Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Біз көрген Brazil

20.12.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР, ӘЛЕУМЕТ, ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Біз көрген Brazil

guide.planeto

WhatsAppTelegramFacebook

Бразилияны алғаш таныстырған футбол еді. Теледидарға телміріп, аладопқа аңсар ауғанда бразилиялық ойыншылардың шеберлігіне сүйсінген күйі жанкүйер болып, бала арман солар сияқты мықтылар қатарында болу еді. Ес біліп, өзімізді таныған сәтте бразилиялықтардың сауыққұмарлығын, кофенің ортасында жүретінін, түрлі жеміс-жидек, мұхит өнімдерін шебер әзірлейтінін білдік. Сәті түсіп Атлант мұхитын асып, Сан-Паулу қаласында бір апта болып, аз уақыт болса да елдің тыныс-тіршілігін көріп, өзімізше ой түйдік. Bem-vindos ao Brazil! (Бразилияға қош келдіңіз!).

ҮМІТ пен СЕНІМ

Әуелі Алматыдан Дохаға дейін 5 сағат, одан ары Сан-Паулуға дейін 15 сағат ұшақ ішінде болдық. Елімізде екі ауылдың арасындағы интернет желісін реттей алмай жүргенде Атлант мұхитының үстінде ғаламторды емін-еркін ақтарып, бір қиырдан екінші шетпен желі арқылы байланысып отырдық. Қазақстан мен Бразилияның уақыт айырмасы 8 сағат. Сан-Паулуда таң атып жатса, Талдықорғанда қас қарайып жатады. Жақындармен, туыс-достармен хат алмасып, кейде абайсызда видеоқоңыраулатып жіберіп, уақыт айырмасы әртүрлі екенін бағамдай алмай қалған сәттер жиі болды.

Ең алғашқы аңғарғанымыз, мұнда үй жануарларына ерекше күтіммен қарайды. Әсіресе, итке деген көңілдің айрықша екенін көресің. Алдыңнан өткен үшінші адам итін жетектеп бара жатады. Тіпті кез келген орынға өзіңмен ертіп кіре аласың. Біз тұрақтаған Сан-Паулудың «Higienópolis» шағынауданындағы «INNSiDE by Meliá São Paulo» қонақүйінен екі аттам жердегі «Shopping Pátio Higienópolis» сауда орталығының ішінде ит жетектеген жандарды жиі жолықтырдық. Біз үшін таңсық болғанымен өздері үшін үйреншікті. Ал сауда үйіндегі баға біздің есеппен шарықтап тұр. Достарыма базарлық есебінде футбол формасын ала барайын деген оймен есептетіп жіберіп едім, ең төменгі бағасы 30 мың теңгенің үстінде болды. Аладоптың отаны саналатын елдегі футболға арналған формалардың сапасы да, бағасы да әртүрлі. Әсіресе Бразилияның алты мәрте жеңімпазы болған «Сан-Паулу» клубының формасына көз түсті. Спорттық карьераларының шарықтау шегінде Еуропаның танымал «ПСЖ», «Тоттенхэм» сынды командасында ойнаған Лукас Моура, «Бавария», «Олимпикте» болған Луис Густаво «Сан-Паулу» командасының бүгінгі жұлдыздары. Сан-Паулу қаласында әлемдік деңгейдегі үш команда бар, олар – «Коринтианс», «Палмейрас» және «Сан-Паулу».

Бразилияға аяқ тигенде алдымыздан қарсы алып, күтіп алған гид Виктордан «Сан-Паулу» командасы жөнінде сұрастырып, футболдың отаны саналатын елдің келесі жылы өтетін Әлем чемпионатынан күтері қандай екенін сұрадық. Ол: «Шыны керек, біздің алтын алуымыз қиындау. Неймардан кейін дриблинг жасап, тәуекелге баратындар жоқтың қасы. Қазір «Барселонада» ойнап жүрген Рафиньянға, «Реалдағы» Винисус Жуниор, Родригоға сенім білдіріп, «Челсиге» ауысқан жас талант Эстеваоға үміт артамыз», – деді. Келер жылы Канада, Мексика, АҚШ-та болатын Әлем чемпионатында жүлде алуы мүмкін үміткерлердің жоғарғы жағында Бразилия да бар. Рас, 2002 жылы Корея мен Жапонияда өткен біріншіліктегі алтыннан кейін «Селесаоның» (Бразилияның футболдағы лақап аты) кейінгі бес Әлем чемпионатында жолы болмады (2014 жылы Бразилияда өткен чемпионатта 4-орын алды).

ҚАУІП

Сампаны (Сан-Паулуды қысқартып айтқандары) еркін аралап, көше кезіп жүретіндей уақыт болмады. Күнтізбенің тығыздығы бар және алғашқы келген күндері шуақтап отырғанымызда жанымыздан өткен төрт баланың біреуінің беліндегі тапаншаны көргеннен кейін беталды шығып, әр нәрсені сатып алуға көңіл дауаламай қалды. Бразилияға келмей тұрып интернеттен зерттеу жүргізіп, жүріс-тұрыста ұстану керек қағидаларды қарағанбыз. Талай туристің тентіреп кеткенін айтып, басынан-аяғына дейін шешіндіріп, қолындағы құрал-жабдықтарын тартып алғандықтарын ашық көрсеткен.

