Талдықорған: -1°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Доп ұстап туған балақай

01.02.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Доп ұстап туған балақай
WhatsAppTelegramFacebook

Футбол деген бір сиқыр. Әлемді өзіне ынтық етуде, сиқырымен арбап алатын да осы бір теңбіл доп додасы. Ал жасыл алаңдағы ойын несімен арбайды десеңіз, талантымен танылған ойыншылардың өнері. Футбол десе Месси, Роналду, Ямаль, Неймар деп тізбектей жөнелесің. Олардың санында шек жоқ. Сонау 1930 жылы бастау алған әлем чемпионатынан кейін небір мықты ойыншыларды жанкүйерлермен қауыштырып, өзіне табындырды десек артық айтпаспыз. Қазақ футболының да майталмандары көпшіліктің аузында. Кезіндегі «Қайраттың» сапында доп тепкен үздіктерімізді тамсана айтсақ, бүгінде сондай футболшыларымыз жоқ емес. Дәл осы тұста аты аңызға айналатын жас футболшының өсіп келе жатқанын бірі білсе, бірі білмейді. Туғанда доп ұстап туған Мансұр Жұмабек Талдықорғанда тұрады. Олай болса осы бір кішкентай балақай жайлы кеңінен толғап, футбол жанкүйерлеріне толықтай таныстырайық.

Әңгіменің әлқиссасын Ибраевтар отбасынан бастаған жөн шығар. Физиканың заңдылығы бойынша «алма алма ағашынан алысқа түспейді» – дей ме?! Олай болса, Мансұрдың әкесі Нұрлан да футболдан алыс емес. Қаладағы «Еркін» командасының ойыншысы. Футбол десе бар ісін ысырып қойып, жан-тәнімен алаңда ойқастай жөнеледі. Міне, сол Нұрлан Ибраев 2015 жылы Әсел Еркінқызы екеуі шаңырақ көтеріп, ата-аналарын қуанышқа бөлейді. Жас отбасы өмірдің қызығын бірге кешіп, бақыт құшағында бөленіп, ел қызығатын жұпқа айналды. Көрген жұрт «бақыттарың баянды болсын» деген тілекті арнап, екі жастың болашағына үлкен үміт артты. Мына бір қызыққа зер салыңызшы. Әселдің құрсағына бөпе бітіп, ай-күнін күтіп жүрген. Болар бала анасының құрсағында жатқанда-ақ бұлқынады. Әселдің құрсағындағы кішкентай шешесінің ішін тепкілеп, тыныш жатпай, біраз мазасын алады. Әкесі де жақсыға ырымдап, «осы балам мықты футболшы болады» деп ырымдайды.

Одан қалды алты ай болғанда Нұрлан мен Әсел араласатын достарымен табиғат аясында демалысқа барады. Бір күнгі демалысты қызықты өткізген Нұрлан мен Әсел доп ойнап, әбден қызыққа батады. Келген қонақтар да екі командаға бөлініп, доп тебеді. Сол кезде Әсел де ішіндегі алты айлық баласымен футбол ойнап, табиғат аясында көңіл сергітеді. Бұл бекер емес, қыз баланың футболға қызыға қоюы екіталай. Әсел де жары Нұрланның ойынын қызықтағаны болмаса аса бір құлшынып, футбол ойнайтын жан емес. Ал бірақ, сол кездегі футболға деген ынтығы ерекше болғанын өзі де, күнін допсыз өткізбейтін Нұрлан да бүгінге дейін таңғалады. Тоғыз ай, тоғыз күн өтіп, іштегі нәрестенің де жарық дүниеге келетін кезі. Қаладағы перзентханаға кеткен Әсел шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелді. Ұлының есімін Мансұр деп қойған Нұрланның қуанышында шек жоқ. Отанасы ұл сыйлап жатса қалай қуанбасын! Аллаға мың шүкір деген Нұрлан ұлының перзентханадан шығатын күні кезекті ойынға кетеді. Жергілікті командалар арасындағы жарыс күні болғасын тобын тастап кетуге болмайды және жауапты ойын. Туған-туыс, дос-жаран жиылып перзентханаға аттанғанда Нұрлан жасыл алаңда тер төгіп жатқан. Ойын біте салысымен перзентханаға қарай құстай ұшады. Жолшыбай спорт дүкеніне кіріп, ырымдап чемпиондар лигасының кішкентай ғана добын 5 мың теңгеге сатып алады. «Ұлым қазақтың әйгілі футболшысы, әлемді аузына қаратқан, атақты болсын» деп перзентханаға жеткенше іштей Жаратқанға тілегін айтып барады. Мейірбикелер құндақтаулы баланы Нұрланның қолына ұстатқанда оралып тұрған Мансұрдың көрпесінің ішіне жаңа ғана сатып алған допты салып, сыртқа алып шығады.

