Ұзынағаш ауылындағы Абай атындағы орта мектебінің 1-сынып оқушысы Лескен Қыран ата- анасы мен ұстаздарының мерейін өсірді. Ел көлемінде өткен байқаудан бас бәйгені қанжығалап қайтты.
Өлеңге іңкәрлігі алабөтен балдырған қазақ қаламгерлерінің небір туындысын мәнерлеп оқығанды жақсы көретін. Сол сезімі оны биіктен көрсетіп, өз жасында республикалық байқауда топ жаруға жетелегендей.
Лескен Қыран «SAMGA» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Өнерім менің – өмірім» атты ән-би, жыр, күй республикалық байқауына қатысқан еді. Онда көркемсөз аталымы бойынша бақ сынап, дарынымен дараланып, өнерімен ерекшеленіп бас жүлде иегері атанды.
Л. ДҮНГЕНБАЙ
Жамбыл ауданы





