлар тоғысында Австралияның Сидней қаласында алауы тұтанған Олимпиада ойындарында жүлде алған тұңғыш қазақ дзюдошысы Айдын Смағұлов айтулы маманның төл шәкірті. Сондай-ақ, самбодан жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Сержан Омаровтай түйе балуанның томағасын сыпырған да сол Бәкең еді. Осы табыстардың барлығына ол ірі қалада емес, ауданның орталығында жүріп-ақ қол жеткізе білді. 

Бақытбек Төлеуханұлының балалық шағы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылында өтті. Кіндік қаны тамған жерде ол балуандық өнерге мықтап ден қойды. Орта мектепті аяқтағаннан кейін Өскемен қаласындағы педагогикалық институтқа оқуға түсті. Өзі күресе жүріп, бапкерлік кәсіптің қыр-сырына қанықты. Әскер қатарында да ұстанған бағытынан жаңылған жоқ. Сарбаздар мен сардарларды, жергілікті жастарды баптады. Отан алдындағы азаматтық боршын өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін Қарабұлаққа оралды. Туған жердің топырағына айызы қанғанша аунап, ат басын Алатау бөктеріне қарай бұрды. Алматыдағы ауыр жүк машиналар жасайтын зауытқа жұмысқа тұрып, бос уақытында жаттықтырушылық кәсіппен айналысуды мақсат тұтты. 
Зайсаннан автобусқа мінген Бәкең Алакөлдің жағасына келіп тоқтайды. Тоғыз жолдың торабы –Үшарал қаласында оның аға-жеңгесі жұмыс істейтін. Солардың қасында бір-екі күн аялдап, ары қарай жолға шығуға оқталған. Алайда інісінің Алматыға қандай мақсатпен аттанып бара жатқанын білген ағасы бірден тосын ұсыныс жасайды. «Алысқа не іздеп барасың, ол жақта сені кім күтіп тұр дейсің? Бапкерлік кәсіпке аңсарың ауса, Үшаралдан да ондай қызмет табылады» деп нық сеніммен сөйлейді. Ағасы сөзінде тұрды. Бұл – 1985 жыл еді. 
– Ол кезде 24 жастамын. Нағыз қылшылдап тұрған шағымыз. Ал арман қуған әр жастың арманы – Алматыға барып, әсем қалада уақыт өткізу ғой. Әу баста ниетім болмаса да, аға-жеңгемнің көңілін қалдырғым келмеді. Ары кетсе, жарты жылдай жүріп, ары қарай Алатау баурайына аттанамын деп ойладым. Бірақ адамның ойлағаны емес, Алланың қалауы болады екен. Жаттықтырушылық қызметтің қызығына түскенім соншалық, арада 35 жылдың қалай өте шыққанын өзім де байқамай қалыппын, – деп ағамыз өткен күндерді еске алды.  
Расында да бұл кәсіпте Бәкеңнің бағы жанды деп айтуға толық негіз бар. Бапкерліктің қамытын кигеннен кейін небәрі үш-төрт ай өткеннен соң өз еңбегінің жемісін көре бастады. Аталмыш ауданнан шыққан спортшылар облыстық жарыстарды айтпағанда, республикалық турнирлерде жүлде алуға жарады. Көздерінен от ұшқындаған ойын балаларын қиып кету жас маман үшін оңай болмады. Дәл сол тұста Бақытбек әсем Алматыны шалғайдағы ауданға алмастыруға түпкілікті бекінді. 
Арада екі жылға жуық уақыт өткенде Мұстафиннің ең үздік шәкірті Рүстем Смағұлов мектеп оқушылары арасындағы ауыл-село спортшыларының бүкілодақтық спартакиадасына қатысты. Грузияның Сагараджо қаласында өткен айтулы жарыста қарсылас шақ келтірмеген қазақ самбошысы бас жүлдені иеленумен қатар, КСРО спорт шеберінің күміс белгісін омырауына тақты. 
Жайшылықта көп көзге түсе бермейтін Рүстем Смағұловтай бозбаланың бұл жеңісі оның ізін басқан інілері үшін үлгі болды. Сол тұста Алакөл жағалауында өскен жастар күрес үйірмесін көптеп жағалады. Ал бұқара бар жерде нәтиженің де болатыны заңды. Жергілікті жастар бірінен кейін бірі дара талантымен оқшаулана бастады. 1993 жылы Сержан Омаров жастар арасындағы әлем біріншілігінде қола медальді қоржынға салды. 1995 жылы Ерік Байтоқаев жасөспірімдердің Азия біріншілігінде күміс жүлдегер атанды. Олардан бөлек, Сайран мен Нұрлан Омаровтар, Берікбол Құттыбаев, Бүркіт Сәдуақасов сынды білекті балуандар шықты. Көп ұзамай кезек Алаш жұртының мақтан тұтар ұлы Айдын Смағұловқа жетті. 
