Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

БАЛУАН ҚЫЗДАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

15 сәуір 2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
БАЛУАН ҚЫЗДАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлыстың ұлы күнін тұздыбастаулық тұрғындар ел есінде қаларлықтай ерекше атап өтті. Ел-жұртты арқа-жарқа еткен дүбірлі мерекеде көңіл көтерер концерттік бағдарламалармен қатар спорттық жарыстар да ұйымдастырылды. Бәсекелі жарыс басталмас бұрын ойын алаңына ертемен келген бүлдіршіннің іс-қимылы назарымызды бірден аударды.

Алғашқыда ұл бала шығар деген ойымды спортшының кішкене ғана бұрымды шашы өзгертті. Қарсыластарының ұлдар болғанына қарамастан алып та, шалып та жығып, қашқақтағанын қайта қайырып кеп, қазақша күрестің айла-әдісімен жамбасын жер иіскетіп жатқан іс-қимылынан қайтпайтын қайсарлығымен қоса, өжеттігі, еңбекқорлығы байқалды. Қызықтап ұзақ тұрдым. Кішкентай спортшыны баптап, жарыс алаңында жетектеп жүретін анасы Динара Оразмұхамбетовамен таныстықтан соң Балжанның спортқа келуі жайлы аз-кем әңгіме еттік.

— Кішкене кезінен спортқа бейімділігі біліне бастаған соң 6 жасынан дзюдо, самбоға, бірер жыл каратэге қатысып, ойын техникаларын меңгерді. Жарыстарға қатыса бастады. Ұзынағашта өткен жарыста үшінші орын алып, жеңістің дәмін татты. Қазір жылға жуықтап қалды, қазақша күреспен жаттығып, шеберлігін шыңдап жүр. Бастапқыда әкесі қарсылық білдіргенін де жасырмаймын, — деген анасы Динара қызының болашағынан зор үміт күтеді.

Бесағаштағы №29 орта мектепте оқитын 9 жасар Балжан Өмірзақтың ұлттық спортқа деген таудай талабы сүйсінтпей қоймады. Қимылы ширақ, бастысы, жасқануды білмейтін тәуекелшіл қыздың табандылығы мен қайсарлығынан намыс оты лапылдайды. Көпшілік қызықтаған жарыс алаңында Балжанмен қатарлас Ясмина Әбдікаримованың да талапынысы таңданысымызды тудырмай қоймады. Балжанға қарағанда нәзіктеу әрі жұмсақтау мінез танытқанымен кілем үстіндегі өнері еркіндік пен ептілікті шебер меңгергенін айқын аңғартты.

— Бұл қыздарымның болашағы өте зор. Спорт үшін туған талантты қыздар, – дейді қазақша күрестен жаттықтырушысы, спорт шеберінің кандидаты Болат Базбашаев.

«Болар баланың бетін қақпа, белін бу» деген осы болар, бәлкім?! Небәрі 9 жастан талантымен танылып жатқан кішкентай балуан қыздардың күні ертең-ақ ел намысын қорғап, көк Туымызды желбіретер жеңімпаздар қатарынан көрінетіндігіне бек сенеміз.

Ұлбосын ИСАБЕК

Тұздыбастау ауылы,

Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.