Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Футболшылар әулеті. «Пеле» салған жол

11.01.2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, ӘЛЕУМЕТ
Футболшылар әулеті. «Пеле» салған жол

Исановтар әулетінің альбомынан

WhatsAppTelegramFacebook

Аладопқа арбалған адам алаңда және одан тыс өз арманы жолында жанын сала жүгіріп, еңбектене жүріп нәтиже шығаруға ұмтылады. Кей отбасылар үшін футбол жай ғана ойын емес,  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан өмір салтына айналған. Әкенің алаңдағы қадамын көрген бала үшін доп – арман, ал футбол – тағдыр. Мұндай әулет футболды тек спорт деп емес, отбасылық құндылық есебінде қарастырады. Аладопты отбасылық миссияға айналдырған әулеттер санатында Жетісудағы Исановтар әулеті бар. Самат Исановтың балалары Саят Саматұлы, Медет Исанов әуесқой лигада көзге түсіп жүрсе, Мади Саматұлы футзалдан «Бәйтерек» командасында, Мейір Саматұлы «Жетісу» футзал клубында ойнаса, олардың қарындасы Нұрай Саматқызы «Жетісу» әйелдер командасының намысын қорғайды.   

ӘУЛЕТ БАСЫНДА. Әуелі әулетке футболды алып келіп, аладопқа арбаған үйдің отағасы Самат Исанов. Ол бүгінгі Абай облысына қарасты Ақсуат ауылында 1965 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. Ауыл арасында «Пеле» деген лақап атымен танылған Самат Советқазыұлы 12 жасынан бастап футбол ойнаған. Бүгінде зейнетке шығып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

Дәстүрге айналған турнир

ҰМЫТПАЙМЫЗ. Исановтар әулеті жыл сайын анасы Нұргүл Исанованы еске алып, футболдан турнир ұйымдастырады. Бұл жөнінде үйдің үлкені Саят Саматұлы (1988 жылы 20 мамырда Семейде дүниеге келген): «Анамызды еске алу турнирін дәстүрлі түрде өткізіп келеміз. Биыл 6 рет ұйымдастырдық. Турнирді өткізу идеясы анамыздың жарқын бейнесін ұмытпай, оның атын ел есінде қалдыру, сондай-ақ, жастарды спортқа, нақтырақ айтқанда футболға баулу мақсатында пайда болды. Алғашқы жарысқа аудандардан жиналған командалар қатысты. Жарыс өте жылы атмосферада, үлкен ықыласпен өтті. Бұл бізге турнирді жыл сайын жалғастыруға үлкен мотивация берді. Ал биылғы турнирді ерекше атап өтуге болады. Жыл өткен сайын жарыстың ауқымы кеңейіп, қатысушы командалар саны артып келеді. Қазір тек аудан, облыс көлемінде ғана емес, Алматы, Қонаев қалаларынан арнайы келіп жатқан командалар бар. Бұл – турнирдің деңгейі өсіп, беделі артқанын көрсетеді. Биылғы жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге де, қатысушыларға да үлкен әсер қалдырды. Ал өзім 2021 жылдан бері «Ерсұлтан» командасын құрып, бүгінде әуесқой футболда жүлделі орындарға ие болып жүрміз»,- дейді.

ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛҒА КЕРЕК. Талдықорғанға келсеңіз, әуесқой лигаға көз салсаңыз Медет Исановты (1989 жылы 3 желтоқсанда Семейде дүниеге келген) көріп, ойынына оң баға берер едіңіз. Алаңның кез келген нүктесінен табыла кетіп, қарсыласын қапы қалдырып кететін жылдам, әрі допты икемге шебер бағындыратын жан Жетісудағы әуесқой лигада өз есімін қалыптастырған. Үнемі жеңімпаз командаларда ойнайды.
— Әр түрлі чемпион командалардың сапында ойнау бақыты бұйырды, ол да үлкен тәжірибе берді. Әуесқой футболдың өзі бәсеке мен жауапкершілікті талап етеді, сондықтан әр матчта барымды салып ойнауға тырысамын. Кәсіби футболға қадам жасап көргенмін. Ол кезде бәрі оңай емес екенін түсіндім: тәртіп, талап, күнделікті жаттығу, бәсеке өте жоғары деңгейде. Белгілі бір себептермен ол жолды жалғастыру мүмкін болмады, бірақ сол тәжірибе мені футболшы ретінде де, адам ретінде де шыңдады. Жетісудағы әуесқой лиганың деңгейі жылдан жылға өсіп келеді деп айтуға болады. Қазіргі таңда көптеген командаларда тәжірибелі, кезінде кәсіби деңгейде ойнаған ойыншылар бар. Ойын қарқыны, тактикалық сауаттылық, ұйымдастыру жағы бұрынғыдан әлдеқайда жақсарған. Дегенмен, бүгінгі әуесқой футболда жетіспейтін тұстар да бар. Ең алдымен, тұрақты қаржыландыру мен сапалы инфрақұрылым мәселесі сезіледі. Кейбір алаңдардың жағдайы, төрешілік деңгейі, медициналық қамтамасыз ету толық көңілден шықпай жатады. Сондай-ақ жас ойыншыларды жүйелі түрде дамытуға арналған академиялар мен жобалар аз. Осы мәселелер шешімін тапса, әуесқой футболдың деңгейі одан әрі жоғарылай түседі деп ойлаймын, — дейді Медет Саматұлы.

Нұрай Саматқызы

ҚЫЗДАР ФУТБОЛЫ. Қазақстан әйелдер лигасындағы ең жас команданың бірі «Жетісуда» доп тебетін Нұрай Саматқызы (2006 жылы 25 қаңтарда дүниеге келген) қорғаушы есебінде былтырғы ел чемпионатында 22 ойынға қатысты. Жалпы елімізде қыздар футболы енді қарқын алып, нәтиже шығарып келеді. Исановтар әулетінің кенже қызы Нұрай Саматқызының футболды таңдап, жасыл алаңда доп теуіп жүруі кездейсоқтық емес екені белгілі. Біз өз тарапымыздан көкейде жүрген сауалдарымызды қойдық, ал болашағынан мол үміт күттіретін Нұрай қысқаша жауап берді.
— Ағаларымның барлығы футбол ойнайтын, мен де солармен бірге кішкентайымнан доп қуалап өстім. 2019 жылы қаламызда қыздар командасы ашылған кезде қатты қуанып, ойланбастан жазылдым. Сол сәттен бастап футбол менің өмірімнің ажырамас бір бөлігіне айналды. Қазіргі таңда бұл мен үшін ерекше әрі ең сүйікті спорт түрі. Барлық ағаларым әр ойынымды бақылап, ақыл-кеңестерін беріп, үнемі қолдау көрсетіп отырады. Ал Мади ағаммен жеке жаттығулар жасап, ол маған доп тебудің дұрыс техникаларын көрсетіп, үйретті. Осындай қолдаудың барына әрдайым қуанамын әрі отбасымның үмітін ақтауға бар күшімді саламын.
   «Футболшы боламын» дегенде басында бәрі таңғалды. Себебі біздің ортада «футбол — қыздардың спорты емес» деген көзқарас қалыптасқан. Алғашында әкем қарсы болды, қажет емес деп ойлады. Бірақ мен басқа қалаларға Қазақстан чемпионаттарына қатыса бастаған кезде, олар толықтай қолдау көрсете бастады. Қазір бұл көзқарас та біртіндеп өзгеріп келеді. Қазіргі таңда мен кәсіби футболшымын, «Жетісу» футбол командасының намысын қорғаймын. Болашақта басқа қалалардан, тіпті шетелдік клубтардан шақырту алуды армандаймын. Ең басты мақсатым — Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ойнау, — дейді Нұрай Саматқызы.

