Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда
WhatsAppTelegramFacebook

Футболдан ел чемпионатының кезекті XXXV маусымы басталар сәт жақын. Ал қысқы ауыс-түйіс барысында барлық команда құрамын барынша күшейтіп, тактикалық тұрғыда жүйеге келмейтін футболшылармен қош айтысты. Бұл қатарда жыл сайын түрленіп чемпионатқа қосылып, көш соңында қалып кетпей, ілініп-салынып чемпионаттың келесі маусымына қалатын «Жетісу» да бар. Құрамы әр чемпионат сайын 80-90 пайыз өзгеріп, бапкеріне дейін жаңаратын талдықорғандық команда биыл өз түлектеріне сенім артпақ.

ҚОР ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ

Президент тапсырып, министрлік іске кірісіп, барша кәсіпкерлерге ұсыныс жасап, еліміздегі командаларды жекешелендіру бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Алды академияның құрылысын бастап, Еуропаның таңдаулы чемпионаттарында ойнаған, әлем білетін сақа футболшыларды қатарына қосты. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жуық арада бір жақты болатындығы анық. Бірақ әлі де өз үлесін облыстық әкімдік арқылы алып отырған футбол клубтары бар. Демеуші қарастырып, кәсіпкерлерді жағалағандардың алды олжалы болып та жатыр. Бұл тұрғыда «Жетісу» баяу жұмыс жүргізіп жатқандай көрінеді. Әлем футболының есеп-қисабын жүргізетін әйгілі transfermarkt сайты «Жетісу» футбол клубының биылғы бағасын қатарға қосылған ойыншыларына қарап 2,85 миллион еуроға бағалаған (әлі де өсуі мүмкін). Сайттың ақпарынша былтыр команда 4,33 миллион еуроға бағаланса, 2024 жылы 5,85 миллион еуроны көрсеткен. Сайт биылғы баға бойынша «Жетісу» сапындағы ең қымбат ойыншы деп талдықорғандық Асхат Балтабековты (250 мың еуро) жазған.

Бүгінде «Жетісу» футбол клубын тікелей бюджеттен қаржыландыру тоқтатылған. Бұл жөнінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Дуанаев айтты. Ол: «Мемлекет меншігінде болған «Жетісу» футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны облыс әкімдігінің 2024 жылғы 22 қазанындағы №341 қаулысымен таратылды. Ал 2025 жылдың 5 қаңтарынан бастап, «Жетісу» футбол клубы қоғамдық қор ретінде қайта тіркелді. Бұл клубтың енді мемлекеттік мекеме емес екенін және бюджеттен тікелей қаржы алмайтындығын білдіреді. 2025 жылы басқарма «Облыстың кәсіби футбол командасын ұстау және оның қызметін қамтамасыз ету» қызметі бойынша 1,7 миллиард теңгеге конкурс жариялады. Байқау жеңімпазы – «Жетісу» футбол клубы» қоғамдық қоры. Биыл Жетісу облысында футболды дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2,4 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл қаражат оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, командалардың Премьер-лига, Екінші лига, Әйелдер лигасы чемпионаттарына, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық жарыстарға қатысуына бағытталмақ. Бұл – спорттық резервті даярлаудың толыққанды жүйесі»,– деп атап өтті.

ӨЗІҢНЕН ТУМАЙ…

Маусым алдында еліміздегі барлық команда оқу-жаттығу жиынына қызу кірісіп, жолдастық кездесу өткізу үшін екі-үш мәрте сыртқа шығып келді. Екі рет Алматыда болып, үшіншісін Түркияның оңтүстігінде орналасқан Анталия қаласында өткізіп жатқан «Жетісу» құрамын әлі толық анықтамағанымен негізгі ойыншыларын белгілегендей. «Жетісуға» қайта оралған 43 жастағы жаттықтырушы Қайрат Нұрдәулетов (2024 жылғы маусымда «Жетісудың» бапкері болып, 28 ойында 6 кездесуді жеңіп, 8-ойында тең түсіп, 14 матчта жеңіліп жалпы чемпионатты 9-орында аяқтады. Командасы 21 гол салып, өз қақпасына 39 гол жіберді) Талдықорған футболының түлектерін көбірек шақыртып жатыр. Былтыр амалдары таусылған жетісулықтар өзге клубқа ауысып, басқа команданы паналаған. Қайраттың келуімен бәрі қайта оралып жатқандай. Былтыр басқа командада ойнаған талдықорғандықтар Асхат Балтабеков «Жеңістен», Серікжан Мұжықов «Оқжетпестен», Рауан Орынбасар «Тұраннан», Рафкат Аслан «Каспийден» оралды. «Жетісу» футбол клубы одан бөлек, молдавиялық қақпашы Степан Сикачтың, Адам Адахаджиевтің, Мәди Жақыпбаевтың, Әділхан Добайдың командаға келгенін ресми хабарлады. Ал Шыңғыс Әнуарбек, Артур Егоров сынды «Жетісудың» жастар құрамасының ойыншылары негізгі командамен келісімшартқа қол қойды.

Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан команданың бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов: «Командадан күтетінім ауызбіршілік. Бұл бастысы. Ал әр ойыншыдан талап ететінім – футболға деген құштарлық, барын салып, жанын беріп ойын көрсету. Ниеттің тазалығы. Оқу-жаттығу жиынында командаға ойыншыларды іріктедік. Жолдастық кездесу барысында түрлі эксприменттер жасадық. Бізге сеніңіздер, жанкүйер болыңыздар», – деді өз сөзінде.

«Жетісу» футбол клубы Түркияда өткізген алғашқы жолдастық кездесуінде «Сибирь» (Ресей) командасын 1:0 есебімен жеңді. Жоспар бойынша енді кездесу өткізу жоспарланған. Ал чемпионат наурызда басталады. Өкінішке қарай, «Жетісу» футбол клубы биыл маусымның басындағы ойындарын Талдықорғанда емес, Алматыдағы «Хан Тәңірі» алаңында өткізеді. Әр команда өзінше күшейіп жатқанда «Жетісу да» шама-шарқынша құраманы жасақтады. Енді маусымның басталар сәтін күтеміз.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.