Талдықорған: -7°C
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

БЕЙЖІҢДЕГІ АҚ ОЛИМПИАДА ҚАЗАҚ СПОРТЫНА ҒЫЛЫМ ҚАЖЕТ ЕКЕНІН ҰҚТЫРДЫ

19.02.2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
БЕЙЖІҢДЕГІ АҚ ОЛИМПИАДА ҚАЗАҚ СПОРТЫНА ҒЫЛЫМ ҚАЖЕТ ЕКЕНІН ҰҚТЫРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Аспанасты елінде алауы тұтанған қысқы Олимпиада ойындарымен де қош айтысатын күн жетті. Төрткүл дүниенің басын қосқан бәсеке несімен есте қалды деген сауал санамыздан қылаң берді. Не десек те Қазақстан үшін жүлдесіз қайтқан жарыс болып тарих қойнауына кететіні анық. Рас, сонау жылғы В.Смирновтың жетістігінен кейін қысқы спортта асығымыз алшысынан түспей тұр. Одан берігі өткен Олимпиада ойындарында саф алтынды ала алмасақ та қоңыр күрең қола мен күміспен күптеліп қайтқан жаңалықтар бар еді. Бұл жолғы бәсекеде басымыз төмен салбырап, жанарымызбен жер шұқып отырғанымыз жасырын емес.

Сонымен, Қытай еліне аттанған отыз төрт спортшымыз қоржынды бос арқалап, шетінен елге оралып жатыр. Олардың арасында ерекше тоқталатын бір-екі спорт түрі бар. Мәселен, шорт-трек, фристайл-могул, фристайл-акробатика. Осыған қатысқан спортшыларымыздың еңбегі ерен. Бар күштерін салды, әттегенайы – жүлделі бола алмағаны.

Бірінші болып Ю.Галышевадан бастайын. Бұл спортшы әлемнің алтынын, 2018 жылы Пхёнчхан Олимпиадасының қола жүлдесін алған. Бұл жолы қоланы алтынға алмастырады деп ойлағанбыз. Өкінішке қарай, жүлдеден тыс қалды. Әрине, Галышеваға өкпе жоқ. Бұған дейін әлемдік сындарда елімізге уыстап жүлде әкелді. Қытайда сәттілік серік болмады деп айтайық. Оның үстіне төрешілер де Юлья қыздың жолына бөгет бола берді. Жаттығуды сәтті орындағанымен төмен баға берді.

Окрабатикадан бақ сынаған Жанбота мен Ақмаржан нағыз қайсарлық танытты. Жанбота тамаша өнер көрсетті. Бағалауға келгенде төрешілер сараңдық танытты. Ақмаржан финалдық сайысқа шыққанымен он бірінші орынмен түйіндеді. Сәтсіздік шыр айналдырды емес пе! Бірінші мүмкіндігін дұрыс пайдалана алмады. Екіншісінде шаңғысы шешіліп, жолдан шығып кетті. Осының барлығы психологиялық соққы болды. Нағыз намыс оты тұтанды ма, жүлденің сусып кеткеніне қапаланды ма, әйтеуір жарыс соңында берген сұхбатта көзінен жас парлап, сөйлей алмады. Елге жүлдесіз оралатынына намыстанып тұрғанын біз де сездік. Іштей қынжылғанымызбен ұлтжандылығына тамсандық, қайсарлығына қайран қалық. Үйде отырып, көңілін жұбаттық, алдағы күніне тілеулес болдық. Сәтін салса Ақмаржанның айы оңынан туатынына сеніміміз мол. Неге екенін айтайын, жеңіле тұрып, сылтау емес, өкінішін көрсете білді, кінәні өзгеден емес, өзінен іздеді. Бір сөзбен айтқанда, өзін қамшылау деп қабылдадық.

Дәл осындай жайт шорт-тректен сынға түскендердің де бойынан байқадық. Шіркін, Ту көтеріп елден аттанған Абзал Әжіғалиев қола жүлдеге қол созым жерден қайтқаны өзекті өртеп кетті. Топтық кезеңде бірінші орын алғанда Абзал жүлдеге қол созады деп ойладық. Бұйырғаны төртінші орын болды. Оның да берген жауабы жүрегімізді тілгілеп өтті. Шағым емес, ұлтты қамшылау болды. Абзалдың арқалаған жүгі ауыр еді. Екі бірдей Олимпиадада Көк Туымызды көтеріп шыққан қазақ ұлы жатса, тұрса, ел сенімін ақтауды ойлады. Тек күрес пен бокс емес, қазақ баласы қысқы спорттан да мықты екенін дәлелдегісі келді. Асқазан жарақатынан кейін сегіз ай бойы үлкен жарыстардан сырт қалса да аз уақыттың ішінде шүмектеп тер төгіп бабына келіп үлгерді. Өкініштісі, соңғы сәтте сәл ғана сәттілік жетіспеді. Ал шаңғышыларымыздың өнері көңіл көншітпеді. Елдің соңында келіп жатса да, жүздерінен қынжылудың, өкінудің реңін байқамадық.

Осы тұста мына проблемаларды айта кеткенді жөн санадым: біріншіден, спортшылардың бойында рух жоқ. Жеңілісті мойындай білмейді. Өздерінің әлсіздігін, шамасының шалалығын біліп тұрса да, өзгеге арта салғанды әдетке айналдырған. Қит етсе, мемлекеттік тұрғыда жағдай дұрыс жасалмаған деп шығады. Осы бір сыңаржақ пікірді спортшылардың бойынан мүлде жою керек. Бұл спортшының жеңіске деген жігерін жоятын кері процесс. Мұны мен басты проблема деп есептеймін.

Екіншіден, жауапты орындардан спортшыларға мейлінше жағдай жасалуы керек. Мойындау керек, дамыған мемлекеттердің қатарында біздің жасап жатқан жағдайымыз түкке тұрмайды. Азын-аулақ алынған арнайы дәрумендер, ұлттық құрамадағы спортшыларға жоқтан бар етіп алып берген сапасы орталау құрал-жабдықтар, санаулы жерде таласа-тармаса жаттығу өткізетін спорттық инфрақұрылымдармен жүлдеге қол жеткізе алмаймыз. Ірі қалаларда салынған қысқы спорт түрлеріне арналған ғимараттарға спортшылар жеткіліксіз дайындалады. Олардың сапасы әлемдік стандартқа сай дегенімізбен, жүз пайыз келеді деу қателік. Оның үстіне бұл нысандардың саны өте аз. Сонымен қатар, әр өңірге қысқы спорт түріне арналған спорт нысандарын салу қажет. Және оған жас жеткіншектерді тартып, арнайы спорт мектептерін ашуды қолға алу керек. Қазір бізде қысқы спортқа ден қойған санаулы ғана өңір бар. Олар солтүстік, шығыс және Алматы қаласы мен Алматы облысы. Қалған аймақтарда қысқы спортқа айтарлықтай көңіл бөлінбейді. Сондықтан, республикамыздың барлық жеріне осындай нысандарды тұрғызу керек. Әсіресе, мұз айдындары. Қазақ баласын шорт-трек, конькимен жүгіру спортына көптеп тартқан абзал. Арнайы қысқы спорт мектептері ашылып, олардың жұмысын жүйелендірген жөн.

Үшіншіден, ішкі бәсекелестікті арттырған тиімді болады. Жастар мен жасөспірімдердің санын арттырып, ішкі біріншілік пен халықаралық жарыстарды өткізген көп септігін тигізетіні сөзсіз. Сырттан білікті мамандар тартылып, тәжірибе алмасу да артық етпейді.

Төртіншіден, қысқы спортты насихаттауда кемшін қалып жатырмыз. Жалпы, халықтың назарын аудару үшін, жастарды осы спортқа тарту үшін толықтай насихат керек. Ақпараттық-насихат жұмысы аз болғасын, жастардың құлшынысы төмен болатыны айдан анық. Отандық телеарналар осыны қолға алса, нәтиже болады.

Бесіншіден, әлемдік жарыстарға қатысу, қысқы спорты дамыған мемлекеттерге оқу-жаттығу жиынына жиі қатысу үлкен рөл атқарады.

