Талдықорған: -7°C
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ДЕНИС ТЕННІҢ ЖОҚТЫҒЫ-АЙ! БЕЙЖІҢНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛАР ЕДІ. БІР КЕМ ДҮНИЕ!

12.02.2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
ДЕНИС ТЕННІҢ ЖОҚТЫҒЫ-АЙ! БЕЙЖІҢНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛАР ЕДІ. БІР КЕМ ДҮНИЕ!
WhatsAppTelegramFacebook

Аспанасты елінде өтіп жатқан ақ Олимпиада ойындарына көз тіккелі қашан?! Дода бүгінде орта шеніне келді. Әйтсе де, ел сенімін арқалап аттанған ұл-қыздардың қоржыны бос. Өзгенің жүлдесіне қуанып, қызыға да, қызғана да қарап  жанымыз ауырып барады. Сөйте тұра жерлестеріміздің жолына үмітпен қарауды да естен шығармаймыз. Ғайыптан тайып, бір жүлде болып қалар деген үміт басым.

Сонымен, жүлде алады деген Юлья Галышева елге оралып үлгерген болар. Одан кейінгі жүлдеге дәмелі деген конькиші қыздарымыз да могулшылардың кейпін киді. «1500 м. Менің сүйікті жаттығуым, одан қайтсем жүлде аламын» деп сендірген Н. Морозова уәдесінде тұрмады.  Шорт-тректен сынға түскен біздің құрамадағы Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Яна Хан мен Ольга Тихонова алғашында тәуір өнер көрсеткендерімен артынша жүлдеге қол жеткізе алмады. Біз үшін бесінші орын жетістік болып тұр.

Конькимен жүгіруден сынға түскендер нағыз сенсация жасады. Бір жарыста екі рекорд тіркеліп, жанкештілік танытты.

Ерлер арасында бес шақырымға конькимен жүгіруде Нильс ван дер Пёль су жаңа Олимпиада рекордын тіркеп, алтын алды. Күміс жүлдегер нидерландылық Патрик Руст та Олимпиада рекордын тіркеп , мерейі шалқыды. Соңғы шыққан Нильс екі айналым қалғанда ғаламат жігер мен жылдамдық көрсетті, сөйтіп алтынды жұлып әкетті. Қола медальді норвегиялық Хальгейр Энгебротен еншіледі. Дәл осындай көріністі көріп тұрып  іштей қынжыласың. Біздің ұландар рекордтық көрсеткіш тұрмақ  жүлделі орынға қол соза алмай алаөкпе болып жүр.

Шорт-тректен сынға түскендердің ішінде Әділ Ғалиахметовтың болашағы зор. Жүлдені уысына түсіре алмады дегеніміз болмаса тамаша өнер көрсетті. Алғашында үздік нәтиже көрсетіп, ақтық сында мықтылармен тартысқа түсті. Сәл сәттілік жетіспеді ме, он үздіктің ішінен сегізінші орынға табан тіреді. Оңтүстік кореялық Хван Дэгон чемпион болса, канадалық Стивен Дюбуа күміс, Семён Елистратов (РОК) қола медаль жеңіп алды.

Есімі алысқа кеткен Венгрия құрамасы сапындағы ағайынды Люлердің жүлдесіз қалуы кішігірім сенсация.

Шаңғы жарысына түскен қазақстандықтардың нәтижесін айтуға ұялып отырмын. Ерлер арасындағы шаңғыдан 15+15 шақырымдық скиатлон жарысында Александр Большунов өзгелерден оқ бойы озық болды. Ресейлік отыз шақырымды (1:16:9) сенімді еңсерді. Екінші орынды одан бір минут, он бір секунд қалып кеткен отандасы Денис Спицов алды. Үштікті фин Ийво Нисканен түйіндеді. Мына қызықты қараңыз, Большунов жарыс кезінде топтың ортасында келе жатып, бұрылыста қарқынын тежей алмай құлап қалған. Бұл уақытта қарсыластары жылдамдықты біраз күшейтіп жіберген. Сағы сынбаған Большунов намысқа тырысып, барлығын басып озды. Артынша мәреге жеке дара келді.

