Қазақ күресінен қыздар арасында 65 келіде ел намысын қорғаған Зарина Сарипова V Көшпенділер ойынында жеңіске жетті.
Финалда өзбек қызы М. Қадірбергенованы жеңді.
Зарина осымен екінші Көшпенділер ойынында топжарып отыр. Түркияның Изник қаласында болған жарыста да 65 келіде чемпион болған.
Серік Қантай
Сурет автордікі