ФУТЗАЛ. «Жетісу» футзал клубы биыл жергілікті жас ойыншыларға басымдық беріп, ел чемпионатында сынға түсіп жатыр. Қатарда Мейір Саматұлы да бар. Білікті бразилиялық маман Биро Жаде жаттықтыратын команда жастығына қарамастан, тәжірибелі қарсыластарына тойтарыс беріп жүр. Мейірге де сұрақ қойдық.
— Футзалға ең қажет үш қасиет, менің ойымша, жылдам ойлау, төзімділік және командалық рух.. Биро Жаде өте тәжірибелі және білікті маман. Ол кісіден ең алдымен тәртіппен тактикалық сауаттылықты үйреніп жатырмын. Бапкер әр ойыншының күшті және әлсіз тұстарын байқап, жеке-жеке бағыт береді, бұл кәсіби өсуге үлкен әсер етеді. Жастар құрамасындағы (U 19) негізгі ойыншылардың бірімін. Алаңға әр шыққан сайын жауапкершілікті сезінемін. Матч алдындағы ең бірінші ойым — «командам үшін барымды салу». Өзімді қолға алу үшін алдын ала психологиялық тұрғыда дайындалып, жылдам қимыл жасауға және концентрацияны сақтау керек екенін еске аламын. Жаттығулар мен визуализация көмектеседі. Болашақ жоспарға келетін болсақ, ең алдымен ұлттық құрамаға шығу басты мақсат. Сонымен қатар, кәсіби деңгейде ойнау және тәжірибе жинау арқылы өз ойынымды шыңдауды қалаймын, — деді өз сөзінде жас ойыншы.

БАСҚА ҚАЛАДА АЛҒАШ РЕТ. Былтырғы маусымда «Жетісу» футзал клубының сапында айрықша ойынымен көзге түсіп, талай маманның көзіне іліккен Мади Саматұлы биыл ел чемпионатында «Бәйтерек» сапында ойнап жүр. Бұл жөнінде Мади:
– Иә, «Жетісудан» кейін басқа командаға ауысу мен үшін жаңа кезең болды. Шынымды айтсам, бұл – менің алғаш рет өзге қалада тұрып, сол жақтың командасында ойнауым. Алғашқы күндері жаңа орта, жаңа талап, басқа ойын стиліне үйренісу оңай болған жоқ. Бірақ команда өте жақсы қабылдады, жігіттер қолдау білдіріп, тез сіңісіп кетуіме көмектесті. Қазір өзімді алаңда да, алаңнан тыс та еркін сезінемін. «Жетісу» футзалының болашағына келсек, мен оны өте жақсы бағалаймын. Бұл өңірде футзалға қызығушылық жоғары, талантты жастар көп. Егер жүйелі жұмыс жалғасып, инфрақұрылым мен жастарды дамытуға көбірек көңіл бөлінсе, «Жетісу» алдағы жылдары ел футзалына талай мықты ойыншы сыйлайды деп сенемін. Ал ұлттық құрамада ойнау – әр футболшының арманы, мен үшін де басты мақсаттардың бірі. Сол мақсатқа жету үшін күнделікті өз-өзіммен жұмыс істеп жүрмін. Әр ойында өзімді көрсетуге, командаға пайда әкелуге тырысамын. Ең бастысы – еңбектену. Уақыты келгенде еңбектің жемісі де болады деп сенемін, —дейді.

Исановтар әулеті

Футболшылармен жеке-жеке танысып, мақсатын білгеннен кейін ортақ сұрақтар қойып, оған өздері кезек-кезек жауап берді.

