Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЕКІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ЖЕҢІМПАЗ

24 мамыр 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЕКІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ЖЕҢІМПАЗ
WhatsAppTelegramFacebook

 Үшінші рет ұйымдастырылған «Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйгесі өз мәресіне жетті. Биылғы дода көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды. Бес күнге созылған аламан Павлодардан басталып, Астанада аяқталды. Жорық 500 шақырымды құрады. Еліміздің 18 аймағынан 90-ға жуық шабандоз қатысты.


Жетісулықтар екінші жыл қатарынан топтан бөлініп, мәреге бірінші келді. Олардың жалпы уақыты – 32 сағат, 40 минут, 18 секунд. 2-орынды Маңғыстау облысының шабандоздары (33 сағат, 05 минут, 30 секунд), 3-ші болып Алматы қаласының командасы (33 сағат, 31 минут, 08 секунд) алды. Төрттікті жамбылдықтар, 5-ші болып Астана қаласының спортшылары келді. 

Ал жекелей көрсеткіш бойынша Мәулетхан Ералы (Жетісу облысы, 32 сағат, 24 минут, 42 секунд), Әлихан Мұхамбетов (Қостанай облысы, 32 сағат, 32 минут, 08 секунд), Әбіш Етреков (Шығыс Қазақстан облысы, 34 сағат, 01 минут, 37 секунд), Дулат Жұмашев (Шығыс Қазақстан облысы, 34 сағат, 53 минут, 37 секунд) үздік шықты.    

Биыл Павлодар – Астана бағытындағы марафон-бәйгеге барлығы 19 команда қатысқанымен олардың тек 11-і ғана белгіленген межені толық жүріп өтті. Енді үздіктерден көрінген үштік 2-7 қыркүйек аралығында өтетін «Ұлы Дала жорығы» күзгі халықаралық марафонына қатысады. 

– Бүгінде «Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйгесі тек дүбірлі додаға ғана емес, сонымен қатар көшпенділер мәдениетін ілгерілетудің бірегей жобасына айналды. Қыркүйек айында шабандоздарымызды жаңа жарыс күтіп тұр. Олар  V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында халықаралық марафонға қатысады. Бұл – бүкіл әлемге шабандоздарымыздың ептілігі мен шеберлігін, сондай-ақ, қазақ жылқыларының төзімділігін көрсетудің тамаша мүмкіндігі, – деді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов.
 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.