Бокстан 63,5 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Ертуған Зейнуллинов Азия ойындарының 1/8 финалында Баходур Усмоновты жеңді, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы тілшісі Vesti.kz дерегіне сүйеніп.
Жекпе-жек барысында екі боксшы да өзара нокдаун «алмасты». Тартысты ойын нәтижесінде жеңіс Ертуған Зейнуллиновқа бұйырды.
Жарыс нәтижесі бойынша енді Ертуған әлем чемпионы Руслан Абдуллаев (Өзбекстан) пен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Баатарсухийн Чинзориг (Моңғолия) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.
Айта кетейік, Қазақ боксшысынан ұтылған Тәжікстан спортшысы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2 дүркін Азия чемпионы атанған осы салмақтағы фавориттің бірі болатын.
Фото: Нұрғали Жұмағазы