Ал, ең негізгісі, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – спорттың жілігін шағып, майын ішкен ағаларымыз жетерлік. Сол ағаларымыздың бірі Қыдырбек Рысбектің мына бір жазбасын келтірейін: Қазақ спорты Токио Олимпиадасынан күйреп қайтқандағы жазған жазбасы оқыған адамның жүрегін шымырлатады. Онда Қыдырбек ағам: «Елдосты жыққан Такато емес, жапонның дзюдо ғылымы», – дейді. Спорт журналисінің толық мақаласын келтіріп отырғаным жоқ. Соның ішіндегі бір сөйлемін ғана мысалға алып отырмын. Менің де айтпағым осы болатын. Негізгісі деп отырғаным да сол. Бізге ең бірінші жалпы спортқа арналған ғылыми институ, академия керек. Иә, Алматыда Спорт туризм академиясы бар ғой деуіңіз мүмкін. Бірақ оның шамасы шамалы болып тұр. Ол жерде бұрынғы Кеңес дәуіріндегідей емес, тек қана бапкер мен дене шынықтыру мұғалімін ғана дайындап жатқандай әсер қалдырады.

Бізге керегі арнайы ғылыми-зерттеу институты керек. Оған нағыз сақа спорт мамандарын тартып, спорттың проблемаларын, ұңғыл-шұңғылына дейін зерттеу қажет. Арнайы методткалар әзірлейтін мамандар болуы тиіс. Спортшы жеңіліп қалса қателік неден болды, не жетіспеді, кемшін тұсы қайысы, неліктен шаршап қалды, міне, осының саралайтын мамандарды топтастыру керек. Қазір бізде қалай, дүбірлі додаға кілең спорттың басында отырған шенеуніктер топырлап барып қайтады. Олар қандай анализ жасап қайтады? Спорттың иісі мұрындарына бармайтын шолақ басшылардан нені талап етесің? Сізге спортшының жай-күйін түсіндіріп бере ала ма? Жоқ, олар тек мемлекеттің қаражатын шашып, турист болып қайтатындар. Сондықтан қазақ спортына ғылыми тұрғыдан зерттеу қажет және ғалымдар жұмыс істеу керек. Бұнысыз біздің спорт алға баспайды, қолдау білдіріп жатырмыз деп құр босқа қаражатты бөле беру бос әурешілік.

Дамыған мемлекетте жалпы спортты тұрмақ жекелеген спортшыға бүтін бір институт жұмыс істейтінін білеміз. Олар не істейді десеңіз әр маманның өз міндеті бар. Бірі ішкен тамағын, екіншісі бапкерімен қосылып жаттығуын, үшіншісі көңіл-күйін, төртіншісі спортшының ағзасындағы ақаулықты анықтап, оған керекті дәрумендер беріп, қайта қалпына келуін қадағалайды. Міне, осылай олардың мамандары бесінші, алтыншы деп жалғаса береді. Ал бізде бір бапкер мен спортшыдан басқа ешкім жоқ. Жеке спортшы емес, бүтін құрамаға бір массажист пен психолог бар деп мақтанамыз. Осыдан кейін спортшыдан қандай жеңіс күтеміз. Сондықтан мемлекет осыны қолға алу керек.

Сөз соңында тағы бір мәселені қозғай кеткенді жөн санап отырмын. Бізде арнайы спорт мектептері бар деп айтқанымызбен оларға қабылданып жатқан балалардың сапасына қатты көңіл бөлген абзал. Жаттықтырушылар ауыл-ауылды аралап нағыз таланттарды іздеуі керек. Бұл жұмыс мүлде атқарылмайды десем қателеспейтін шығармын.

Түйін: Бейжіңнен бос қайттық деп тағы да дабыл қағатынымыз анық. Жаппай спортшыға кінә арта берудің қажеті жоқ. Егер әлемдік сыннан жүлде күтсеңіз, жоғарыдағы аталған мәселелерді қолға алу керек. Онсыз алтын тұрмақ, бақыр да жоқ. Бұл – өз пікірім!

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Халқымыздың бай мұрасын ұлықтады

Халқымыздың бай мұрасын ұлықтады

17.03.2026
Қазақстан-Италия серіктестігі: Жаңаөзеннен Алматыға дейінгі ауқымды жобалар

Қазақстан-Италия серіктестігі: Жаңаөзеннен Алматыға дейінгі ауқымды жобалар

17.03.2026

Ұлттық банк бағамға әсер ететін негізгі факторларды атады

17.03.2026
40 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты

40 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты

17.03.2026
Қатты жел мен көктайғақ: Қазгидромет ескерту жасады

Бүгінгі ауа райы болжамы

17.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.