Айдын Смағұлов жоғарыда біз тілге тиек еткен Рүстем Смағұловтың туған інісі. Кеудесінде үнемі спорт шеберінің күміс белгісі жарқырап жүретін ағасына еліктеген жас өрен Бақытбек Мұстафин жетекшілік ететін үйірмеде жаттықты. Әуелі самбомен, кейіннен дзюдомен айналысты. Араға жылдар салып, Айдынның даңқы алысқа тарады. 2000 жылы Сиднейде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында айтулы балуан қола медальді олжалады. Сол сәтте бүкіл Алаш жұрты бөркін аспанға атып қуанды. Егер спорттық шежіренің сарғайған беттерін парақтасақ, Айдын Смағұлов қазақ дзюдошылары арасынан шыққан алғашқы Олимпиада жүлдегері екеніне анық көз жеткіземіз.
– Осы күнге дейін талай талантты жастың томағасын сыпырдым, – деп Бақытбек Төлеуханұлы өз әңгімесін жалғастырды. – Солардың арасынан көпшіліктің көзайымына айналған үш шәкіртіме ерекше тоқталып өткім келеді. Бірінші кезекте, спорт шебері деңгейіне жеткен алғашқы шәкіртім – Рустем Смағұлов жайында әңгімелеген жөн. Аса жеңіл салмақта белдескен ол мектеп оқушылары арасындағы ауыл-село спортшыларының бүкілодақтық спартакиадасында жеңімпаз атанды. Ал шынтуайтынына келсек, Рүстемнің әлеуеті одан да зор еді. Бірақ түрлі себептермен ол спорттан тым ерте қол үзіп кетті. Сержан Омаровтың нағыз атой салатын кезі – апай-топай заманмен тұспа-тұс келді. Тоқсаныншы жылдары жарысқа шығу үшін қаражат табудың өзі оңай шаруа емес еді. Осындай қиындықтардың салдарынан жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері үлкен спортпен қош айтысуға мәжбүр болды. Ал Айдын Смағұлов алдын кес-кестеген кедергілердің барлығын бұзып-жарып өтіп, діттеген мақсатына қол жеткізді. Спортшы атаулының түпкі арманы – Олимпиада ойындарында топ жару болса, Айдын сол белестен қол бұлғады.   
Осындай деңгейдегі балуандар тәрбиелеген Бақытбек ағамыздың елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы деген атағы жоқ. Өйткені, оның қос бірдей үздік шәкірті өзіміздің емес, өзге елдің намысын жыртты. Мәселен, Сержан Омаров Түркіменстанның туы астында өнер көрсетіп, жастар арасындағы әлем біріншілігінде жүлде алса, Айдын Смағұлов Олимпиада ойындарында Қырғызстанның сапында күш сынасты. Бірақ ол үшін Бәкеңді жазғыра алмаймыз. Негізі, бұл сол кездері республика құрамасын баптаған мамандардың кінәсі. Көптің ішінен «Жүзден –жүйірік, мыңнан – тұлпарды» жазбай тану солардың міндеті еді. 
Қазіргі кезде Бақытбек Мұстафин Алматы облысындағы Алакөл ауданында жас бауандарды баптауда. Бұл ретте еңбегі жеміссіз емес. Аталмыш өңірде балуандық өнерге ден қойғандар қатары әлі де сиреген жоқ. Чемпиондар көптеп шығып жатыр. Ең бастысы, Бәкең бастаған игілікті істі бүгіндері оның шәкірттері жалғастыруда. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

Қатысты жаңалықтар

Alacem цемент зауытының ұжымы дауыс берді

Alacem цемент зауытының ұжымы дауыс берді

15.03.2026
Ұлттық киім киіп барып, дауыс берді

Ұлттық киім киіп барып, дауыс берді

15.03.2026
Ескелді ауданында 106 жастағы Нұрбала Қабанбаева өз таңдауын жасады

Ескелді ауданында 106 жастағы Нұрбала Қабанбаева өз таңдауын жасады

15.03.2026
Үштөбеде ғасыр жасаған кейуана өз таңдауын үйінен жасады

Үштөбеде ғасыр жасаған кейуана өз таңдауын үйінен жасады

15.03.2026
Көктұмалық аналар сайлауға өз үлесін қосты

Көктұмалық аналар сайлауға өз үлесін қосты

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.