Ресейлік журналист Валерий Полевиков 2023 жылы ең мықты болған бапкерлер рейтингін жасады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтының дерегіне сүйеніп.
Бұл тізімде жетінші орында Қазақстан құрамасының бапкері Магомед Адиев тұр.
«Рейтингте құраманың жалғыз бапкері. Бірақ биыл ол сияқты құрамамен осылай таңқалдырған ешкім бомады-ау. Соңғы орындардағы команданы Еуроға шығуға таластындай етті. Барлық рекордтардан асып, бұрын иісі де шықпайтын жаңа деңгейге жетті. Ойыншылардын мүмкіндігінің 200 пайызын сығып алады», — дейді Полевиков.
Рейтингте бірінші леверкузендік «Байер» бапкері Хаби Алонсо тұр. Алғашқы үштікте одан кейін Мичел Санчес («Жирона») пен Унаи Эмери («Астон Вилла»).
Фото: ҚФФ





