Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов IBA ұйымдастыруымен Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шыға алмады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы ресейлік Илья Поповпен жұдырықтасты. Кездесу тартысты өтіп, төрешілердің шешімімен 4:3 есебімен қарсыласының пайдасына аяқталды.
Жекпе-жек барысында Ертуған Зейнуллинов бастапқы раундтарда ұпай бойынша алға шығып, белсенді қимыл көрсетті. Алайда айқастың шешуші сәттерінде Илья Попов басымдықты өз пайдасына аударып, кездесудің тағдырын шешті.
Осылайша, Ертуған Зейнуллинов әлем біріншілігін қола жүлдемен аяқтап, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль салды.