Осылайша Ибраевтар отбасында Мансұр деген азамат добын құшақтап шаңырағына келеді. Кішкентай кезінен бастап балаға массажды әкесі мен шешесі өздері жасайды. Әсел қолына жасаса, Нұрлан аяғына жасап, баланы ширатады. Содан болар, ширап өскен Мансұр алты айлығында аяғының ұшымен жер басып, нағашы атасы Еркіннің сүйемелдеуімен қадам жасайды. Әдетте ер бала жалқау болып аяғын жай басады дейтін. Мансұр олай болмады. Атасының екі қолынан ұстап алып, сол алты-жеті айынан бастап үйдегі допты тепкілейді. Сегіз айында толық шапқылап кеткен Мансұрдың бар бітіретіні әкесінің алып берген доптарын тебу. Жай ғана дөңгелетіп емес, кәнігі футболшыдай аяғының басымен алып жүріп, түрлі жаттығуды жасайды. Әкесімен бірге футбол қарап, теледидардан көрген жаттығуларды ешкімнің нұсқауынсыз өз бетімен жасап, көрген адамды таң-тамаша етеді. Осылайша Мансұр батыр 1 жасқа келіп, ата-анасы ағайынның басын қосып, той береді. Ежелден ырымшыл халық емеспіз бе? Әр ырымның түбінде бір тылсым дүние бар, жақсылыққа жетелейтін үміт бар. Сол дүбірлі тойда Мансұрдың тұсауын Нұрланның досы, Талдықорғанда футболмен есімі елге таныс Алмас Мырзахметов кеседі. Қалалы жер, көпқабатты үй Мансұрға тарлық етті. Олай дейтінім көзін ашқаннан доп тепкен балақай үйде бекерге жатсын ба, бөлме-бөлмеге допты алып жүру, түрлі кедергіден доппен өту жаттығуларын төртінші қабаттағы бөлменің ішінде жасайды. Астыңғы көршілерге маза болмағасын ақыры көрші қыз шағым айтып, Мансұрға үйде доп тебуге тиым салынды. Бұлқынып келе жатқан жас жеткіншекке бұл ауыр тиді. Бала болып басқа ойынды ойнағысы келмеді. Бүгінгі телефонға телмірген кішкентайлар секілді емес, бар аңсағаны доп. Әкесі мен анасы да баланың көңілін аулап, басқа бір ойындарды көрсеткенімен оған назары ауа қоймады. Бір күні Мансұр дастарқанның басында тұрған алманы алып, ақыры соны доп қылып тепті. Бұл жүйрік атты тұсаулағандай, қиянат емес пе?! Әрине, қиянат. Осыны көрген әкесі астыңғы қабаттағы қыздың ағасына хабарласып: «Ағатай, ұлым құса болатын болды. Қарындасың шағым айтқасын ұлымның доптарын тығып тастап едім. Ол әлі кішкентай ғана бала. Бар болғаны бір жарым жаста. Ақыры болмағасын алманы доп етіп теуіп жүр», – деп өтінішін айтады. Хабарласқан адамы да доптан алыс болмаған секілді. «Баланың бағын байламай, добын беріңдер. Ол бала, балалығын жасайды, кім біледі, болашақ талантты футболшы өсіп келе жатқан шығар, кішкентайдың бетін қақпаңдар, қарындасыма өзім айтамын» – деп рұқсатын береді. Сол кездегі Мансұрдың қуанышында шек болмады. Жаттығуын жалғастырып, добын тепкілей жөнелді. Мансұр үш жарым жасқа толғанда әкесі қолынан жетектеп қаладағы «Чемпион» атты үйірмеге алып барады. Ол жерде де алты жастан жоғары қабылдайды. Алғашында Мансұрды кішкентай деп қабылдамайды. Әкесі жаттығу залында жүрген балаларды көріп, «мына сіздің балаларыңыздан менің балам талантты. Егер айтқан жаттығуыңызды орындай алмаса, ұлымды кері алып кетем, қазір тексеріп көріңіз», – дейді. Келіспеске амал жоқ, Мансұрды сынап көреді.

