Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Нұрхан Жұмағазы Жапонияның Фукуока қаласында өткен Rizin Landmark 13 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты. Отандасымыз сегізбұрышта жергілікті файтер Тенья Ёсимурамен кездесті.
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланып, соңына дейін созылды. Тартысты өткен кездесу қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан қазақстандық спортшыны жеңімпаз деп таныды. Осылайша, Нұрхан Жұмағазы кәсіби ММА мансабындағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді. Жапониялық спортшы үшін аталған бәсеке мансабындағы үшінші жеңіліс ретінде тіркелді. Нұрхан Жұмағазының Rizin промоушніндегі екінші жекпе-жегі оның халықаралық аренадағы деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram





