Талдықорған: -7°C
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЕРНАР – ЕКІ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

13.09.2021
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЕРНАР – ЕКІ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Токио Олимпиадасынан жабырқап отырғанымызда жетісулық Ернар ШЫМБАЕВТЫҢ жарқ етіп, жаңа белестен қол бұлғағаны спортсүйер қауымның еңсесін бір тіктеп тастады. Кейіпкеріміз жуырда Ресей Федерациясында Ханты-Мансийск қаласында бильярдтан өткен әлем біріншілігінде чемпион атанды. Бөркін аспанға лақтырып, қуанған жұртта есеп жоқ. Осылай үлкен додадан жеңіспен оралған чемпионды сұхбатқа тартқан едік. Екеуара әңгімеде екі дүркін әлем чемпионы өз әсерімен бөлісті.

 – Ернар, біріншіден, жеңісің құтты болсын! Осы жерде жарыс жайлы ойыңды білсек?
– Ресей Федерациясында Ханты-Мансийск қаласында бильярдтан өткен әлем чемпионаты өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жарысқа 19 мемлекеттен 74 спортшы қатысты. Менің жеті қарсыласым болды. Оның төртеуі ресейлік, сосын Беларусь елінің екі бильярдшысы бар. Барлығы да оңай қарсылас емес, әккі ойыншылар.
Осы жерде бір нәрсені айтқым келеді. Жарысқа барған күннен бастап бірінші қарсыласым мықты болса екен деп тіледім. Айтқандай-ақ, Ресей құрамасының ойыншысы Есенеев деген ойыншымен бақ сынастым. Міне, сол азаматты соңғы шешуші партияда ұттым. Содан бастап менде сенімділік пайда бола бастады. Екінші қарсыласымды оңай ұттым, одан кейін әлемдік реитингте бірінші тұрған ойыншы Ёсиф Абрамовпен кездестім.
Өте шиеленісті ойын өтті. Алғашқыда тең түсіп, шешуші кезеңде ұттым. Есеп 7:6 болды. Ең мықтыны жеңгеннен кейін менде одан ары сенімділік пайда болып, әр соққым діттеген жеріне түсіп жатты. Оның үстіне елдің үмітін арқалап барғасын, мықтыларды жолдан ығыстырып келе жатқасын жеңілуге қақым болмады. Ақыр соңында Ресейдің жалғыз ойыншысы Никита Ливадамен финалда жолымыз түйісті. Никита әлемнің екі дүркін чемпионы және абсолюттік чемпион деген атағы тағы бар. Атағынан ат үркетін қарсыласым оңай беріле салған жоқ. Нағыз шебер ойын көрсетті. Бар күшімді салып жүріп, 7:4 есебімен ұтып, әлем чемпионы деген атаққа қол жеткіздім.
– Жалпы, Қазақстаннан неше спортшы бардыңдар?
– Елден төрт бильярдшы аттандық, үшеуі де ұтылды, 18 ге де жете алмады.
– Бұл жеңісің бірінші емес, екінші рет әлем чемпионы атанып отырсың. Бірінші рет қай кезде және қайда чемпион деген атаққа қол жеткіздің?
– 2010 жылы Алматы қаласында әлем чемпионы атандым. Екінші чемпиондыққа он бір жылдан кейін қол жеткізіп тұрмын.
– Жалпы өзің жайлы айтып өтсең, қай жердің тумасысың және бұл спортқа қалай келдің?
– Мен негізі Ташкентте кіндігім кесілген. Кейін Қарақалпақстанның Нөкісінде өстім. Кейін 2006 жылы Қазақстанға, Алматы қаласына көшіп келдім. Ата-анам кейін Қарасай ауданы, Еңбекші ауылына қоныс аударды. Сол кезден бастап Алматы облысының тұрғыны болып келем.
Ал бильярдқа қалай келгенімді айтар болсам, көп жастар секілді қыдырған кезде осы бильярд клубтарына барып, уақыт өткізетінім бар. Оған себепші болған – достарым. Онда да айтарлықтай шебер ойнадым деп айта алмаймын. Ел секілді шар қуалап, көңіл көтердік. Өз әлімше шар салып, сол жетістігіме қуанып жүрдім. Бірде Алматы қаласына келіп, бір бильярд клубқа бардым, сол жерде бір қыз баланың шар соғып жүргенін бірінші рет көрдім. Ол мен үшін таңсық еді, қыз баланың шар соққанын бірінші кезіктіруім. Оған қарап мен қатты таңдандым. Ол да менің ойыныма қарап, мені ойнауға шақырды.
