Талдықорған: -7°C
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

БАПКЕРІМ ҚАНАТТАНДЫРМАСА БАҒЫМ ЖАНБАС ЕДІ

25.08.2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
БАПКЕРІМ ҚАНАТТАНДЫРМАСА БАҒЫМ ЖАНБАС ЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Вьетнам астанасы Ханойда джиу-джитсудан ере- сектер арасында Азия біріншілігі өтті. Байрақты   бәсекеде ел намысын қорғаған Қуандық Есенеев   85 келі салмақта қос бірдей жүлдені қанжығасына байлады. Ол джиу-джитсудың «комбат» түрі бойынша алтыннан алқа тақса, «невадзеден» қола жүлдені еншіледі. Ұлт абыройын асқақтатқан құлжаның сақасындай кесек бітімді балуанымызбен аз-кем дидарласудың сәті түсті.

– Қуандық, жарқын жеңісіңмен тағы да шын жүректен құттықтаймыз. Әңгіменің ауанын туып-өскен жеріңнен бастасақ.
– Рахмет. Мен Қостанай облысы, Арқалық қаласында тудым. Бірақ балалық шағым Талдықорғанда өтті. Үйдің жалғыз баласымын. Үйленгенмін. Екі қызым бар. Бұйырса қыркүйек айында тағы бір сәби дүниеге келеді. 
– Күреске қалай және қай жылы келдіңіз? 
– Спортқа алғаш 2007 жылы 15 жасымда келдім. Елдос Сағадиев деген досым джиу-джитсумен айналысатын. Ол маған үнемі жаттығудың қалай өткенін, күрестегі оқиғаларын айтып, қызықтырып, бірге қатысайық деп шақырды. Сөйтіп, джиу-джитсуға бардым. Айта кетейік, Елдос осы Азия біріншілігінде қола жүлдені жеңіп алды. Алғашқы және қазіргі бапкерім – Нұржан Елкеев. Тарыдай болып кірген ауылдың қара баласына джиу-джитсудың әліппесін үйретіп таудай қылып шығарған бапкерімде биыл оныншы жыл жаттығудамын. Алға қойған мақсатымыз айқын. 
– Ең алғашқы жарысыңыз немесе шет мемлекетке шығып олжа алған бірінші додаңыз есіңізде ме? 
– Әрине, есімде. Алғаш Талдықорғанда ашық қалалық турнир өтті. Ол кезде мен 60 келіде өнер көрсеттім. Бірінші жарыс болған соң қорқыныш көп болды. Ал шет мемлекетте, Қырғызстанда өткен «ММА валетудо» деген сайыс­та күміс жүлдегер атандым. 
– Қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіз?
– Джиу-джитсудан 2009 жылы жастар арасында, 2013 жылы ересектер арасында Аргентинада өткен әлем біріншілігінде чемпион болдым. Джиу-джитсудан халықаралық дәреже, самбодан және панкратионнан спорт шеберімін. 
– Азия біріншілігіне тоқ­талсақ. Джиу-­джит­­су­дың қандай түрлері бо- йынша бақ сынастыңыз? Белдесу қалай өтті?
 – Мен джиу-джитсудың екі түрі бойынша өнер көрсеттім. Алғашқысы – «комбат». Киманомен болса да толық контакта, яғни ережесіз төбелесесің. Екіншісі, әлемде кеңінен тарап келе жатқан «невадзе» деп аталатын бразилиялық джиу-джитсу. Мұнда ауырту әдісі жоқ, күрес таза бартерде өтеді. Ережесіз белдесуде алтыннан алқа тақтым. Алғаш татами төріне тайландық спортшымен шығып, таза жеңіске жеттім. Екінші кездесуде ирандық балуанды ұттым. Үшінші айналымда Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысынан басым түстім. Ақтық сында өзіміздің облысымыздың спортшысы Дәурен Ауданбаевты жеңіп, чемпион атандым. «Невадзеден» үшінші орын алдым. Ширек финалда Арабия алпауытына жол беріп қойдым. Әйтсе де, қола жүлде үшін болған айқаста барымды салып күресіп, Корея балуанынан басым түстім.
– Спортта «бармақ бас­ты, көз қысты» дейтін оқиғалар орын алып жатады. Саған қарсы бұра тарту болды ма?
