Италияның Милан және Кортина қаласында 25-қысқы Олимпиада ойындары басталды. Бір мезетте төрт жерде қатар өткен ашылу салатанатында Қазақстан құрамасының спортшылары екі жерде бой көрсетті. Миланда туды шорт-трекші Денис Никиша, Кортинада фристайл могулдан Олимпиадаға қатысатын Аяулым Әміренова ұстап шықты,-деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Әйгілі «Сан-Сиро» стадионы ашылу салтанатының негізгі алаңы болса, Кортина-д Ампеццо, Ливиньо және Предаццо қалаларындағы алаңды қамтыды. Одан бөлек Олимпиада алауы алғаш рет екі жерде тұтанды: Миландағы Салтанат қақпасында, екіншісі Кортинадағы Piazza Dibona алаңында. Бұл Олимпиада тарихындағы ең кең географиялық аумақта ұйымдастырылған шара. Ал ашылу салтанаты «Armonia» («Үйлесім») деп аталды.
Төртжылдықтың басты жарысына 93 елден 3 мыңға жуық спортшы 8 спорт түрінен 116 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстаннан Олимпиадаға 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) қатысады.