Бір көше мен екінші көше арасындағы сауда үйіне, керек-жарақ алатын белгілі жерлерге барғанымызда қолымыздағы телефонды көрген егде тартқан бір азамат: «Телефонды қалталарыңа салыңдар, болмаса тығып ұстаңдар. Қолда ашық ұстамаңдар. Мотоциклмен жүргендер оңай жұлып алып кетеді», – деп жанашырлық танытты. Расымен, қиылыс, бұрылысы көп көшелерде мотоцикл мінгендер жетерлік.

Бразилиядағы белгілі grokipedia.com сайтының жүргізген статистикасына сүйенсек, былтыр Сан-Паулуда 562 мың ұрлық, 189 мың қарақшылық ресми тіркелген. Ашылмай, айтылмай қалғандары қанша? Ал numbeo.com сайты қаладағы қылмыстың биылғы көрсеткішін 69.96 пайызға (өте жоғары) бағалаған. Жанымызға ерген сақшылар да түнделетіп жүрмеуді, кеш қалып, көшеге жалғыз шықпауды о баста ескерткен.

Латын Америкасының ғана ірі қаласы емес, Әлемдегі мегаполисте сабылған адам, іркес-тіркес көліктер көп-ақ. Қаржы және бизнес орталығы саналатын шаһарда аспанмен таласқан ғимараттар, тынымсыз өмірді көруге болады. Шамамен 20 миллионнан астам тұрғынды бауырына басып жатқан Сан-Паулуда күнделікті тіршілік қызу.

Қолыма түскен, 1921 жылдан бастап оқырманға жол тартқан «Polha de S.Paulo» газетінің 11 желтоқсанда шыққан санын (7.90 Бразилия реалына, шамамен 800 теңгеге сатып алдым) шолып шықтым. Жаһанның және жергілікті жаңалықтарын қамтыған 39 беттен тұратын газеттің әр парағы өзгеше безендірумен түрлі тақырыпты қозғайды. Газет бетіндегі туристерге арналған айдарлардан қонақтардың қауіпсіздігі жөнінде оқып, сақтық шараларын көруге болады. Күнделікті шығатын (аптасына 7 рет) газет терең талдаулар мен сараптамаларға толы.

МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ

Бразилияда дәл қазір көктемнің соңғы күндеріндегі ауа райы тұр. Біз барған бір аптаның өзінде үш күн жауын-шашынмен өтті. Мың құбылып жел соғып, лезде аспан ашылып, болмаса бұлттар жылдамдықпен төбеңде көшіп жатады. Жылы. Ал Жаңа жылға дайындық басталып кеткен. Жарық дүниені танып, көзімізді ашқалы желтоқсанды ызғармен қарсы алып, шыршаны қар үстінде көріп, аязбен, суықпен астастырып келген басымыз жап-жасыл желек арасынан безендірілген шыршаны байқамай қаламыз. Сауда үйінде, қоғамдық жерлерде Жаңа жылдың лебін сездіріп шырша құрылып, түрлі ойыншықтар ілінген.

Сауық-сайранды сүйетін, ән мен биді шебер орындайтын бразилиялықтар үшін әр мереке ерекше шоу. Бұл жөнінде жанымда жүрген Виктор: «Біз үшін әр мерекені ерекше атап өту маңызды. Жаңа жыл да сол қатарда. Бірақ ең әйгілісі Рио-де-Жанейродағы Копакабана жағалауында өтеді. Ол жерге барғандар бірдей ақ киім киіп, теңізге гүл шоқтарын тастап, отшашу ұйымдастырады. Ал Бразилиядағы танымал әлем білетін мерекеміз – карнавал. Келесі жылы ақпанда болады. Карнавал барысында көшелерде парадтар, самба-шоу, костюмдер мен музыка, би-шеру бар. Сан-Паулу мен Рио-де-Жанейро ең әйгілі карнавал қаласы саналады. Сан-Паулуда алдын ала (pre Carnival) шаралар мен көшедегі «blocos» ақпанның бірінші жартысында, яғни, ресми карнавал күндерінен бұрын басталады. Джаз бен самба көшелерде бір-бірімен араласып, карнавалға дайындық атмосферасын сездіреді», – дейді.

Бразилия карнавалы – бұл христиан дәстүрінен бастау алған мәдени мереке болғанымен бүгінде ол халықтың бірлігін, өнерін, музыка мен биін көрсетуге арналған үлкен халықаралық фестивальге айналды. Аталған мерекені тағатсыздана күтетіндер көп.

Әйгілі футболшы, бапкер Йохан Кройф өзінің бір естелігінде: «Бірде Ромарио Бразилияда өтетін карнавалға сұранды. «Егер ертең екі гол салсаң, боссың» дедім. Ертесінде Ромарио «Реал» қақпасына 20 минут ішінде дубль (екі гол) жасап, «Бапкер, мені алмастырасыз ба, бір сағаттан кейін ұшағым көкке көтерілетін еді» дегені әлі есімде», – деп еді. Жаһан білетін танымал бразилиялықтар карнавалға асығып, бар жұмысын ысырып тастайтынының анық көрінісі. Жаңажылдық көңіл-күй де жақсы. Ал біз қарсыз, ызғар, суықсыз аса сезіне алмадық…

Сан-Паулу – экономикалық қуат, мәдени байлық, тарихи құндылықтары мен заманауи өмір салтының үйлесімі. Қала әр туристке, кәсіпкерге өзіндік ерекше әсер қалдырады. Сан-Паулу тек Бразилияның емес, бүкіл Оңтүстік Американың маңызды қалаларының бірі.

Серік ҚАНТАЙ
Сан-Паулу, Бразилия

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.