– Иә, 2012 жылы колледж бітірген кезім. Ол кездегі арманым – ел біріншілігінде алтыннан алқа тағып, спорт шеберін орындау. Сөйтіп, Қазақстан чемпионатына бардым. Мұнда чемпион атансаң ғана спорт шебері атағын береді. Бар ойым – қайтсем де жеңіске жету. Бірақ төрешілердің бұра тартуымен ақтық сында жеңіліп қалдым. Сол кезде маған көрсеткен әділетсіздіктеріне қатты қынжылдым. Қолымды бір сілтеп, спортты тастаймын деп шештім. Бірақ ата-анам мен бапкерім: «Спорт болған соң бәрі болады, жасыма», – деп жігер беріп, қанаттандырып, қолдау көрсетті. 
– Жалпы джиу-джитсу қай мемлекеттерде қатты дамыған? Бұл спортта біздің деңгейіміз қандай?  
– Жеке-жеке алып қарасақ джиу-джитсудың «невадзе» түрінен Азияда арабтар алдына жан салмай келеді. Өйткені, олар бразилиялық балуандармен жиі жаттығу өткізеді. Екінші орында жапондықтар. Әлем бойынша, әрине, бразилиялықтарға тең келер ешкім жоқ. Қазір аталмыш спорт түрі елімізде де қарыштап дамып келеді. 
– Джиу-джитсуға мемлекеттен, облыстан қол­дау­лар болып тұра ма? 
– Олимпиадалық спортқа жатпаса да облыста көңіл бөлініп келеді. Бұрындары жарыстарға өз қаражатымыз­бен барған күндер болған. Қазір елімізде қауымдастық құрылып, облыстық бюджеттің қаржысымен жарыстарға жібереді. Тіпті, балаларға жалақы қойылып жатыр. Бұйырса, бізге де қойып қалар деген үміттеміз. 
– Халықаралық дәрежедегі жарыстарға бару үшін Қазақстан чемпионатын ұтуың керек. Республика бойынша қарсыластарыңыз көп пе? 
– Республика бойынша қарсыластар көп. Бірақ бізде рейтингті жүйе орнатылған. Жарыстарда жүлде алсаң тие­сілі балл беріп отырады. Сол арқылы жарысқа барамыз. Қазақстан біріншілігін жыл са- йын ұтып, шетелдерде бірінші айналымнан аспай қалып жатсаң, халықаралық додада атой салып жүрген балуандар өнер көрсетеді.
– Қазір рейтинг бойынша нешінші орындасыз? 
– Джиу-джитсудың «комбат» түрінен бірінші, «невадзеде» Ақтөбенің балуанынан кейінгі екінші орындамын. Ол бразилиялық түрінен бірінші орында тұр. Бірақ арамызды бір ғана ұпай бөліп тұр. Ол соңғы Қазақстан біріншілігінде бас бәйгені жеңіп, мен қола жүлдегер атанған болатынмын. Бірақ кубок Қазақстанда мен жеңіске жеттім. Алдағы Азия ойындарына кімнің бірінші нөмірлі спортшы болып баратыны анықталуы керек болған. Екеуміз де қола жүлдені иеленгендіктен бірге барамыз. 
– Алдағы мақсатыңыз қандай? 
– Бұйырса қыркүйек айында Ашхабадта бесінші жабық кешендегі Азия чемпионаты өтеді. Әлем біріншілігі қараша айында Колумбиядағы Баготта қаласында ту тігеді. Соған дайындық үстіндемін. Егер қазан айында Семейде өтетін ел біріншілігінде сәтті өнер көрсетсем әлем чемпионатына жолдама аламын.
 
– Әңгімеңізге рахмет.
 
 Сұхбаттасқан  Айдар ҚАЛИЕВ.

Қатысты жаңалықтар

Елена Рыбакинаны тарихи рекордтан кейін не күтіп тұр?

Елена Рыбакинаны тарихи рекордтан кейін не күтіп тұр?

13.03.2026
Мал шаруашылығына мемлекет 6 пайызбен жеңілдетілген несие береді

Мал шаруашылығына мемлекет 6 пайызбен жеңілдетілген несие береді

13.03.2026
Өңір экономикасына серпін

Өңір экономикасына серпін

13.03.2026
Жетісулық жастар туған өлкесінде Отан алдындағы борыш өтей алады

Жетісулық жастар туған өлкесінде Отан алдындағы борыш өтей алады

13.03.2026
YouTube видеолардағы бет-әлпетті анықтайтын функцияны іске қосты

YouTube видеолардағы бет-әлпетті анықтайтын функцияны іске қосты

13.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.