Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Ғасырдың тұңғыш чемпионы

28.09.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Ғасырдың тұңғыш чемпионы

mediabase.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Күрестегі жетістіктерді тізбелегенде грек-рим түрінен санаулы Әлем чемпионын ғана атап, көңіл шіркін құлазып қалатын. Жақсылық пен Шәмілдің, Дәулет пен Бақтиярдың інілері тұғыр биігіне көтеріле алмай келе жатқанына қынжылатынбыз. Жақында Хорватия астанасы Загребте өткен Әлем чемпионатында араға 26 жыл салып грек-рим күресінен қазақ балуаны Айдос Сұлтанғали топ жарды. Осы аралықтағы төзім мен сабырдың берік күшін жоғары бағалауға тиіспіз. Сарыла күткен алтын болған соң құнды.

– Анам жанкүйер болып аренаға келсе, қобалжып кетемін. Жеңілісімді көрсетпеу үшін барымды саламын. Ал теледидардан көрсе байыз тауып отыра алмай жанын шүберекке түйіп жанкүйер болады. Бүгінде анам алдымен нәтижесін естиді, содан барып қайталап көреді, – дейді батыр. Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауыратыны о бастан белгілі. Ана алдында абыройлы болып жүру – мәртебеңді өсіріп, мерейіңді тасытады. Бала жастан белдесуге әуес болған Айдосты анасы жаңбырдан кейін үйінің айналасындағы батпақтан арқалап өткізіп, жаттығу залына барар күре жолға дейін шығарып салған кезі аз болмаған. Төрт баласының ішіндегі жалғыз ұл болған соң назар ерекше.

– Баланы кішкентайынан спортқа бердік. Артық дүниемен миын ауыртпаймыз. Бала уақытылы демалуы керек, – дейді анасы Апиза Самилова. Баласының жетістік жолында барын беріп, жанын салған әке мен ананың қалауы орындалып, бүгінде Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанды. Ал оған дейінгі бұралаң жолдың әр қиылысынан сынып кетпей, өршелене ұмтылған балуанның төккен тер, күнделікті жұмысы ақталды. Айдос грек-рим күресіне Бағдат және Ислам есімді достары арқылы барып, 2-сыныптан бері тұрақты айналысады. Биыл 29 жасқа толған (1996 жылы 7 ақпанда Қызылордада дүниеге келген) балуан Алматыда өткен Азия чемпионатында (2021 жыл) жеңімпаз атанып, екі рет Әлем чемпионатының (Будапешт, 2018 жыл; Белград, 2022 жыл) қола медалін алған еді. Алғашқы бапкері – Ғабиден Райымбек (Қызылорда). Ал ірі жарысқа қосып, әдіс-тәсілді жетілдірген жаттықтырушысы солтүстікқазақстандық Серәлі Құсайынов. Тағы бір дерек, ХХІ ғасырдағы қазақтың маңдайына біткен күрестен үш Әлем чемпионы болса, олар өзге өңірде дүниеге келгенімен Петропавлдағы спорт мектебінде оқып, күрестің қыр-сырын меңгерді. Олар – еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы солтүстікқазақстандық Ризабек Айтмұхан (Белград, 2023 жылы), еркін күрестен жаһан жеңімпазы болған аралдық Нұрқожа Қайпанов (Тирана, 2024 жылы) және грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали (Загреб, 2025 жылы). Үшеуінің де күрес әлемінде өзіндік орны бар.

Загребте балуандарымыз шетінен қирай жеңіліп жатқанда еңсе тіктеп, көңілге қуаныш сыйлаған Айдос болды. Кілемде 60 келіде сынға түскен балуан алғашқы кездесуінде америкалық Максвелл Хоппер Блэкті (7:1), одан кейін израильдік Мелкаму Фетенені (11:2), солтүстіккореялық Се Ун Риді (1:1), жартылай финалда грузин Амиран Чавадзені (10:2) жеңіп, финалда өзбек Әлішер Ганиевті (9:0) мерзімінен бұрын ұтты. Еліміз егемендік алғаннан кейін грек-рим күресінен Әлем чемпионы болған төртінші балуан. Осыған дейін Юрий Мельниченко (Тампере, 1994 жылы; Вроцлав 1997 жылы), Мхитар Манукян (Евле, 1998 жылы; Афины, 1999 жылы) және Бақтияр Байсейітов (Евле, 1998 жылы) жеңімпаз атанған еді. Айдостың жеңісінен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде: «Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз! Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!», – деген жазба қалдырды.

Жеңісінен кейін «QazSport» арнасына сұхбат берген Айдос Сұлтанғали: «Әлем чемпионатына дайындық Шымкенттегі «Алматау» базасында өтті. Ал өзіме қиынға түскен қарсылас солтүстіккореялық балуан. Осыған дейін екі рет кездесіп 1:1 есебімен тең тұрғанбыз, бүгін жеңіс маған бұйырды. Қанша жыл алтын ала алмай келе жатқандықтан іштей «Кім бірінші чемпион болады екен?!» деген ой болатын. Ол бақ менің басыма қонғанына қуаныштымын. Осымен тоқтап қалмай, алдағы жарыстарда да жеңімпаз болу үшін барымды саламын», – деді.

Айдостың жеңісі жөнінде белгілі спорт журналисі Руслан Меделбек: «Біраз адам Әлем чемпионы қырғыз Жоламан Шаршенбеков пен Олимпиада чемпионы жапон Фумита келмеді, келсе басқаша болатын еді дер. Спорт пен жеңісте шартты рай жүрмейді. Тарихта жеңімпаздың есімі қатталады. Айдостың күресін көріп, бабы болса да бағы жетпей жүр деп ойлайтын едім. Күресі керемет! Сол күресімен бүгін алтын тұғырда. Тіліміз тасқа!», – дейді.

Айдос Сұлтанғали – қазақ спортының жаңа дәуірін ашқан балуан. Оның жеңісі күллі қазақ күресінің мерейі. Жылдан жылға басшылықтан күреске деген қолдау артып келеді. Бұл турасында журналист Аслан Қаженов: «Грек-рим күресінен ұлттық құрама дайындығына 2024 жылы мемлекет қазынасынан 417 млн. теңге бөлінген. Биыл оның көлемі 581 млн. теңгеге өскен. Ал, 2026 жылға одан да жоғары сома, яғни 673 млн. теңге қарастырылып отыр. Мұндай қолдаудан кейін, әрине, Әлем чемпионының шығуы заңдылық. Өкініштісі, күрестің басқа бағыттары аталмыш шығындарды ақтамады. Оларға да мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Министр үш күрес түріне бір жылда 3 млрд. теңге бөлінетінін айтып қалды. Бұған бір емес, бірнеше әлем чемпионын алып отыруымыз қажет қой», – дейді.

Айдостың бұл жеңісі келешек чемпиондарға жасалған бастау іспеттес болмақ. Келер әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында ел абыройын асқақтататын балуандар қатары көп болғай.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026
Қазақстан халқы бір жылда 212 мыңнан аса адамға өсті

Қазақстан халқы бір жылда 212 мыңнан аса адамға өсті

02.02.2026
Бір ойын – бір ғұмыр

Бір ойын – бір ғұмыр

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.