Фотографиямен әуестенген жанның бір сәт оның тарихына үңіліп, алғашқы фотомен танысып, қазақ даласындағы тұңғыш фотографтың еңбегін бір шолып шыққандығы анық. Биыл жалпы фотография үшін – айтулы жыл. Ең алғашқы фотоның түсірілгеніне 200 жыл болса, қазақ жеріндегі түсірілген бірінші фотоға – 185 жыл, ал тұңғыш қазақ фотографының суретпен әуестенгеніне 125 жыл болады. Алғашқы фотоның қалай түсірілгенін қайта еске түсіріп, қазақ даласындағы бірінші фотоның тарихын жазып, тұңғыш фотографтың еңбегіне тоқталсақ.
1824 жылы француз өнертапқышы Жозеф Ньепс тарихта тұңғыш фотоға түсірді. Ол битум (табиғи таушайырдың бір түрі) жағылған әктасты камера-обскураның ішіне орналастырды. Пейзажды толықтай түсіріп алу үшін бірнеше күн қажет болды – кескін тек жарық сәуледе (күндіз) ғана пайда болатын. Өкінішке қарай, бұл суреттер сақталмаған. Ал бізге жеткен адамзат тарихындағы алғашқы фото – «Терезден қарағандағы Ле Гра» деп аталады. Онда Жозеф Ньепс Францияның оңтүстігіндегі шеберханасының терезесінен фотоға түсіреді. Бір кадрды түсіру сегіз сағатқа созылған. Биыл бұл фотоға 200 жыл болды.
Бұл қазақ даласында түсірілген алғашқы фото. 1841 жылы Жәңгір хан қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, осы тарихи сәтті таспаға басу үшін Мәскеуден арнайы фотограф шақыртқан болатын. Сол кезде түсірілді. Бұл фотоға биыл 185 жыл болады.
Қазақтың тұңғыш фотографы – Шәңгерей Бөкеев. Жәңгір ханның немересі. 1901 жылы Бөкей Ордасының 100 жылдық мерейтойы кезінде император ІІ Николай фотоаппарат сыйлайды. Еліне оралған соң Шәңгерей фотоөнерді меңгеріп, туған ауылының тыныс-тіршілігін фотоға түсіре бастайды. Яғни тұңғыш қазақ фотогрфының суретпен әуестенгеніне тұп-тура – 125 жыл.
Серік ҚАНТАЙ