–  Отбасымен бірге футбол ойнаудың ең үлкен пайдасы қандай?
– Отбасымен бірге футбол ойнаудың ең үлкен пайдасы — бірлік пен байланыс. Бір алаңда бірге ойнау арқылы отбасы мүшелері бір-бірін жақсырақ түсінеді, арадағы сенім мен сыйластық нығаяды. Бұл жай ғана спорт емес, ортақ эмоция, ортақ қуаныш пен естелік. Сонымен қатар, футбол отбасында салауатты өмір салтын қалыптастырады. Балалар кішкентайынан қозғалысқа, тәртіпке, жеңіске ұмтылуға үйренеді. Ал үлкендер үшін бұл — денсаулықты сақтаудың әрі жастармен тіл табысудың тамаша жолы. Тағы бір маңызды пайдасы — тәрбие. Алаңда бір-біріңе қолдау көрсету, жеңісті де, жеңілісті де бірге қабылдау арқылы балалар өмірге қажетті мінез-құлықты үйренеді. Сондықтан отбасымен бірге футбол ойнау — денсаулыққа да, тәрбиеге де, отбасылық жылулыққа да үлкен үлес қосады.

– Балаларыңыздың футболға қызығушылығын қалай қолдайсыздар?
– Балаларымыздың футболға қызығушылығын ең алдымен қолдау мен үлгі көрсету арқылы арттыруға тырысамыз. Үйде футбол туралы жиі әңгіме айтылады, бірге матчтар көреміз, бос уақытта алаңға шығып, доп теуіп ойнаймыз. Бұл балаларға үлкен мотивация береді. Сонымен қатар, олардың әр қадамын бақылап, қысым жасамауға тырысамыз. Футболды міндет емес, өздері сүйетін ойын ретінде қабылдасын дейміз. Жаттығуға барып жүрген кезде қолдап, жарыстарына барып жанкүйер боламыз, жеңілсе де, жеңсе де рухын түсірмей, сенім білдіреміз. Ең бастысы — балалардың футбол арқылы тәртіпті, еңбекқор, жауапкершілігі бар азамат болып өсуі. Кәсіби деңгейге жетсе – қуаныш, жетпесе де спортпен өскені өміріне үлкен пайда әкеледі деп ойлаймыз.

– Футбол сіздердің күнделікті қарым-қатынастарыңызға қалай әсер етті?
– Футбол біздің күнделікті қарым-қатынасымызға өте оң әсер етті. Ең алдымен, ортақ тақырып пен ортақ қызығушылық пайда болды. Күнделікті өмірде де футбол арқылы бір-бірімізбен жиі сөйлесіп, ой бөлісіп отырамыз, бұл арадағы байланысты күшейтеді. Сонымен қатар, футбол бізді тыңдауға және түсінуге үйретті. Алаңда қалай бір-бірімізге сеніп ойнасақ, өмірде де солай қолдау көрсетуді үйрендік. Жеңіс қуанышын бірге бөлісу, жеңілісті бірге қабылдау сабыр мен бірлікті арттырды. Тағы бір маңыздысы – футбол тәртіп пен жауапкершілікке баулыды. Сол қасиеттер күнделікті қарым-қатынаста да көрініс табады: бір-бірімізді сыйлау, уақытты бағалау, ортақ шешімге келу. Сондықтан футбол біздің отбасымызды тек спорт арқылы емес, рухани тұрғыда да жақындата түсті.

– Жаттығу мен отбасылық уақытты қалай үйлестіресіздер?
– Жаттығу мен отбасылық уақытты үйлестіру – оңай емес, бірақ ең бастысы дұрыс жоспарлау мен түсіністік деп ойлаймыз. Күн тәртібін алдын ала белгілеп, жаттығу уақыты мен отбасыға арналған уақытты тең ұстауға тырысамыз. Отбасымыз футболдың өміріміздегі орнын жақсы түсінеді, сондықтан қолдау әрдайым бар. Бірақ сонымен бірге, жаттығудан тыс кезде бар назарымызды үйге, балаларға, жақындарымызға бөлуге мән береміз. Сол уақытты сапалы өткізуге тырысамыз: бірге серуендеу, әңгімелесу, балалармен ойнау. Ең бастысы — тепе-теңдікті сақтау. Футбол қанша маңызды болса да, отбасы бірінші орында тұрады. Ал отбасының қолдауы бар жерде спорттағы нәтиже де жақсы болады деп сенеміз.

