Атақты кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің шаршы алаңға оралатыны жөнінде кейінгі ақпарат таратушылар жиі жазып, талқыға салып жатыр. Бұл жазбаға негізінен түрткі болған белгілі инсайдер Майкл Бенсонның әлеуметтік желіде «Геннадий Головкин 13 наурыз күні Монте-Карлода швед боксшысы (тегі гамбиялық) Баду Джекпен жұдырықтасады» деген жазбасынан басталды.
Алайда кейіннен белгілі болғандай, Майкл Бенсон Twitter-дегі аккаунтын The Ring журналына сатып жіберген. Ал оның есімімен ашылған жалған аккаунттар әртүрлі алып-қашпа ақпараттар тарата бастаған.
Бұған дейін Василий Ломаченконың мансабын аяқтағаны туралы да жазған.
Головкин де бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасамады. Сондай-ақ мансабын аяқтау жайлы да айтқан емес.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





