Қазақстан құрамасының боксшысы Оразбек Асылқұлов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Vesti.kz сайтының дерегіне сүйеніп.
57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Оразбек 1/8 финалда испаниялық Карлос Мартинес Бернадпен жұдырықтасты. Кездесу толық үш раундқа созылып, Асылқұлов 5:0 есебімен таза жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Бернад Замбия боксшысы Джонатан Мвинганы екінші раундта ортасында сол жақ хукпен ауыр нокауқа түсіріп, кейін замбиялыққа көмек қажет болған еді.
Оразбек Асылқұлов та 1/8 финалда Эсватиниден келген Мукело Дламиниді 21 секундта нокауқа түсірген еді.
Бұған дейін 10 желтоқсандағы ширек финалда Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов және Сабыржан Аққалыков жеңіске жетті.