Құлжаның сақасындай ғана Мансұр допты ұршықша иіріп, жүгіре жөнелгенде жаттықтырушының көзі атыздай болады. Ақыры Мансұрды қабылдап, біраз уақыт сол жаттығу залында шынығады. Бірақ Мансұрға бұл жер тарлық етті. Бәсекелесетін қарсылас жоқ, залда жүрген балалар балабақшаның балалары секілді допқа ыңғайы келмеді. Оны жаттықтырушы да байқап, балаға обал болмасын, Мансұр кәдімгі футбол орталығына баруы керек деп шешеді. Осылайшы әкесіне айтып, Мансұрды «Жетісу» футбол орталығына апарады. Ол жерде де Мансұрдың жасы жетпейді. Алты жастан жоғары балаларды қабылдайтын орталық, Мансұрдың жасын алға тартады. Төрт жасқа жетер жетпес Мансұрдың барар жері осы орталық қана. Әлімжан Мұхпулұлы деген жаттықтырушыға өтініш айтады. Ол да сол баяғы «жасы кішкентай» деп, Мансұрды менсінбей қояды. Ақырында «сынақ өткізіңіз, егер тапсырмаңызды орындай алмаса жасы толғанда келемін», деп шарт қояды. Жаттықтырушы шынашақтай Мансұрды алаңға алып шығып, алдына допты тастай салады. Тар үйде доп пен алманы қақпақылдап теуіп үйренген Мансұр жасыл алаңда кең көсіліп, теңбіл допты аяғында ойнатады. Мұны көрген Әлімжан жаттықтырушы Мансұрдың өнеріне таңданыс білдіреді. «Мұндай жастағы бала, мұндай жаттығуды сауатты орындай алмайды. Мансұрдың бойында тума талант бар, жасы жетпесе де, жоғары балалардың қатарына қосамын», – деп сол жерде шешім қабылдайды. 

Екі күн өзінен үш жас үлкен балалармен жаттығу өткізген Мансұр, үшінші күні жарыс алаңына шығады. Ол тек шығып қана қойған жоқ, сол күні бірінші жарысында жеті гол соғып командасына жеңіс сыйлады. Осылайша Мансұрдың жасыл алаңдағы жаттығуы басталды. Жаттықтырушылар мен өз жанкүйерлерінің қызығушылығы күннен күнге артты. Араға бір ай салып, атақты «Іле сәулет» командасымен болған кездесуде де жасындай жарқылдап, үздік атанды.  Ж. Сағындықов, А. Сейдахмет секілді бапкерлердің тәлімін алып, шеберлігін шыңдай түсті. Бүгінде Мансұрдың жасы 8-ге толды. 2-сынып оқитын Мансұрды қазір Елдос Маратұлы жаттықтырады. Шеберлігі өзгеден артып келе жатқан Мансұр қаланың үздік жас футболшысына айналғаны қашан. Әр ойынын жанкүйерлер әлеуметтік желіге салып, қаралымы да артып жатады. «Мына баланың бойында ерекше талант бар» деп жазып жатқандар қаншама. Жуырда Алматы қаласында «Almaty CUP» турниріне қатысып, бірінші орынды жеңіп алды. Алаңда ойқастаған Мансұр, қарсыластар қақпасын бірнеше мәрте дәл көздеді. Осындай ойынының арқасында «үздік шабуылшы» атағын иеленді. Дәл осы тұста айта кетейік, Мансұр өз жасынан үш жас үлкендер командасында өнер көрсетіп жүр. Өйткені өз қатарластары Мансұрдың ойынын шектеп, талантына тұсау болатыны анық. Сол себепті де шеберлігі шыңдалған балалардың ортасында өзінің де мықтылығын көрсетіп келеді. Талдықорған қаласында «Бала лига» жарысында да ерекше көзге түсіп, сұрмергендер легінің көш басында тұр. Бір маусымда 18 гол соғып, ешкімге дес берер емес. Мансұрға сырттан көз тіккендер өте көп. Алматы қаласынан футбол мамандары қызығып, шақырту да алған. Өкініштісі ол жаққа Мансұр баруы үшін ата-анасы да бірге көшуге тура келеді. Әзірге Талдықорған қаласындағы футбол орталығында жүр. Әр кез жетісулық футзал командасының ойыншыларымен де доп теуіп, техникасын байытып қояды. Командадағы бразилиялық ойыншылар Мансұрдың талантына бас ұрып, болашақ жұлдыз деген бағаны беріп жүр. Бір қиыны, қыста балаларға арналған жабық залдың жоғы. Әр жердің есігін сығалап, тар жерде тер төккен балалардың болашағына алаңдайсың. Қалай болғанда да, Мансұрдың болашағы зор. Өзі де әлем футболын жатқа біледі. «Барселона» командасының жанкүйері. Сүйікті ойыншысы Ламин Ямаль. Бірақ «олар менен мықты емес, мен олардан мықтымын» дейді. Өз мықтылығына сеніп тұрған Мансұр Нұрлан-ұлының болашағына біз де үмітпен қарап, жолың болсын деген тілекті арнаймыз!

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

05.02.2026
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.