Талдықорған: -7°C
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ФУТБОЛ ОЙНАҒЫМ КЕЛМЕДІ. БРАЗИЛИЯҒА БАРЫП ҚАЙТҚАН РАУАН САРИЕВ ҚАЗІР ҚАЙДА ЖҮР?

17.01.2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
ФУТБОЛ ОЙНАҒЫМ КЕЛМЕДІ. БРАЗИЛИЯҒА БАРЫП ҚАЙТҚАН РАУАН САРИЕВ ҚАЗІР ҚАЙДА ЖҮР?
WhatsAppTelegramFacebook

«Оле Бразил» жобасы аясында футбол әліппесін үйренуге Бразилияға барған алғашқы түлектердің ішінен жарқ етіп көрінген, кейіннен сол елде қалып «Ботафого» сапында доп теуіп, одан кейін елге оралғанда «Қайрат», «Ордабасы», «Жетісу» клубтарында ойнаған, өз кезегінде талантты жас саналған Рауан Сариевтен футбол жанкүйерлері бүгінде көз жазып қалғаны анық. Қазір Рауан не істеп жүр, қандай қызметте?

– Бүгінде футбол жанкүйерлері Рауанды іздейді. Қазір қайдасың, немен айналысып жүрсің?

– Бүгінде өзім туып-өскен ауылда (Алматы облысы, Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылы) 2012/13 жылдары дүниеге келген балаларды футболға дайындаймын.

– 2019 жылы «Жетісу-Б» сапында Бірінші лиганың екі ойынына шықтың, одан кейін алаңда көрмедік. Шақырту болмады ма, әлде басқа себеп болды ма?

– Шыны керек, футбол ойнағым келмеді. Жиі жарақат алдым. Әр қозғалысқа жарақатым кедергі болды. Содан кейін өзім «осымен доғарайын» деген шешімге келдім. Басқа себеп жоқ.

– 2015 жылы «Ордабасыдан» кейін төрт жыл үзіліс алып, одан кейін Бірінші лигада ойнадың. Сол аралықта өзіңді «Ақжайықпен» оқу-жаттығу жиынында болды деген, алайда көрмедік.

– Иә, оқу-жаттығу жиынына қатыстым, бірақ бірінші күні сіңірімді зақымдап алдым. Одан кейін Алматыға келіп, бірден ота жасаттым. Емделу, қайта қалыпқа келу процесі ұзақтау болды. Үзілістің төрт жылға созылғаны да, «Ақжайықта» ойнамауымның да себебі осы.

– «Жетісудың» биылғы премьер-лигадағы ойынына қандай баға бересің? Не жетпеді және қай тұсында артық болды?

– Ойындарды жібермей қарадым дей алмаймын, арасында көре алмай қалған сәттер болды. Біздің ойыншылардың барлығы жас болғандықтан тәжірибенің жетпегендігі белгілі, ал басқалардан артық тұрған тұсы – командамызда жергілікті ойыншылар көп ойнады. Жігіттерге ризамын. Ойындары жақсы. Осы қалыптан шықпау керек. Бір қазақтың баласы биікке шығып жатса, шын қуанамын. Ал биыл «Жетісуға» келген легионер ойыншылар өздерін ақтаған жоқ деп ойлаймын. Оның қасында Аслан Әділ, Рауан Орынбасар, Айбар  Жақсылықов сынды жетісулықтардың ойыны ерекше болды.

– Айбар демекші, екеуің көрші ауылдансыңдар ғой. Ұлттық құрамада да ойнап жүр. Ол жігіт туралы да айтып өтсең.

– Иә, Балпық би кентінде (ред.Алматы облысы) жаттығып жүргенде ініміз бізбен бірге доп тебетін. Қазір жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Оны қашанда қолдаймын, карьерасында үлкен жетістіктерге жете беруін тілеймін.

– «Оле Бразил» жобасы туралы да айта кетсең. Бұл жоба өзін ақтады ма?

– Ақтады деп ойлаймын. Өйткені бізбен бірге барған балалардың арасынан төрт-бес жігіт ойнап жүр. Бізден кейін де Бразилияға барғандардың ішінен әлі ойнап жүргендер бар. Енді 25 бала барса, соның 25-і де футболмен айналысып кетпейді ғой. Ішінен іріктеліп қалады, електен өтеді. Сондықтан, бұл көрсеткішті жаман деп айта алмаймын.

– Бразилияда футболдан басқа не үйрендің?

– Тілді үйрендік. Мәдениетін түсіндік.

– Бүгінде жаттықтырушымын дедің ғой. Балаларды футболға дайындауда неге мән бересің?

– Балалардың іргетасын мықтап бекіту керек. Бүгінгі жұмыс сол. Доппен техника. Алаңды доппен көре білу сияқты жаттығуларды жүргізіп жатырмын. Жаттығуда әр балаға доп беріп, оның техникасын дамытуға күш салу керек. Бес ай ішінде үлкен жетістікке жетіп жатырмыз деп айтсам, өтірік болар. Ал ірілі-ұсақты турнирлерге қатысып, өзімізді ақырын-ақырын дамыудамыз. Командамның аты – «Бақтыбай ФК». Әрқайсысынан үміт күтемін. Өзім жетпеген жетістікке солардың жетуін тілеймін.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Серік ҚАНТАЙ

Ескелді ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Онкологиялық аурулардан болатын өлім 14%-ға төмендеді

Онкологиялық аурулардан болатын өлім 14%-ға төмендеді

16.03.2026
Бұрынғы әкім қазір такси жүргізушісі болып жүр

Бұрынғы әкім қазір такси жүргізушісі болып жүр

16.03.2026
Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

16.03.2026
Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

16.03.2026
Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

16.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.