Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері

23 қыркүйек 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның әйелдер құрамасы – Олимпиаданың күміс жүлдегері

Венгрияда өткен 45-ші Шахмат Олимпиадасы (45th FIDE Chess Olympiad) Қазақстан шахматының тарихына алтын әріптермен жазылатын сайыс. Еліміздің әйелдер құрамасы Олимпиадада бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізіп, АҚШ пен Польшаның мықты қарсыластарынан озып шығып, күміс медальдарды иеленді. Дүниежүзілік шахмат олимпиасының ерлер және әйелдер арасындағы чемпиондары болып Үндістан командалары атанды.        

Еліміздің жас әйелдер құрамасы (орташа рейтингі 2373, № 10) гроссмейстерлер Павел Коцур (капитан) мен Александр Моисеенко (жаттықтырушы) басшылығымен 11 тур бойы чемпиондарға лайықты ойын көрсетті. Команда құрамында 20 жастағы IM Бибісара Асаубаева (2482), 19 жастағы IM Меруерт Камалиденова (2352), 18 жастағы WIM Ксения Балабаева (2335) мен WIM Амина Қайырбекова (2243), сонымен қатар Олимпиада дебютанты, ең жас 17 жастағы WIM Алуа Нұрман (2324) болды. Бұл команданың белесінде 2023 жылы Польшадағы Быдгощта өткен Командалық әлем чемпионатындағы күміс жүлде де бар! Қазіргі Олимпиададағы күмісі – тарихи жеңіс болып табылады: команда 2022 жылы Ченнаеда 5-ші орынға, 2018жылы Батумиде 11-ші және 2016 жылы Бакуде 37-ші орындарына ие болған.

«Әйелдер құрамасының Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасындағы күміс жүлдесі – Қазақстан шахматының күшін бүкіл әлемге көрсететін үлкен жетістік. Жас құрамамыз үлкен психологиялық қысым мен 11 матчтық марафонға қарамастан, әлемнің 169 елінен келген қарсыластарын сенімді түрде артта қалдырып, үздіктердің бірі болды. Мен командамен мақтанамын, жаттықтырушыларға және ата-аналарға алғысымды білдіремін. Екі жыл ішінде осындай нәтижеге жеткенімізге өте қуаныштымын. Жиналған тәжірибе мен жеңіске деген құштарлық бізді болашақта алтын медальға жетелейді деп сенемін, біз бүгіннің өзінде жеңімпазбыз», – деп құттықтады Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

Әйелдер құрамасы алғашқы турларда Уругвай, Финляндия, Австрия және Сербия командаларын әртүрлі есеппен жеңіп, тұрақты түрде ұпай жинады. Алғашқы сәтсіздік 5-ші турда Үндістан құрамасымен болған кездесуде орын алды, олар өткен Олимпиаданың қола жүлдегерлері және биылғы фавориттер еді. Бұл жеңіліс біздің шахматшыларымыздың сенімін шайқалта алмады, олар жеңісті жолын Куба, Әзірбайжан, Франция және Польша командаларын жеңумен жалғастырып, 9-шы турдың қорытындысы бойынша турнирдің жеке көшбасшысы атанды! Шешуші 10 және 11-ші турларда қазақстандықтар рейтингтегі үздік орынды сақтап, тиісінше Грузия және АҚШ құрамаларымен тең нәтижеге қол жеткізді. 11-ші турда Меруерт Камалиденова америкалық шахматшы Карисса Йипке қарсы тұра алмай қалған сәтте, Бибісара Асаубаева Гулрухбегим Тохиржоновамен болған матчта жеңіс әкелді. Алуа Нұрман мен Элис Ли арасындағы партия тең нәтижемен аяқталды, ал Ксения Балабаева мен Ирина Круш арасындағы кездесу де тең нәтижеге жетіп, біздің командаға екінші орынды қамтамасыз етті.

Қазақстанның ерлер құрамасы (орташа рейтинг – 2513, № 41) да 11 тур бойы жақсы ойын көрсетті. Құрамында жас гроссмейстерлер Денис Махнёв (2551), Қазыбек Нөгербек (2519), Рамазан Жалмаханов (2497), Әлішер Сүлейменов (2484) және 16 жастағы Алдияр Ансат (2457). Команда күшті қарсыластармен кездесіп жеңіс пен жіңілісті де көрді:

  • Қазақстан – Суринам (1944, № 141) – 4–0;
  • Қазақстан – Монако (2243, № 86) – 3½–½;
  • Қазақстан – Вьетнам (2593, № 21) – 1–3;
  • Қазақстан – Алжир (2271, № 80) – 3–1;
  • Қазақстан – Румыния (2631, № 18) – 1½–2½;
  • Қазақстан – ОАР (2302, № 79) – 3½–½;
  • Қазақстан – Әзірбайжан (2657, № 12) – 1–3;
  • Қазақстан – Бангладеш (2377, № 65) – 3–1;
  • Қазақстан – Моңғолия (2394, № 63) – 3–1.

Алдын-ала соңғы турда Хорватия құрамасын (2572, № 27) 2½–1½ есебімен жеңіп, ерлер құрамы 21-ші орынға көтерілді. Өкінішке орай, Түркия құрамасынан (2591, № 22) жеңіліс былтырғы олимпиададағы 17-ші орынды артқа қалдырып, жақсырақ нәтижеге жетуге мүмкіндік бермеді. Олимпиада қорытындысы бойынша жас ерлер құрамамыз 14 ұпай жинап, 29-орынға орналасып, «B» категориясында қола медальдарға ие болды.

Екі құраманың да ойыншылары Қазақстан шахмат федерациясы мен оның бас серіктесі Freedom Holding Corp. тарапынан қаржылық және жаттықтырушылық көмек алады. Бүгінгі күні Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың басшылығындағы стратегиялық дамуы еліміздің шахмат тарихына зор үлес қосып жатыр деп сеннімен айтуға болады.

45-і Олимпиада командалардың саны жағынан рекорд орнатты: ашық (ерлер) біріншілігінде 188 команда тіркелсе, әйелдер турнирінде 169 құрама қатысты. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Будапешт уақыты бойынша сағат 20:00-де өтеді.

Дереккөз: dknews.kz 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55
Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.