Ең қызығы, мен ол қызға ұтылып қалдым. Мен қатты намыстандым. Сөйтсем, ол ару үнемі жарысқа қатысып жүретін мықты ойыншы екен. Жеңілгеніме іштей күйінгеніммен ол қыз мені жақында болатын ел чемпионатына шақырды. Сенен бір нәрсе шығады, бағыңды сынап көр деп айтты. Сол күннен бастап жеңілген аруым аздап маған бильярдтың ережесін, ойын қыр-сырын үйретті.
Осылайша, Шымкент қаласында өткен чемпионатқа қатыстым. Жарыста айтарлықтай бір нәтижеге қол жеткізген жоқпын, есесіне бір жаттықтырушының көзіне түсіп, онымен таныстым. Кейін сол бапкерге әкем қолымнан жетектеп апарып тапсырды. Александр Садирын мені үш ай үйретті. Одан кейін кіші жарыстарда жетістіктерге жете бастадым. Бірақ ел чемпионаттарында бас жүлдеге қол жеткізе алмадым. Ең жоғары деген нәтижем сегізінші орын ғана болды.
Бірде Констанцин Цой деген мықты ойыншы қатарынан жеті жарысты ұтады. Мен сол Цойға қатарынан үш жарыста жол бердім. Осы бір адамға үш рет ұтылдым, менің жеңетін күнім бола ма деп қатты ызаландым. Іштей өзіме сенім арттым, «түбі сені ұтам» деп мақсат қойдым. Содан қайта жаттығуды бастап, тынымсыз еңбек еттім. Төккен тердің өтеуі болсын дегендей жарысқа қайта сайланып шықтым. Ақыры бір жарым жылдың ішінде он жеті жарысты қатар ұттым.
Алда әлем чемпионаты келе жатты. Дүбірлі додаға дайындығым күшті болды. Үлкен дуға қатысуға бел будым. Дәл әлем чемпионатының алдында екі апта бұрын бір үлкен турнир өтті. Осыған өз күшімді тағы бір сынап көріп, чемпионат алдындағы бабымды тексеріп көрдім. Сәтін салып, жеңіске жетіп, қанжығама автокөлік байладым. Осындай ірі жеңістен рухтансам керек, 2010 жылы әлем чемпионатында топ жардым. Ал бір қызығы дүниежүзілік жарысқа дейін Қазақстан чемпионатында жеңіске жете алмаған едім. Кейін әлемнің жүлдесін алғасын ба, менің жолым ҚР чемпионатында жүре бастады. Одан кейін бірнеше дүркін жеңіс тұғырында қол бұлғадым.
– Екі чемпионаттың арасы он бір жыл деп отырсың. Осы аралықта бірде-бір рет әлем чемпионатына қатыспадың ба?
– Жоқ, әрине. Қатыстым, бірақ чемпиондыққа қол жеткізе алмадым. Көбіне финалдық сында жол беріп жүрдім, әлем кубогында да екінші, үшінші орындардан көрініп жүрдім. Сәті түскені осы болды. Мүмкін жетісулықтардың ақ тілеуі болар, жарысқа сенім артып, қаржылай көмек көрсетіп жіберді. Қалай болғанда да облыстың қоржынына әлем чемпионатының жүлдесін салдым. Бұл ретте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына үлкен алғысымды білдіремін!
– Сұхбатыңа рақмет!

Сұхбаттасқан Әмір САНА
 

 

Қатысты жаңалықтар

Онкологиялық аурулардан болатын өлім 14%-ға төмендеді

Онкологиялық аурулардан болатын өлім 14%-ға төмендеді

16.03.2026
Бұрынғы әкім қазір такси жүргізушісі болып жүр

Бұрынғы әкім қазір такси жүргізушісі болып жүр

16.03.2026
Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

16.03.2026
Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

16.03.2026
Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

16.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.