«Сант-Кугат» командасында ойнап жүрген 15 жастағы қазақстандық Кәрім Меңдіханов келесі маусымда «Барселона» командасына ауысады. Әлемнің талантты балаларына мүмкіндік сыйлап, оларды шыңдай білетін катлониялық клубпен Кәрім келісімге келді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Кәрім Меңдіханов 2022 жылдан бері Испанияда тұрады. Өткен маусымда «Серданьолу» командасында ойнаса, биыл «Сант-Кугат» клубында доп теуіп жүр.
Фернандо Поло «Оң қапталдағы шабуылшы (вингер) ретінде көзге түсті. Оның жылдамдығы, қорғаушыларды алдап өту қабілеті және жеке шеберлігі жанкүйерлердің тәнті етті. Сонымен қатар, ол лигадағы ең үздік ассистенттердің (нәтижелі пас беруші) қатарында. Испанияның Примерадағы бірнеше клубтың қызығушылығын тудырды. Дегенмен, жас талант «Барселонаның» ұсынысын қабылдады. Қазірдің өзінде ол каталониялық клубпен келісімшартқа қол қойып қойды және келесі маусымнан бастап команда сапына ресми түрде қосылады. Бұған қоса, Кәрім жаңа ортаға тезірек бейімделу үшін «Барселона» сапында бірнеше жаттығу өткізіп үлгерді. Жақын арада Кәрім Еуропадағы ең беделді балалар мен жасөспірімдер турнирлерінің бірі — MIC (Mediterranean International Cup) халықаралық жарысына қатысады», – деді өзінің Mundo Deportivo-дағы жазбасында.





