Талдықорған: -7°C
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕКТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

28.11.2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕКТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында белгілі тележурналист, «Айтуға оңай», «Қарекет» токшоуының жүргізушісі, қазақтың қазыналы ұлына айналған Бейсен Құранбекті еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир өз мәресіне жетті. Осымен үшінші мәрте жалауын желбіреткен дәстүрлі жарысқа республикамыздың сегіз аймағынан команда келді.

Жарыстың ашылу салтанатына Бейсен Құранбектің әріптестері, туған-туыстары, зайыбы қатысты. «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Әбікен, «Өлке тынысы» ЖШС директоры Досан Атантелов, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли және доданың демеушісі «Медиалаб» ақпараттық орталығының жетекшісі Ришат Асқарбекұлы сөз сөйлеп, естеліктер айтты.

Жарыс басталмас бұрын Бейсен Құранбек жайлы бейнеүзінді көрсетіліп, жұрт марқұмды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Додаға келген 8 команда екі топқа бөлініп, доп тепті. Келген командалардың осалы жоқ. Астанадан жеткен «Хабар» командасы БАҚ лига ойындарының бірнеше дүркін чемпионы, сапында Грузияда  Коте Махарадзе атындағы журналистер арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпаздары бар. Сонымен қатар, Сыр өңірінде өткен турнирдің чемпионы астаналық «Экспресс-К» да осал емес. «Шығыс-ақпарат» ойыншылары да жүлдеден дәмелі. Өткен жылы осы турнирдің чемпионы атанған «Алматы» құрамасы да ойыннан алар үлесіміз бар деп келгені анық.

Бейсен Құранбек атындағы турнирдің кубогын еншілейміз деп келген командалар күні бойы доп теуіп, мықтыны анықтады. Турнирдің беташар добын футзалдан ұлттық құрама мүшесі Жомарт Тоқаев ойынға қосып, жарыстың жолын ашты.

Топтық кезеңде қара үзіп шыққандардың арасында талдықорғандық «Қарекет», астаналық «Хабар», «Экспресс-К», Тараздан келген «Тараз-пресс» командасы болды. Осы 4 мықтының арасынан жарыстың чемпионы анықталды. Доданың тағы бір ерекшелігі – бәсекеге алғаш рет «Қазақфильм» командасының қатысуы және «Жетісу» арнасының «Ютуб» каналында тікелей трансляция жүріп, жанкүйерлердің доп додасын көруге мүмкіндік жасалғаны.

Міне, осы тікелей көрсетілімді тапжылмай қарап отырған жанкүйерлердің бірқатары жеңісті «Хабарға» ұстатса, бірі «Экспресс-К» командасының қанжығасына байлап жатты.

Сонымен, жартылай финалда «Қарекет» пен «Тараз-Пресс» командасының жолы түйісіп, ақтық сынға талдықорғандық «Қарекет» шықты. Ал «Хабар» мен «Экспресс-К» арасындағы ойында Бек Төлеу жасақтаған «Экспресс-К» ұжымының жолы болды. Үшінші орын үшін таласта «хабарлықтар» жеңіске жетіп, турнирдің қола жүлдесін еншілесе, финалда тең түскен «Қарекет» пен «Экспресс-К» тартысты ойын өрнегімен жанкүйерлердің есінде қалды. Талдықорғандық команда жүлдені алып қалуды жөн көрмей, қонақтардың қанжығасына байлау арқылы күміс жүлдені қанағат етті.

Бірінші орын иегері «Экспресс-К» командасына 800 мың теңгенің сертификаты, кубок және медаль табысталды. Екінші орынға 600 мың, үшінші орынға 400 мың және төртінші орынға 200 мың теңге берілді. Сондай-ақ, бірнеше номинация және арнайы Жұматай Жақыпбаев пен Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы жүлде де табысталды.

Жарысқа келген команданың барлығы жүлдесіз қайтқан жоқ. осылайша жоғары деңгейде өткен Бейсен Құранбек атындағы турнирге қонақтар дән риза болды.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында қауіпсіздік күшейтілді

Жетісу облысында қауіпсіздік күшейтілді

17.03.2026
Іле өзенінде балық аулауға тыйым салынды

Іле өзенінде балық аулауға тыйым салынды

17.03.2026
Мектеп оқушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеді

Мектеп оқушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеді

17.03.2026
Наурыз мерекесіне орай 160 қосымша рейс ашылды: Әуе компанияларының жаңа кестесі

Наурыз мерекесіне орай 160 қосымша рейс ашылды: Әуе компанияларының жаңа кестесі

17.03.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

17.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.