Дзюдодан халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан бақ сынап, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған моңғол қызы Галбадрах Отгонцэцэг өз елінің азаматтығын алуға өтініш берді.
«Бірінші бол» хабарлағандай, желтоқсан айында ол Қазақстан азаматтығынан бас тартқан.
Галбадрах 2021 жылы мансабын аяқтап, еліне қайтқан. Тұрмысқа шығып, дүниеге сәби алып келген. Ал қазір Ұлан-Батырда жаттықтырушы қызметін атқарады. Қазір оның дзюдо клубында 100-ден аса жас спортшы тәлім алады.





