Бокстан Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасады. Қазақстаннан 18 боксшы ширек финалға шықты, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы msports.kz сайтына сілтеме жасап.
18 боксшының тең жартысы бүгін 1/4 финалдағы жекпе-жектерін өткізеді. Күндізгі сессиядағы кездесулер Қазақстандағы уақытпен сағат 18:00-де басталады. Кешкі сессия жекпе-жектері 22:00-ге жоспарланған.
Күндізгі сессия
— 48 келі. Әнел Әбдірасылова — Хуанита Эрера (Колумбия)
— 63 келі. Аружан Жаңабаева — Кинга Кровка (Польша)
— 58 келі. Диас Берікбай — Исмаэль Маграуи (Испания)
— 67 келі. Төрехан Сабырхан — Акбар Ахмадов (Өзбекстан)
Кешкі сессия
— 60 келі. Толғанай Қасмымхан — Беатрис Савискайте (Литва)
— 70 келі. Мария Сидоренко — Гюль Йилмаз (Түркция)
— 81 келі. Аружан Зейноллаева — Анастасия Панина (Ресей)
— 75 келі. Санжар-Әли Бегалиев — Юрисниель Абреу (Куба)
— 92 келі. Расул Ассанханов — Куо Чао (Қытай)
Тікелей эфир сілтемесі:
Фото ©️ ҚБФ