– Жеңіс пен жеңілісті отбасында қалай қабылдайсыздар?
– Жеңісті, әрине, қуанышпен қабылдаймыз, бірақ шектен тыс мақтанға берілмеуге тырысамыз. Ал жеңілісті өмірдің бір бөлігі ретінде қабылдап, одан сабақ алуға мән береміз. Отбасында бір-бірімізді қолдап, «жеңілсең де жалғыз емессің» деген түсінік қалыптасқан.

– Футбол арқылы балаларыңыз қандай өмірлік құндылықтарды үйреніп жүр деп ойлайсыз?
– Футбол арқылы балалар ең алдымен тәртіпті, еңбекқорлықты, жауапкершілікті үйреніп жүр деп ойлаймыз. Сонымен қатар, командада ойнау бірлікті, өзгені сыйлауды, жеңіске ұмтылуды және жеңілісті дұрыс қабылдауды үйретеді. Бұл қасиеттер өмірде де өте қажет.

– Отбасымен бірге болған ең есте қалған футбол сәті қандай?
– Ең есте қалған сәттердің бірі — барлығымыз бір команда болып, достық матчқа қатысқан кезіміз. Сол ойында нәтиже емес, бірге ойнап, бірге күліп, эмоция бөліскеніміз ерекше есте қалды. Мұндай сәттер отбасы үшін өте құнды.

– Футболдан тыс уақытта бірге немен айналысқанды ұнатасыздар?
– Футболдан бөлек, бірге серуендеуді, табиғатқа шығуды, саяхаттауды, отбасылық кештер өткізуді ұнатамыз. Кейде жай ғана үйде отырып әңгімелесу де біз үшін маңызды уақыт.

Саят және Медет Исанов балаларымен

– Басқа отбасыларға футболды бірге бастауды ұсынар ма едіңіздер? Неге?
– Әрине, ұсынамыз. Өйткені футбол отбасын жақындастырады, ортақ қызығушылық қалыптастырады және балаларды салауатты өмір салтына баулиды. Бұл тек спорт емес, тәрбиенің де бір жолы деп ойлаймыз.

– Отбасылық футболдың болашағын қалай елестетесіздер?
– Отбасылық футбол болашақта одан әрі дамып, дәстүрге айналады деп сенеміз. Әкеден балаға жалғасатын, денсаулық пен бірлікті нығайтатын құндылық ретінде сақталса дейміз. Ең бастысы — футбол арқылы мықты, тату отбасылар көбейсе, мақсаттың орындалғаны.

– «Бір атаның балалары доп тебеді» деген трунирлер бар, оларға қатыспадыңдар ма?
– Иә, «Бір атаның балалары доп тебеді» деген турнирлер туралы жақсы білеміз. Біз де оларға қатыстық. Шынымды айтсам, бұл турнирлер әрдайым ерекше көңіл-күймен өтеді, өйткені бауырластық рух, достық атмосфера сезіледі. Біз бұл жарыстарға екі рет қатысып, екі мәрте бас жүлде иегері атандық. Әр ойында барынша күш салдық, командалық рухымызды көрсеттік. Сол жеңістер біздің команданың өзара сенімін нығайтты және турнирдің естелікке бай сәттерін арттырды.

Футбол арқылы береке-бірлікті, тәртіппен ұстанымды көрсете білген Исановтар әулетінің келешегіне зор үмітпен қараймыз. Біз тілдескен жандардан бөлек, болашақта ел атын әлемдік сында қорғап, есімі жаһанға мәшһүр болатын талай таланттың дәл осы шаңырақтан шығатындығына сенеміз.

Серік ҚАНТАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.