Мұны қалай бағалаймыз? Біздің жігіттер дәл осылай құлап қалса, сылтау айтып шыға келер еді. Онсыз да 32, 40 орында келіп сылтау айтып жатқандары көп. Барлығының назы елде жаттығу жасайтын жер жоқ, сапасыз, Қазақстан аумағы қысқы спортпен шұғылдануға сәйкес келмейді, дайындықты шет мемлекетте өткізу керек дегенді айтады. Ал Олимпиаданың алтыны мен күмісі, қоласын бір жарыста мойынына іліп келген мақтанышымыз В.Смирнов басқаша ой қозғайды. «Біздің ел нағыз қысқы спортқа арналған. Бес ай қыс мезгілі, оның сыртында әлемдік стандартқа сай шаңғы базаларымыз бар», – дейді ол.

Сонда реніш айтып жатқандардың көксегені не? Шет елге барып, елдің қаржысын шашып жүрсем деген ой ғана ма?! Өкпені өзгеге артпай, кінәні өздерінен іздегені дұрыс болар. Жігер, намыс, құошыныс жоқ. Мәреге келіп, аузынан ақ көбігі ағып құлап жатқан сырттың шаңғышылары мұндай ойды мүлде ойламайды. Олардың ерлігіне қарап тұрып, нағыз жанкештілікті көресің. Жеңілсе, бабымның келіспегені дейді. Ондай көріністі талай мәрте көргенбіз. Жүлдеден тыс қалған спортшыларының жауабы: «Негізі жеңуім керек болатын, неге екені белгісіз, жеңіліп қалдым. Соған қарағанда жаттығу аз болып қалды, екі есе жаттығуым керек», – деп кете барады. Ал бізде, керісінше, кінәні өзгеге артып, мемлекетті айыптаймыз.

Мәнерлеп сырғанауға спортшы қатыстыра алмадық. Елдің сүйіктісіне айналған Денис Теннің жоқтығы-ай! Мың бұралған биі мен сауатты жасаған әдістерімен, сымбаттылығымен жанкүйердің жүрегін жаулап, аспанасты елінен алтын тұғырдан қол бұлғайтын кезі-ақ еді, бір кем дүние!

Бұл сында америкалық Нэтан Чен топ жарды. Бүгін үш дүркін әлем чемпионы еркін бағдарламада 218.63 ұпай жинады. Оның алдында 22 жастағы мәнерлеп сырғанаушы қысқа бағдарламада әлем рекордын тіркеген (113,97). Жалпы нәтижесі – 332.60.

Алдыңғы әлем рекордының иесі және екі Олимпиада жеңімпазы жапониялық Юдзуру Ханю (111,82) еркін бағдарламада жүлдеге таласатынын аңғартқан. Алайда Юдзурудің төрттік акселі нәтижелі болмады. Нәбәрі 283.21 ұпаймен 4-орын алды.

Күміс пен қола жапониялық Юма Кагияма мен Сёма Уноның еншісінде кетті. Чен араға үш Олимпиада салып, жекелей сындағы алтынды АҚШ-қа қайтарды. Ванкувердегі Эван Лайсачектің табысынан кейін Ханю шашасына шаң жұқтырмай келген.

Көріп отырғанымыздай, бізде жүлдеден гөрі сылтау көп. Алда әлі жарыстар бар, мүмкін жүлде түсіп қалар. Үміттен күдік басым.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық банк бағамға әсер ететін негізгі факторларды атады

17.03.2026
40 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты

40 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты

17.03.2026
Қатты жел мен көктайғақ: Қазгидромет ескерту жасады

Бүгінгі ауа райы болжамы

17.03.2026
Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

17.03.2026
Олжас Бектенов: Еліміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты

Олжас Бектенов: Еліміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты

17.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.